Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI321

Жаңартылған білім мазмұны бойынша жас ұрпақты оқу сауаттылығына дайындау мәселелері

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің. Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. 

Сауаттылық – адамның одан арғы өмірінің дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында кез-келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы. Яғни, кез-келген ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы. Біз көп жағдайда функционалды сауатсыз екенімізді қиындықпен бетпе-бет келгенде ғана сезіп жатамыз. Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін  қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.

       Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін  ала білуі

Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады.  Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. 

      Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша  оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.

Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал  –түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпіз.

       Бүгінде біз «Балалар қазір кітап оқымайды!» деп ренжиміз. «Өзіміз бала кезде кітап оқудан еш жалыққан жоқ едік!» деп өзімізді үлгі тартамыз. «Бұлар болса, күні бойы тек ұялы телефондарымен әлек болады!» деп налимыз.

      Бұлайша қынжылудың қисыны да бар. Шынымен балалар компьютер, смартфон, планшеттерге жүйрік бүгін. Қайда бармасаң да мөлшермен 10 айлық балалардан бастап ересек адамдарға дейін ұялы телефондарына ұңіліп, шұқшындап отырғандарды көресің. Көшеде құлақтарына наушниктерді тағып, қасында жоқ бәз біреулермен дауыстап сөйлесіп келе жатқан балаларды көресің.

          Қорыта келгенде, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда, мәтінмен сауатты жұмыс жасауға жетелейтін интербелсенді әдіс-тәсілдерді орынды, сауатты қолдана білу –әр педагогтың міндеті. Ендеше заман ағымынан қалмай, түрлі жаңа технологияларды меңгеріп, оқытудың интербелсенді стратегияларын үздіксіз түрленідіріп қолдану арқылы ғана жақсы нәтижелерге, көздеген мақсаттарға қол жеткізуге болады.

368 0
ТАЖИХАН МАМЕНОВА, Талғат Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Түркістан облысы, Түркістан қаласы Ұлы дала ұстазы № 000236
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: