Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1871

CLIL –педагогінің құзіретінің қалыптасуы мен дамуы

                                              Аңдатпа

    Бұл  мақалада Қазақстанда CLIL-педагогінің шетттілдік және  кәсіби даярлығының жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзектілігі айтылады. СLIL педагогінің құзыретінің қалыптасуы мен дамуы көптілді білім беруде басты мақсаттардың бірі. Бүгінгі күні педагогтің кәсіби шығармашылық әрекетінің нәтижесін тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын одан әрі дамытуға болатындығы белгілі. Өйткені ол дайындаған ертеңгі бәсеке қабілетті шәкірт экономика, техника, ғылым, саясат және жалпы қоғам дамуының шешуші күшіне айналатыны сөзсіз.Бұл CLIL педагогінің шеттілдік және кәсіби дағдыларын  білім жетілдіру курстарына қатысып, жүйелі дамытқан кезде ғана жүзеге асады.Сонымен қатар, мақалада  тілдік даярлау модулі мен кәсіби дайындық модулінің маңыздылығы  мен  мазмұны,   сондай-ақ  модульді  аяқтағанда   тыңдаушы  бойында  қалыптасатын   CLIL педагогінің дағдылары мен қабілеттері сөз етіледі.   

Түйін сөздер: CLIL-педагог, когнитивті -академиялық тілдік құзырет, шеттілдік кәсіби құзырет, тілдік даярлау модулі,   кәсіби дайындық модулі. 

                                  

                                                  Аннотация

     В  статье  отмечается   актуальность  иноязычной  и   профессиональной  подготовки  CLIL-педагогов в Казахстане в условиях обновленного содержания образования.

Формирование компетенции CLIL-педагога является одной из главных целей полиязычного   образования. Как известно, сегодня можно и дальше развивать качество образования посредством эффективного использования  результатов   профессиональной  творческой  деятельности   педагога.  Профессиональная иноязычная  компетенция  и   профессиональная    компетенция  осуществляется  только   в  том случае,  когда CLIL-педагог  активно   выполняет  и  развивает   свои  навыки  посетив   курсы повышения квалификации и использовав их на практике. Также,  в   статье  рассматривается  важность   и  содержание  модуля   языковой  подготовки  и модуля профессиональной подготовки которую приобретает CLIL-педагог по окончанию модуля.

Ключевые  слова: CLIL-педагог,  когнитивная   академическая  языковая  компетенция, профессиональная   иноязычная    компетенция,   модуль   языковой    подготовки,   модуль профессиональной подготовки

                                              

                                   Annotation

The  article   deals  with  the   relevance  of  the   foreign  language  and   professional  training  of CLIL teachers in Kazakhstan in conditions of updating content of education. Currently,   researchers  are  actively   exchanging  their  views   on  the methods  of   forming  foreign  language   professional  competence  and   professional  competence  of   CLIL specialists.The formation of the competence of a CLIL teacher is one of the main goals of multilingual education.  As   you  know,  today   it  is  possible   to  further  develop   the  quality  of   education  through  the effective   use  of  the   results of  the  teacher's   professional  activity.  Professional foreign language competence and professional competence are  carried  out   only  when  the   CLIL-teacher  actively  implements   and  develops  his   skills  by  attending courses and using them in practice.The importance  and  content   of  the  language   training  module  and   the  vocational  training   module that a CLIL teacher acquires at the end of the module are also considered in this article.

Keywords:CLIL-teacher, cognitive academic language proficiency, professional foreign language competence, language training module, professional training module . 

 

Кіріспе. 2016 ж. бастап  Қазақстанның жалпыға білім беру жүйесінде жаңартылған білім мазмұны енгізіле бастады. Бұл үдеріс  ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  жүргізілді.  Бағдарлама  идеясымемлекектміздің үштілді білім беру  саясатының аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015  жылғы   20  мамырдағы  бағдарламасында  Ұлт жоспары –бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жӛніндегі 100 нақты қадамының  79-шы қадамын іске асыру шеңберінде білім беру жүйесінде –жоғары сыныптар мен ЖОО-лар көшетін болды. 

Сол мазмұнда жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық циклінің төрт пәні  анықталды,   оған  сәйкес  жоғары   сыныптарда  физика,  химия,   биология,  информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту жүргізіле бастады Үштілді білім беруге кезең-кезеңмен көшу үшін  Қазақстан  Республикасының  Білім   және  ғылым  министрлігі   ағылшын  тілін  және   пәнді ағылшын  тілінде  оқыту   әдістемесін  оқыту  үшін   қолданыстағы  пән  мұғалімдерін   даярлауды күшейтілді. Мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы тілдік курстар мен біліктілікті арттыру курстарында   жалпы  білім  беретін   мектептердің  12604  физика,   химия,  биология  және   информатика мұғалімдері нӛлдік деңгеймен де, жоғары деңгейдегі тіл білімімен де оқытылды. Осы курс өткен мұғалімдердің ішінде мен де бармын . Ағылшынды өте жоғары деңгейде үйретті десе де болады.Ең алғашында 3 ай оқып , A1.A2 Beginner мен Elementary  деңгейін алып шықтым. Одан кейін араға уақыт салып , яғни 4 ай уақыттан кейін  ,B1.B2 intermediate. Upper intermediate  деңгейін алып шықтым. Осы курста базалық деңгейде функционалдық және тілдік ,грамматикалық сауаттылық ескеріліп,үйретілсе, қалған уақытта CLIL технологиясы бойынша биология пәнінен ағылшын тілін кіріктіріп оқыту үйретілді.Оқуды   2018 жылы аяқтап,оқушыларға сабақта ағылшын тілін қолдана бастадым. Алғашқы уақытта өте көп қиындықтар кездесті. Балалар алып кетуі қиын болды. Дегенмен ,уақыт өте келе терминдер мен тапсырмаларды ағылшын тілінде пайдалануға төселді.

  Қазіргіуақытта кәсіби білім деңгейі мен мүмкіндіктерін арттыру құралдарының негізі ретінде  ағылшын   тілін  меңгеру  қарастырылып   отыр.Осыған байланысты ағылшын   тілін оқытудың жаңа инновациялық технологиялары пайда болады. Осындай технологиялардың бірі –пәндік-тілдік   кіріктірілген  оқыту CLIL (Content  and  LanguageIntegratedLearning) әдістемесі.CLIL әдістемесі ағылшын тілін басқа пәндерді оқытудың құралы ретінде пайдаланады. Мысалы, оқушылардың биологияны оқу, биологиялық терминдерді  ағылшын тілінде  білу қажеттілігін қалыптастыра  отырып, бұл   өздерінің  мәдени  коммуникативтік  қабілеттерін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, ойлануға мүмкіндік береді.

Биологияны   оқытудың    дидактикалық   принциптеріне   сәйкес    жалпы   мақсаттар айқындалып,  білім   беру  мәселелерін  шешудің   әдістері  мен  құралдары   тұжырымдалады.Мектептің   қазіргі  заманғы  биологияны  оқытудың   маңызды  ерекшелігіне  қоршаған   орта  мен өзін-өзі  танудың   жалпы  адамзаттық  мәдени   құндылығын  қарастыруға  болады.   Қазіргі заманғы  дайындық  бойынша   оқытудың  белсенді  әдістері,   студенттердің  танымдық қабілеттерін  едәуір  жақсартып,   қабілеттерін  арттырады.  Заманауи   білім  беру  процесінде оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамытуға ықпал  ететін жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды қарастырмау мүмкін емес. Білім стандарты, оқу нәтижесіне жетудің жалпы бағытын  білдіретін  жүйе   ретінде  көп  пәндерді   интеграциялау  нәтижесінде  мәдени коммуникативті білімге бағыттайды.Алдағы уақытта мамандарға ғылым-білімнің интеграциясына жаңаша талаптар қояды. Практикалық тұрғыдан   алғанда,  интеграция  пәнаралық   байланысты  нығайту,  оқушыларды шамадан  тыс   жүктемеу,  пайдаланатын  ақпарат   көздерін  ұлғайтып,  оқуға   деген  ынтасын арттыру.Бүгінгі  таңда  ағылшын   тілінен  біліктіліктен  өткен   мұғалімдер  пәнді  оқыту әдістемесінде өзі пайдаланатын материалдарының мақсатын, зерттелген мәтіннің мазмұнын анықтап,  оқытуды   ұйымдастырудың  формаларын,  әр   түрлі  әдістері  мен   құралдарын пайдалана алады. Негізінен пәнді ағылшын тілінде беретін мұғалімдер ағылшын тілін жетік білуі және ағылшын тілінде ғылыми сөйлеу стиліне ерекше көңіл бөлгендері дұрыс.Мұғалімдер   оқушылардың  тілдік  деңгейін   анықтап  алғаннан кейін,  химия   пәнін  шет тілінде оқытудың әдістемелік әдістерін енгізгені жөн. Сабақта оқушыларға тілдік мақсат қою үшін, ағылшын тілі пәні менбиология пәні мұғалімі тығыз байланыста жұмыс жасауы керек. Мұғалімдердің  бұл  ынтымақтастығы  сынып   оқушыларымен  сабақ  өтуіне   жайлы  жағдай туғызады.Сабақтың қызықты өтілуі таңдау тақырыбының мақсат, міндетінің дұрыс қойылуына,материалдың мазмұнына   және  оқушылардың  пәндік,   тілдік  дайындығының  деңгейіне байланысты. Өйткені заманауи сабақ –бұл оқушы тұлғасына саналы білімді игеру, дамыту үшін, оның адамгершілік негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды Заманауи  мұғалім –оқушыларға  жаңа   білімді  өз  бетінше   ізденуге  және  игертуге бағыттайтын шығармашылық жұмыс тәсілдерін үйрететін тұлға, ал оқушы мұғаліммен бірге әр  сабақтың   мақсаты  мен  міндеттерін   орындап,  өз  жұмысының  жоспарын   анықтайды, қойылған мақсаттарға жету үшін оқу нәтижелерін таңдайды.Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту –болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік. Ғылыми техниканың дамуы адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттігін тудыруда. Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды. Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. Өз істәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын технологиялардың бірі – «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL)» қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігінің маңызы зор. Яғни сабақты жүргізу барысында оқушылар қажетті үш тілді термин сөздермен фонематикалық жаттығу орындап, бейнематериал көріп талқылап өткізу үштілді меңгертудегі коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық-технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері студенттердің қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да беруге болады, студенттер қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Осыған орай сабақ барысында қолданылатын бірнеше әдістерді атап кетуге болады.Мысалы: Stop-кадр. Видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс.Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы диалогқа тартуға болады. Сонымен қатар кадрдағы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға немесе нақты сұрақтар қою арқылы тапсырмаларды орындатуға болады. 517 Сөзді тап. Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Ойынға қатысушы қобдишадан қиынды қағаз алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек.Сөзді тапқан білім алушы  келесі сөзді түсіндіруі керек. «Суретті әңгімеле» білім алушыларға сурет көрсетіліп, әңгімелетіледі. Қажет болған жағдайда әңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады.Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін әңгіменің толық нұсқасы оқып беріледі. «Бағдаршам» әрбір білім алушыға  бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Оқытушы олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген білім алушылар  барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады. «Логикалық тізбекті ажырату» бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырылады. Сабақ барысында аталған әдіс-тәсілдерді пайдалану жеке тұлғаның бойында өз- өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзін-өзі бағалауы жоғарылайды,өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді, көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.Мен өзім осы ғылыми зерттеу жұмыстарым басталғаннан бері CLIL қолданатын сыныптарымды зерттеп ,бақылап ,олардың сабаққа ынтасын,тілді меңгеруін,қызығушылығын ,оқу дағдыларын зерттеп ,әр тоқсан ,әр оқу жылындағы өзгерістерін  кестеге көрсетілді.   

 

Сыныптар 

Оқу жылдары 

Оқу дағдысы 

Тілді меңгеру қабілеттері 

Қызығушылығы

1тоқ

2тоқ

3тоқ

4тоқ

8 б

2021-2022

Төмен 

30%

Төмен 

Қанағат  

Орташа  

Жақсы 

2021-2022

Орташа

32,2%

 Төмен 

Қанағат 

Орташа 

Жақсы 

2022-2023

Жақсы 

45%

Орташа 

Жақсы 

Жақсы 

Жақсы 

2022-2023

Орташа

50%

Қанағат 

Орташа 

Жақсы 

Жақсы 












 

Қорытынды. Пән мен тілді ұштастыра оқыту, бір жағынан алып қарағанда, білім алушыларға шет тілді игеру арқылы қажетті білім мен тілдік дағдыларды игеруге, өздерінің зияткерлік даму деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік береді, сөйтіп олардың болашақта өз білімдерін сәтті жалғастыруына, жұмысқа орналасуына, өмірлік міндет-мүдделер мен әр түрлі ахуалдардың сәтімен шешілуіне қолайлы жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, уақыттың жетіспеуі тұрғысынан да, оқылатын пән курстар контентін игеруде CLIL әдістемесін қолдану нәтижесінде туындауы ықтимал «әттеген-айларды» болдырмау тұрғысынан да шектеулер болуы, сол сияқты «тілдік кедергі» атаулы жайсыз жайттардың көрініс беруі әбден мүмкін. CLIL, кез келген педагогикалық технология сияқты, жағымды және жағымсыз жақтармен сипатталады. CLIL әдістемесін оқу жоспарлары мен оқыту формасына сәйкес іс-тәжірибеге ұтымды түрде енгізу мен қолдану, білім алушыларды лингвистикалық ортаға тарту, оқыту үдерісін жүзеге асыру және осы оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында оқытушылар тарапынан жасалатын келелі шаралар пән мен тілді ұштастыра оқытуды тиімді түрде жүзеге асырудың нақтылы көрсеткіші бола алады.

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Мектептердің оқу үдерісінде CLIL-технологияны қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 4-6 б. 2. OQU-ZAMAN қосалқы білім сайты. Биология сабақтарында функционалды сауаттылықты қалыптастыру жолдары, 2017 ж. 3. Сарсенбаева Ж. Б. Методические рекомендации по методики CLIL: учебное пособие. Уральск, 2019. – 5-7б. 4. Салехова Л.Л., Григорьева К.С., Лукоянова М.А. Педагогическая технология двуязычного обучения CLIL: учебно-методическое пособие /– Казань: КФУ, 2020. – 19 с. 5. Назарова Н.А. «Функционалдық сауаттылық деген не?». Республикалық әдістемелікпедагогикалық журнал. /Өрлеу-Шымкент, наурыз,2020 6. Моисеева Е.В., Беляева Э.П., Методика преподавания иностранных языков: учебное пособие 7. С.П. Фирсова. Предметно-языковое интегрированное обучение в высшей школе: от теории к практике: монография./ - Йошкар-Ола: ПГТУ, 2019.- 15 с 8. Торайғыров университетінің Хабаршысы, педагогикалық сериясы № 2. 2022. - Л. Ә. Ибраймова, Б. Молдағали, Ж. Н. Сүлейменова.

 

 

200 0
Бақтыбаева Айымторы Серімқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің биология мамандығының 2-курс магистранты Ғылыми жетекшісі: Атаева Гулшат Мукановна б.ғ.к ,доцент Ұлы дала ұстазы № 000801
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: