Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI224

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту

      Қоғам талабына сәйкес, еліміздің дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «менін»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді.Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі.Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ол балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуынша «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластанаорындайды.
     Сонымен, балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойына арқылы тәрбие алады» А.С.Макаренко. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл - қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым - қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным - түсінік, мінез - құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы өзара қарым-қатынас жасауды меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын - балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады.
Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады, балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын-жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет. Ал ойындарды қолдануда бала қызығушылығы артып, талпынады. Және кезөкелген сөзді толық айтуға тырысады. Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Ойын мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай әр түрлі. Сюжетті-рольді, дидактикалық ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
       Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен араласады. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. 
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын-балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.  Бір сөзбен айтқанда,ойын баланың жан - жақты дамуын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.

564 0
ДИНАРА ҚАРАСАРТОВА, МКҚК № 26 «Үміт» балабақшасы» қазақ тілі маманы РЫСЖАН ТЛЕСОВА, МКҚК № 26 «Үміт» балабақшасы» тәрбиеші Ақтөбе қаласы Ұлы дала ұстазы № 000170
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: