Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI281

Қазіргі білім беру жүйесі және педагогика

Тәуелсіз  елдің биік тұғырлы болуына бірден-бір себепші ұлттық құндылықтары мен рухани  салт-сананың   сақталуы болмақ. Еліміздің өзге елдермен иық теңестірер дәрежеде  болуының   шарты да осында. Болашақ  бүгіннен басталмақ. Мағжандай  арысымыз  сеніп   кеткен жастардың  тәрбиесі мен білім қазірде, бұрында да,болашақта да   өзектілігін жоғалтпайын тақырып екені белгілі. Жалпы тәрбие отбасыдан бастау алады десек, оны  жалғар  келесі   тұлға ұстазы болмақ. Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы деп  бекер айтылмаса  керекті. Әрбір жас ұрпақтың көкейінде  елге деген отансүйгіштік қасиеті басым болып тұратын болса, онда тәуелсіз елдің болашағы жарқын болары сөзсіз.

      Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің біраз өзгешеленіп, заман  талабына  сай болып жасалынып жатқандығы, ұстаздарымызға да оқушыларымызға да біраз жауапкершілік жүктегендей. Елбасымыз өзінің халқына деген жолдауында  тікелей білім кеңістігінде болып жатқан жаңашылдарға мұғалімдер де, оқушыларда белсене ат салысуға үндейді. Ұстаздардан жаңаша әдіс-тәсілдер мен   кәсіби біліктілікті талап етеді. Әрбір ұстаз өз алдына жеке мақсат қойса,соңында  парасатты ұрпақты тәрбиелеп шығар еді. Осы білім беру жүйесі бойынша өз ұсыныстарым мен  ой - тұжырымдамаларымды  осы мақаламда жеткізсем.

Жоғарыда аталған білім берудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға жеткізіп, санасына  сіңдіру   ұстаздың басты міндеті болып отыр. Ұстаз оны балаға сіңдіреді, алайда осы жаңашылдыққа үйреніп, жетік меңгерген жағдайда ғана. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын,  оқушылармен ортақ тіл табыса алатын,  білімді, іскер, шебер болу керек.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

          Ыбырай   Алтынсарин алғаш мектеп ашқанда білім саласы қазіргідей болғаны белгілі. Алайда білім берудің кілтін тәрбие деп таныған ғалым өз еңбектерінде осы жайға көбірек тоқталған. Оның әрбір шығармасын оқи отыра бала болашаққа деген қадамдарын ойланып, саналы  тұрғыдан шешімдер қабылдайтын болады. Қазіргі білім беру жүйесі бойынша  салыстыра талдайтын  болсам,   алдымен топтық жұмыс. Бұл ынтымақтастық пен ізгілікке үйрететін бірден - бір әдіс. Адамзат қоғамы тарихымен тығыз бірлікте жасап келе жатқан жасампаз тәрбие нысаны-еңбек пен кәсіпке үйрету, оның еңбегін үнемді ету. Өзім кәсіби қазақ тілі сабақтарында бағдарлама бойынша тақырыптарды оқытқанда қазақ халқының қолданбалы өнерінің тарихы, түрлері жайында мәтіндер құрастырып, орынды пайдаланамын; халқымыздың еңбекке баулу тәсілдеріне назар аударамын; оқудың ұлттық сапасын оятумен бірге ата-бабаларымыздың қонақжайлық, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық жасау, мейірімділік, еңбекке үйрететін әділ- тәсілдерді қолданамын. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Еңбекті қадірлеу-оның шығармаларының басты тақырыбы өсиет, өнеге айта отырып, ой саларлықтай салмақ тастады. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқталып, «бағып-қағып үлкен мән бер бала тәрбиесіие» жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен парапар. «Дүнйедегі жақсы атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызда дарып, сіңеді»-деп тұкжырым жасайды. Ал бұл Ыбырай Алтынсариннің еңбектерінде өзіндік құнды ой-тұжырымдарын келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Баланы елін, жерін сүюге, қоршаған ортаны аялауға, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлттық құндылыққа лайық небір тамаша әдістері ұсынылады. Данышпан ғұлама ғалым әрбір оқушыны біртұтас жасампаз, дара тұлға деп қараған. Сондықтан жеке адамның бойынан жоғарыда айтылған адамгершілік қасиеттерінің бірі табылса, біртұтас мінез қалыптасады. Бұл үрдіс мұғалімдердің оқушыларға дұрыс, жүйелі, табанды түсіндіруімен, оқушыға дұрыс талап қоя білулерімен, жүзеге асырылады. Сонымен қатар ол ұзақ уақытты қажет етеді. Қазақ тілі сабағын үнемі ұлттық педагогикамен ұштастыруды көздейді. Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсариннің «Тәртіптің шындыққа айналуы тәртіптілік сезімін тудырады»-деген сөзі мен тәрбиелік мәндегі қолданысты аңғарамыз. Оның «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін анық қарайтын болсақ,бұл мұғалімнің қазіргі білім беру жүйесіндегі салыстырманы білім беру әдісіне тұспа-тұс болып келеді. Бай баласы мен жарлының тағдырын салыстыра отырып бала тәрбиелік жағынан ғана емес терең ойлауды,мәселені саралай білуді үйренеді. 

      Жоғарыда жазылған әдістемелер мен көркемдегіш құралдардың қазіргі білім беру жүйесінде үлкен маңызы бар екендігі айқын. Рухани жақтан кемелденуіміз үшін, ұрпақ санасы заман талабына сай таразылай алу үшін білім маңызды. Әлемдік деңгейде, әлеуметтік деңгейде, дамушы  ел   жағдайында  білім мен ғылымның мәселесі өзекті болуы шарт. Осы тұрғыдан алғанда білім беру жүйесінде біз қолданбаған оқулық,біз қолданбаған теория, практика жоқ  шығар. Карлс деп, Ньютон деп, Выгоцкий деп әлемге тарта бергенше, өзіміздің Ыбырай сынды, Абай атамыз сынды ұлы тұлғаларымыздың тәжірбиелері мен неге оқытып көрмеске. Абайдың толық адам ілімін, Ыбырайдың тәрбиелік мәндегі ертегілері мен шағын әңгімелерін оқушыға оқытып, тыңдатып, солардың еңбектерін теория деп бір бөлек қарап, практика деп бір бөлек қарап оқытатын болсақ біздің білім беру жүйемізде біршама оң өзгерістер болар ма еді. Әрбір халық өз тіліндегі, өз ойлау жүйесіндегі еңбекті оқыса, санасында неғұрлым тез сіңірілер еді. Ыбырай атамыздың христоматиясы тұнып тұрған қазақилық. Ұлттық наным-сенім. Біздің міндет сол дүниені балаға ұғындыру. Әрбір әңгімесінен бір нәрсе алу. Оқылған әрбір шығарма бір нәрсені түсіндіріп тұруы шарт. Алдымен мұны мұғалім жетік меңгерсе, оқушы тез-ақ ұғып алады. Көп дүние мұғалімге байланысты. Біз қалай көрсек оқушы солай көреді. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.  

      Қортындылай келе қазіргі білім беру жүйесі мен Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығын зерделей отырып,көптеген мәліметтерге тоқталдым. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында бұл педагогикалық идеялардың қазіргі білім беру жүйесіндегі маңыздылығы жоғары екендігін көрсеттім. Бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің  жаңа саласына жету - мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен, тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.Біз балаларға сапалы білім беру мақсатында жоғарыда атап көрсеткендей барлық әдіс-тәсілдерді осы идеяларға қатыстырып өтетін болсақ білім үлгерімі мен қатар ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелей алар едік.

2 552 0
МАҚПАЛ БИЗАҚОВА, Досбол орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Ұлы дала ұстазы № 000230
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: