Оқу мақсаттары | 2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру. | ||
Сабақ 1 мақсаттары: | Барлық оқушылар үшін: Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну. Көптеген оқушылар үшін: Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау. Кейбір оқушылар үшін: ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру. | ||
Тілдік мақсаттары: | Пәндік лексика және терминология: Тұжырым, пікір, ақиқат, жалған. | ||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер. Талқылау: Саған тұжырымдардың ақиқат екенін бағалауға жиі тура келе ме? (мысалдар келтір). Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады? | |||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының иназарын өзіне аудара алады. | ||
Құндылықтар: | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, дүниетану. | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Сәлемдесу: Үлкенге де сен, Кішіге де сіз Сәлем бердік сіздерге Әдеппен біз. Оң көршіңді құшақтап, Сол көршіңді құшақтап Оң көршіңе жымиып Сол көршіңе жымиып Бүгінгі сабақ барысы Біз үлкен отбасы. Топқа бөлемін: Жануарлар суретін алып екі топқа бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Балалар біздің туған Отанымыз, туған жеріміз қай ел?
Тамаша, балалар, ал астанасы қай қала?
Енді ақын Садықбек Хангелдиннің өз Отаны туралы жазған «Бәрі менің өмірім, сен сыйлаған» деген өлеңін есімізге түсірейік. |
Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.
«Әнді жалғастыр! » Тренинг. | |
| Көңіл күйлерің қандай? Өткен сабақты еске түсіріп кетейік: Жиын туралы білетінімізді айтамыз. |
|
Жаңа білім | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру. Ынталандыру Мұғалім жануарлар әлемі туралы әңгіме жүргізеді. Сендер «Шындық пен өтірік» ойынын білесіңдер ме? Мен сөйлемдерді оқимын, ал сендер оның дұрыстығын анықтайсыңдар. Түйе – Қазақстанда кездесетін жануар. Жираф – Қазақстанда кездеспейтін жануар. Мысық – үй жануары. Белсендіру. Мұғалім тақпақ оқиды: Көшеде түтін тұр, Мұржасынан үй шығып. Шатырға шықты қасық, Үстелден құлады мысық. Бұл тақпақ шындыққа жанаса ма? Неліктен? Оларды дұрыс пікірге (тұжырымдарға) айналдырыңдар. Жауап: Көшеде үй тұр, Мұржасынан түтін шығып. Шатырға шықты мысық, Үстелден құлады қасық. Мақсат қою (проблемалық жағдаят). Сендер біздің сабағымыз неге арналатынын түсінген боларсыңдар? Оның тақырыбы қандай? Бүгінгі сабақта біз шындық, математикада оны «ақиқат» дейді, және өтірік – «жалған» деп аталатын түсініктермен танысамыз және «пікір» деген не екенін білеміз. Балалар, кім жауап береді, сөйлем дегеніміз не? Оқушылар: Мағынасы бойынша байланысып, аяқталған ойды білдіретін бірнеше сөз. (Егер мұғалім жауап алмаса немесе қате жауап алса, ол толығырақ зерттеу жүргізеді).
Ал егер «Мысық, тышқан, піл – бұлар аңдар» деп айтсақ, онда бір нәрсе түсінуге бола ма? Енді бұл сөздердің жиынтығында мағына бар ма?
Мұғалім: Математиканың да сөйлемдерге қатысы бар. Бірақ біз сұраулы және лепті сөйлемдер туралы айтпаймыз. Бізді хабарлы сөйлемдер қызықтыратын болады және мұндай сөйлемдерді біз пікір деп атаймыз. Мысалы, «Бүгін сейсенбі», «Мен жеті жастамын». Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға суретке назар аудару ұсынылады, содан кейін олар пікірлерді (тұжырымдарды) оқиды және оның ақиқаттығын анықтайды. |
Оқулық, мәтіндер. |
Негізгі бөлім | Қолдану Дәптермен жұмыс.
| Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, |
|
| түрлі-түсті маркерлер Топтық жұмысқа арналған ресурстар |
Сергіту сәті | «Ойлан тап » ойыны. |
|
Сабақтың соңы: | Ой қорытыу Қызықты тапсырма:
| Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. |
Бағалау
Кері байланыс | Білім қоржыны» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады |
Үйге тапсырма: оқулықта қалған тапсырманы аяқтау. |