Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI324

Жаратылыстану пәнінен бастауыш сынып оқушыларына қашықтықтан деңгейлік тапсырмалар берудің тиімді жолдары

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мектептер түгел қашықтан оқытуға көшті. Қашықтан оқудың қиындықтарымен бірге, бірқатар артықшылықтары да барлығын жаңа тәсілге көшкен кезден бері өткен уақыт көрсетіп отыр. Мен бастауыш  пәнінің мұғалімімін. Сабақтарымда түрлі көрнекі құралдарды көбірек пайдалануға тырысамын. Ал қашықтан оқуға көшкеннен кейін сабақтарымды PowerPoint  бағдарламасы арқылы слайдсабақтар түрінде ұйымдастырып жүрмін. Оның артықшылығы сол –  тақырыпты ашатын түрлі суреттер мен кескіндемелерді, жазбаларды пайдалануға болады. 

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім беру сапалы білім беру қызметін алуда білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуді, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз етуді мақсат етеді. [1]

 

Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқыту мәселесі 

Бастауыш сыныптарды  қашықтықтан оқыту оқушылардың ғаламторды ұшқыр пайланануға үйретумен қатар ата-анасымен балаларының байланысын күшейтті. Дегенмен, бұл жүйеніңде кемшіліктері жоқ емес. Еліміздің кей аймақтарында интернет желісінің болмауына байланысты білім алушы оқушылар мен ұстаздардың  байланысқа шыға алмағандықтан қауіпке қарамай ауылдан қала асып келді. Оқушылардың басым көпшілігінде ноутбук пен сапалы смартфон кездеспейді. Сонымен қатар, бұл оқушылар білім жүйесіне арналған интернет платформасымен жұмыс жасай алмайды.

Болашаққа бет алған білім алушылардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтары мен түрлі қабілеттерінің қалыптасуы қоршаған ортасымен тікелей қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Қашықтықтан білім беру оқушылардың топпен жұмыс жасауына, қоғаммен араласуына кедергі келтіруде. Қарым-қатынастың негізгі құралы-сөйлеу. Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алуға тырысады. Тек өзі жұмыс істеген білім алушы өз ойын өзгеге білдіруге қиналып, тұйықталып қалады. 

Айтылатын ойды ауызша жеткізу әсері болғанымен, қысқа мағынада қалып қояды. Сондықтан оқушылардың білімін дамытуда бағыт бағдар бере отырып, олардың ойлау тіліне қарай дамытуға тікелей ықпал ететін әдіс-тәсілдерді жан- жақты ойластыру қажет. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру ұстаздың үлкен жауапкершілік пен шығармашылық ізденісті талап етеді.

      Қортынды:

Деңгейлеп оқыту тапсырмаларының бір ерекшелігі-оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни,жадының алуан түрлерін ( есту,көру,қимыл және т.б.),ойлауды,ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін,өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас,ойын танымдық шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға,белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды. [4]

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушының ынталандыруға;

- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен-қарапайымнан күрделіге,репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып,өз қабілеттерін,ынтасын,ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

Қортындылай келе деңгейлік тапсырамаларды қолданудың маңызы өте зор. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық,топтық-жеке және жұппен жұмыс,диспуттар,пікірта- ластар)қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Жаратылыстану бағытында алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды.

Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті болады.

Сөз сонында айтарым қашықтықтан оқыту арқылы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың денсаулығын сақтап қана қоймай, осы карантиннің созылып кетпеуіне, студенттеріміздің сапалы білім алуына зор үлесін қосып жатқан еліміздің барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін! 

Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері ұстаздар  мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты дәріс беру үрдісін қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей ұстаздың сабақ беру шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты сабақ өткізуге дағдыландырады. Сөз соңында айтарым, мұндай формат сабақ сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі оқушының да, ұстаздың  да жауапкершілігін арттырады.

272 0
ДИЛЬНАЗ НУРЛАЕВА, Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Түркістан облысы, Түркістан қаласы Ұлы дала ұстазы № 000238
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: