Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI251

Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні

    Бала тәрбиесі – ықылым заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі. Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-жақты тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесі бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізге айналуы – ел мүддесі, заман талабы.Қазақ халқы мәдени мұраға бай екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Халқымыздың өмірінде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпаққа қалдырған үлкенде бай мұрасы – ұлттық ойындар. 

     Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез – құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлгені жөн. Баланыі ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара – бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Сондықтан ұлттық ойын балаларды тәрбиелеудің де тиімді жолы, тәрбие құралы екендігін дәлелдейді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - дейді атам қазақ. Болашақтың ірге тасы саналатын бала әуелі отбасында, содан кейін мектепке дейінгі мекемелерде, одан кейін мектепте қалыптасатыны баршамызға мәлім. Осы кезеңдегі балдырғандардың негізгі іс – әрекеті – ойын болып табылады. Ойын жәй ермек қана емес, сәбидің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарттары. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді, әрі өте байланысты. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта жетіле түседі. Сәбилерге де, үлкендерге де арналған әр түрлі ұлттық ойындар бар, олар адамның өмірінің әр кезенің қамтиды. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату ісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың көз қарасының, мінез – құлқының қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. 

    Тәрбиеші баланың орынды іс – әрекетін мақұлдай отырып азды – көпті жіберген кемшіліктерді, өздері түсініп, түзеуге бағыттай білуі тиіс. Әрбір бала өз ісімен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттері үйретуі керек. Баланаң рухани дүниесін байыта отырып, жаңа озық тәжірибелерін дер кезіңде насихаттап, оларды бойына дарыту тәрбиеші педагогтардың міндеті. Сондықтан балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінез – құлық ережерелін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамдардың іс – әркетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға тән бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады. Балалардың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең бір ұтымды әдісі. 

      Ежелден – ақ халқымыздың дәстүрлік танымында сәбилік шақты ойын баласы деп аталғаны мәлім. Бұл пікірдің заңдылығы балаңың өсіп, өркендеуі, дүниені танып білуі ойын мен байланыстылығында. Халық даналығындағы – «Ойнай білмеген, ойлайда білмейді, ойында озған өмірде де озады» - деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың ойынға деген құлқы, қарым – қатынасы, мінез – құлық көріністері олар өсіп, есейгенде де өмірде жалғаса беретініне дәйекті деректер жетерлік. Тәрбиешілер ұлттық ойындарды сабақтың барысында немесе ортасында, аяғында өткізіде Көбіне дене тәрбиесі кезінде қолданады. Сенсорлық тәрбие кезінде қыз қуу ойының кірістіріп өткізуге болады. Тақырыбы: Әр түрлі түстер. Бұл сабақта қыз балаларды бір топ, ұлдарды бір топ етіп алып, қыз қуу ойының бастадым, қай топ жақсыда, бірден жауыла берсе қыздар ұлдарды қамшымен ұрады, ал ұлдар қыздардың қолын алады. Бұл сабақта қыздар жетістікке жетті. Ұлттық ойындардың түрлері өте көп. Дене тәрбиесі сабақтарында: «Арқан тартыс», «Тенге ілу», «Алтыбақан», «Түйе мен бота» т/б ұлттық ойындарды қолданып келе жатыр. Дене тәрбиесі сабағы: 

       Тақырыбы: Бормен сызылған сызықтан шықпай жүгіру. 

       Мақсаты: Бормен сызылған сызықтан шықпай жүгіруге және жүгіруге үйрету. 

    Бұл сабақтың ортасында «Түйе мен бота» ұлттық ойының кірістіруге болады. Ол орыс халқының «Тышқан мен мысық» ойыны секілді. Бұл ойынның мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

       Бұл ойын балаларға өте ұнады. Қай сабақта болмасын ұлттық ойындарды кірістіріп ойнатуға болады.

1 348 24
Фарида Акимгалиева, БҚО әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің, «Балбөбек» бөбекжайы МКҚК меңгерушісі Ұлы дала ұстазы № 0020
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Лаззат
4 октября 2021 21:11
Было интересно почита
Венера Тлекжановна
4 октября 2021 21:21
👏👏👏керемет жумыстарынызга тек шыгармашылык,табыс саттилик тилеймин!!!!!
Фарида
Фарида
4 октября 2021 21:24
Лаззат,
Рахмет
Мөлдір
4 октября 2021 22:45
Фарида Файзрахмановна 👍👍👍👍👍Шығармашылық табыс тілеймін !
Сапарова Орынай Каршыгиевна
5 октября 2021 07:57
Сәттілік, мекемеңізге өзіңізге шығармашылық ізденіс табыстар тілеймін.
Салтанат Әділханқызы
5 октября 2021 09:01
Фарида Файзрахманова сізге шығармашылық ізденіспен толағай табыс тілеймін.
Ақторғын Саматқызы
Ақторғын Саматқызы
5 октября 2021 09:13
Ұлттық ойынның тәрбиелік мәнін дәріптегеніңіз үшін алғысым шексіз! Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойыны. Ұлттық ойынды ойнату барысында бүлдіршіндердің бойындағы жақсы қасиеттерді ашуымыз, өзіндік мінез – құлқын қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. Ұлттық ойындарды ойнату арқылы баланы тәрбиелейміз және тәрбие құралы екені дәлел. Фарида Файзрахмановна сізге зор денсаулық, жұмысыңызға табыс, мерейіңіз үстем, даңқыңыз асқақ болсын деп тілеймін💐💐💐
Мурат
5 октября 2021 09:27
Фарида 👍👍👍Дұрыс айтылған тәрбие баладан басталды . Іске сәт тілеймін.
Аксулу. Карабалина
Аксулу. Карабалина
5 октября 2021 09:41
Ұлтық ойындарды санасына сіңіріп өскен бала, өз ұлтының қадір қасиетін бала жастан сезініп ұлт жанды ұрпақ болып тәрбиеленеді. Бұл жағынан Фарида Файзрахман қызының еңбегі зор деп білеміз
Бибигуль
5 октября 2021 10:03
Еңбегіне табыс тілеймін.
Абдрахманова Гульназ
5 октября 2021 11:30
Керемет👍👍👍
Айгул Жумина
Айгул Жумина
5 октября 2021 11:45
Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні өте зор. Сіздерге рахмет балалардың үйренері көп. Ұлттық ойындар тапқырлыққа əділдікке тəрбиелейді.
Мейрамгул Лұқпанқызы
Мейрамгул Лұқпанқызы
5 октября 2021 11:45
Бала тәрбиелеуде сан қырлы әдістер өте көп. Соның ішінде ең тиімдісі-ойын. Баяндамада ойын арқылы балаларды қызықтыра отырып тәрбиелеудің жолдары анық баяндалған. Құрметті Фарида Файзрахмановна сізге шығармашылық табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін.💐💐💐
Султанова Самал
Султанова Самал
6 октября 2021 12:06
Керемет жазылған! Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Тек биіктерден көріне беріңіз!
Гулмира
Гулмира
6 октября 2021 15:23
Сәттілік шығармашылық табыс тілеймін
Алтынганым
6 октября 2021 18:13
Ұлттық ойындары аркылы бала ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болып, бойына сiнipiп оседi деп ойлаймын. С iзге сэттiлiк, шығармашылық табыс тiлей мiн!
Макала жаксы жазылган
Макала жаксы жазылган
6 октября 2021 22:12
Мақала жақсы жазылған, тәрбиелік мәні зор.
Жадыра
Жадыра
6 октября 2021 22:20
Жаксы жазылған
Айнагүл
7 октября 2021 21:44
👍👍👍керемет. Шығармашылық табыс тілеймін
Галиябану
Галиябану
7 октября 2021 21:48
Оте жаксы жазылган!Саттилик!,,👍👍👍
САУЛЕ
САУЛЕ
8 октября 2021 17:41
Ұлттық ойындар өте қажет балабақшаға
.Керемет жазылған баяндама.Фарида Файзрахмановна сізге тек сәттілік тілеймін.Ұлттық ойын ойнаған бала үлкенді сыйлауға ,үйымшылдыққа тәрбиеленеді
Асет Пралиева
Асет Пралиева
8 октября 2021 22:44
Фарида Акимғалиева еңбек жолын тәрбиешілікпен бастап, күні бүгін сүйікті кәсібін, тәрбие ұйымының шебео ұйымдастврушы басшы ретінде жалғастырып келеді. Мен осы салада ұзақ жұмыс жасаған зейнеткермін. Ұлттық педагогиканы, салт-дәстүрлерін заманауи МДТ оқыту мен тәрбиелеу стандартвна әдемі ұштастырып жүргенінің талай куәсі болғанмын. Ендеше жоғарыда аталған ұлттық, ұмытылып бара жатқан ойындарды үйрету, ұлттық сананы оятудың алғашқы баспалдағы деп бағалаймын
Жазира
9 октября 2021 22:23
Жұмысыңызға табыс тілеймін
Эльмира Жумагалиева
Эльмира Жумагалиева
11 октября 2021 19:14
Фарида апай жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Еңбегіңіз жемісті болсын.