Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1840

Қол ұсақ моториканы дамыту жолдары

Психологтардың мақсаты – қоғамға  ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады.

Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс-тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқанактивті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста жәнемектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу - орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.Саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалану керек. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дами түседі.

359 0
АСИЯ АЙГАЛИЕВА, Кеңтүбек ауылының «Жұлдыз» бөбекжайының педагог – психологі Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000555
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: