Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI221

Математика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану

Бүгінгі Қазақстан бiлiм саласына ерекше мән беріп, Елбасының «Жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деген қанатты сөзiн қазiргi ұстаздардың басты кәсiби қағидасы деп таныған. Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустиралдық әлемге қарай бағытталған қоғамда өмір сүрудеміз. БҰҰ құрамындағы Халықаралық ұйымдар, Еуропаның көшбасшылары, танымал экономистер мен саясткерлер қазірдің өзінде Үшінші индустриалдық төңкеріс концепциясын ресми түрде қабылдады. Осыған байланысты, елімізде бiлiм жүйесiн жаңғыртудың жаңа алты бағытына ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді. Педагогикалық технологияпедагогикалық теорияға, әдістемелікке, мұғалімнің оқыту қызметін жоспарлауға негізделеді. Осы бағытта профессор Ж.А.Қараевтың және Ж.У.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйемен оқыту», (Ж.А. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы») және М.М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту» технологиясын қолдануға болады. Қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақты салыстырмалы талдауды зерделей отырып, сабақты жаңаша құруды үреніп, оқушыларға оқу тапсырмасын дайындап, олардың танымдық қызметін белсендіруді, білім сапасын арттыруды мақсат ету керек. Oсы мақсатқа жету үшін инновациялық технологияларды сабақта қолданып отыру керек. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан ұйымдастырылған сабақ:

1.ұйымдастыру кезеңі -2 минут,

2.жаңа ақпаратты өз бетінше меңгеру-5 минут,

3.оқу тапсырмасын орындау -30 минут,

4.сабақ қорытындысы-3 минут.

Блум таксономиясының үлгісі негізінде оқу тапсырмаларын дайындап, сабақты жоспарлау өз нәтижесін беруде. Сыныптағы оқушылардың пәнге қызушылығы артып, білімнің сапа көрсеткішіне өзгеріс енді. Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады. Іс жүзінде көріп жүргеніміздей дәстүрлі оқу жағдайында оқушылар бір-бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясын қолдану арқылы оқушыларды топаралық жұмыс жасауға, топтардың жұмыстарын баяндауға, нәтижені қорғауға, пікірталас туғызуға, талдау және қорытындылауға үйрете отырып білім беру өте тиімді. Оқушыларды топқа бөлгенде, топтың құрамында әр түрлі деңгейде оқитын оқушылардың болғанын ескеру керек. Жоғарғы деңгейде оқитын оқушылар сабақтың барысында оқушыларға көмек көрсетеді. Жаңа сабақты өткенде жетекші оқушы өзі ғана біліп қоймай, тобының жаңа сабақты меңгеруіне де ықпал жасайды. Математикалық терминдерді, ережелерді, анықтамалар мен теоремаларды толық айтып жеткізу үшін, сабақта математикалық сауатты сөйлеу мәдениетіне көңіл бөліп отыру керек. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында 8-сыныпқа «Квадрат теңдеулер» тарауын қорытындылау үшін «Білім керуені» атты театрландырылған қазақ тілі әдебиетімен кіріктірілген сабақ өткізуге болады. Сабақтың құрылымы белгілі жазушы Мұхтар Мағауинның «Аласапыран» романының желісіне негізделген. Пәнаралық байланыс оқушының сабаққа ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ең бірінші оқушы өтілген тарауды толық меңгеруі шарт, яғни оқушылар теориялық білім тұрғысынан дайын болуы керек. Сабақ өту барысында барлық сынып оқушылары қамтылады. Бұл театрландырылған сабақты өткізу үшін оқушылардың өтілген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтап, оларды топқа бөліп, әр топтан бір-бірден кейіпкерлердің рөлін білім деңгейіне сай бөлу керек.

Ойынды дайындау кезеңі:

Сценариін дайындау

Жоспар құру

Жалпы сипаттау

Мазмұнын меңгеру

Материалмен қамтамасыз ету

Ойынға кіріспе:

Проблемалық мақсат қою

Шарттарын білу

Топ құру

Ролдерді бөлісу

Регламент белгілеу

Жалпы түсінік беру

Тиісті консультация беру

(Ауыл ақсақалдары, ақжаулықты аналар, көшбасшылар, барлаушылар, мергендер.) Слайд арқылы табиғат бейнеленген суреттер көрсетіледі. Онда қыстақ, көне бұлақ, бәйтерек, төрт түлік мал, жайлау және киіз үйлер мен алтыбақан құрылған дала көрінісі. Қыстақтанжайлауға дейінгі көштің бейнесі суреттелген. Жоғарыда көрсетілген суреттерге сәйкестендіріліп сұрақтар жасырылған және әр қайсысына ұпайлар жазылған. Көш қыстақтан қозғалу үшін, барлаушылар бірінші тарауды қайталау сұрақтарына жауап береді. Мергендер аңшылыққа шығып, «Квадрат теңдеу және оның түбірлері» туралы сұраққа жауап береді. Көшбасшылар «Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы» туралы айтады. Ақ жаулықты аналар «Еру» деген - сөздің мағынасын ашып «Аман-есен еріп келесің бе?» - деген тұрғыда «Виет теоремасына» байланысты сұрақ қойып, білмегендері болса бір-біріне түсіндіреді. Ақсақалдар алқасы тарихқа көз жүгіртеді. Осы тақырыптың өмірмен байланысты математикалық ғылыми тарихи жаңалықтардың қалай ашылғанын, ғылымның дамуына, қоғамдық тәжірибенің қандай ықпалы болғанын көрнекті ғалымдардың білім қазынасына қандай үлес қосқанын білу қажет.Тақырып толық қайталанып біткеннен кейін дидактикалық материалдан деңгейлік есептер шығарылады. Сабақтың басты мақсаты: Сабақта бірлесіп жұмыс істеудің жолдарын қарастыра отырып, квадрат теңдеуді шешуді оқушыларға меңгерту. Ешкімді жолда қалдырмай аман-есен «Білім керуенін» белгіленген жерге жеткізу, ынтымақтастықты нығайту. Сабақ соңында әр топтан ерекше көзге түскен оқушылар анықталып, жинаған ұпай сандары бойынша қорытындыланып, бағаланады. Әр оқушыға педагогикалық-психологиялық әрекет жасап, адамның осы мезгілдегі көңіл-күйін сипаттауға арналған (алдын ала таратылған) дөңгелекшелер арқылы оқушының бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін, ұнатқанын анықтайтын қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелекшелерді тапсыруды талап ету керек. Мұндағы мақсат оқушының еркін ойын біле отырып, жалпы сыныптың сабаққа берген бағасын білу. 

РЕФЛЕКСИЯ

• Қызыл түс - сабақ маған жеңіл, әрі қызықты өтті берілген тапсырманы өзім ешкімнің көмегінсіз орындау.

• Жасыл түс - сабақ маған ұнады, тақырыпты меңгердім, үй тапсырмасын шығаруға сенімді болу.

• Сары түс – сабақты әліде қайталауым керек, шаршадым -дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының білім қызметкерлерінің бірінші съезінде қатысқан ЮНЕСКО өкілі К.Пауэр мырза: «Сіздер еуропалық білім мазмұнын сол күйі ала салудан аулақ болу керек, өйткені шығыстың соның ішінде қазақ халқының өзіндік ерекше ойлау қабілеті бар екендігіне көзіміз жетеді. Сіздер терең білім беру мен қатар осы ұлттық сипаттарыңызды жоғалтпауды басты мақсат етіңіздер!» - деген. Білім мен біліктілікті қалыптастыру мен бекітуді осылайша ұйымдастыру оқушыларды өзара білім сайысына түсуге, өз бетімен іздене білуге, жүйелі ойлау қабілетін дамытуға, математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы-оқытуда инновациялық технологияларды қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. АКТ-ны математика сабағында тиімді пайдалану, «Үзілістермен оқу және блум сұрақтары» әр типті сұрақтарды қолдану арқылы оқуды ұйымдастыру әдістемелік тәсілін қолдануға болады. Оған мынадай дайындық жұмыстарын жүргізуге болады:

1.Оқу үшін мәтін таңдаймын. Таңдау үшін критерилер: 

-Мәтін берілген сыныпқа мүлдем белгісіз болуы тиіс (кері жағдайда тәсілді қолданудың мағынасы мен логикасы жойылады);

-Динамикалық, оқиғалы сюжет; - Күтпеген шешім, «ашық» мәселелі мәре.

2. Мәтін алдын-ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтіннің өзінде қай жерде оқуды тоқтатып, үзіліс жасау керектігі белгіленеді: «бірінші үзіліс», «екінші үзіліс» және т.с.с.

3. Алдын ала мәтінге оқушылардың әр түрлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырып отыру керек. Сабақ жоспарын тәжірибе бөлісу мақсатында ұсынып отыру керек. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл. 

2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі. Республикалық ғылымипедагогикалық журнал. – Алматы, 2008, №11.

1 102 0
ЕСТАЕВ Д.Е. Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәні мұғалімі, ЖАНУЗАКОВА Д.Б. Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000150
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: