Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1838

Мәтінмен жұмыста оқылым стратегияларын қолдану

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді инновацияландыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беруді дамытуды көздейді.

Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым дағдыларын дамытады. Бұл дағдылар оқушының өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолдануына; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – оқылым дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған адам ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады. 

        Әдістемелік құралды құрастырудағы мақсат:

  1. Оқылым стратегияларын қолдану бойынша жеке жұмыс тәжірибеммен бөлісу;
  2. Оқылым стратегияларының өзіндік ерекшеліктерін ашу.

      Бұл әдістемелік құралда оқылым дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Оқылымды қандай стратегиялар арқылы жүзеге асыруға болады? 5-9 сынып «Қазақ тілі» пәні оқу бағдарламасындағы «оқылым стратегияларын қолдану» бөлімшесі бойынша оқу мақсаттарын қалай жүзеге асырамыз?(тәжірибелік бөлім), Оқу барысында қандай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болады? деген сұрақтарға жауап аласыздар.

Оқылым стратегиялары

Оқылым страте-гияла-рын қолдану

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

Оқылым стратегияларын қолдану жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу,рөлге бөліп оқу

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жазу, іріктеп оқу, зерттеп оқу

Оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдану

 

Оқылымның стратегиялары:

  • Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу.
  • Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.
  • Көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу.
  • Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
  • Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
  • Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
  • Талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.
  • Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
  • Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.
  • Рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау. [2]

Мәтінге дейінгі кезеңде тілдік бірліктер мен сөйлеу үлгілерін саралау, оларды мәтін ішінде табу, болжам жасай білу қабілетерін дамытуға бағытталады: 

- мәтін тақырыбы бойынша мәтін мазмұнына болжам жасау; 

- бірінші абзацты оқып, мәтінде қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар құрастыру. 

- жаңа сөздерді оқу, түсіну, қайталап оқу; 

- сөздікпен жұмыс: түсіндірме, синонимдер сөздіктері; 

- берілген сөздерден сөз тіркестерін құру; 

грамматикалық тапсырмалар:

 - берілген сөздердің қандай сөз табына, сөйлем мүшесіне жататынын анықтау; 

- берілген сөздердің функционалдық қызметін анықтау; 

- берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табу; 

- берілген сөздерді басқа сөздермен түсіндіру; 

- берілген сөздерді мағыналарына қарай топтастыру; 

- сөйлемдердегі дұрыс қойылмаған сөздерді өз орындарына қою (пазл жинау) Мәтінмен жұмыс кезеңі:

- мәтінді оқу; 

- мәтінді түсіну; 

- мәтіннен жаңа сөздермен тіркескен сөздерді табу; 

- мәтін мазмұны бойынша бос орындарға қажетті сөздерді жазу; 

- мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттарды сәйкестендіру;

 - мәтіннің бір бөлігін беріп, жалғасын  жазғызу; 

- мәтіннің соңғы бөлігін беріп, мәтіннің немен басталғанына болжам жасату. Мәтіннен кейінгі кезең:

- мәтін мазмұны бойынша кесте толтыру; 

тест құрастыру. 

- мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қою, 

әр сұраққа екі жауап ұсыну; 

- бірнеше сөйлем беру, солардың біреуі ғана мәтін мазмұнына сәйкес келеді; - дұрыс немесе бұрыс жауаптарды анықтау; 

- екі түрлі сөйлем беріп, қай сөйлемде ақпараттың кең берілгенін анықтау;

 - мәтін ішінен бірнеше сөзді беріп, солармен сөз тіркестерін құру;

 - мәтін мазмұны бойынша түсінгенін айту; 

- бос орындарға қажетті сөздерді жазу; 

- мәтін мазмұнына байланысты берілген сөйлемдерге сұрақ қою;

 - мәтін мазмұнын ашатын тірек сөздерді табу; 

- мәтін мазмұнын әңгімелеу;

 - мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемнің жалғасын жазу;

 - мәтін мазмұны бойынша жоспар құру; 

- мәтін мазмұны бойынша семантикалық карта жасау;

 - мәтіндегі кейіпкерлерді суреттеу; 

- мәтіннен тұрақты тіркестерді табу; 

- белгіленген сөйлемнің мағынасына сәйкес мақал-мәтел мен қанатты сөздерді ажырату; 

- мәтін мазмұны бойынша рөлдік ойын ұйымдастыру; 

- мәтін мазмұны берілген нұсқалардан дұрыс жауапты табу. 

2.Практикалық бөлім

 Мәтінмен жұмыс жасау – қазақ тілі сабақтарындағы оқылым дағдысының негізі. Мәтінмен жұмыс – сабақта өткізілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығы. Оларға оқу мақсаттарына жеткізетін түрлі тапсырмаларды жатқызамыз. 

Бөлім: «Адамның сырт келбеті мен мінезі».Морфология. (5-сынып)

Қолданатын стратегиялар:

  1. Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
  2. Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.

Мәтіналды кезеңі 

1.Берілген жаңа сөздерді оқып, түсіндірмелі сөздіктің көмегімен түсінігін жазыңыз: балғын, солғын,   машығы, шолақтау.

2.Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз:

Реңі- ...түрі, өңі, ұсқын. 

Арық- ... (жүдеу, ашаң,жадау,солыңқы, қатпа)
 
3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз: солғын, бойшаң, бейнелес т.б.

  1. Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орындарына қойыңыз

    Бас құйқасы қоңыр сұйықтау көрінеді да қылаңданып шашының арасынан.

    Бейнелес ғана бойшаң өсімдік солғын өскен күн реңі көрмей.

Мәтінмен жұмыс кезеңі

  1. Бірінші азат жолды оқытып, ары қарай не болатынына болжам жасату.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.   [4]

(жалғасын айтқызу)

    Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған.

Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен күн көзінде болмағандықтың белгісі.

     Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. 

1. Мәтіннен жаңа сөздермен тіркескен сөздерді табыңыз. 

2. Мәтіннің негізгі мазмұнын білдіріп тұрған тірек сөздерді анықтап, көшіріп жазыңыз.

3. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз:

 - Абай бейнесін сипаттайтын қандай сөздер мен сөз тіркестері бар?

- Мәтінде автор күн көзінде болмаудың әсерін қандай   сөздермен сипаттайды дейді?

- Автор онымен не айтқысы келді?

Мәтіннен кейінгі кезең 

1.Мәтінде қарама-қарсы мағынадағы сөздерді тауып жаз: толық-арық, шолақ-ұзын.

2. Мәтіннен қарама-қарсы құрылымды сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Бет-бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ

3.Мәтін мазмұны бойынша бос орындарға қажетті сөздер мен тіркестерді жазыңыз:

Денесі де ..............кейіпте. ....... өскен. Қол-аяғы......... Бұрын мұрны ......... болушы еді, биыл біраз .........қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі............, бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, ................. жоқ. Толық, ............... емес. ......................., ............... құр созылған сияқты. Күн ............... реңі ............ бойшаң ғана ............бейнелес.  

Дарынды оқушылар үшін: Абайдың 18-қарасөзіне пікірін білдіруге арналған тапсырма ұсыну. 

18-қарасөз

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі. 

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық. [5]

Тапсырма: Пікіріңді жаз.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.А.Жайсанбаева. Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау дағдысын дамыту. https://bilimdinews.kz/ 

2.Оқылым стратегиялары.  https://bilimdinews.kz    

3. Е.Т.Оспанов. Оқылым түрлері. https://ppt-online.org/232287 

4. Қазақ тілі.( 5-9 сынып оқулық) 

5. Абайдың 18-қарасөзі. https://bilim-all.kz/article/2209-Qara-sozder-18-qara-soz 


6. Р.Қуанаева. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту. Орал, 2015ж.

7. М.Қуантаева. Оқу сауаттылығын стратегияларды қолдану арқылы қалыптастыру. http://gazeta.ipksko.kz     

 

3 392 0
Жантасова Гаухар Хамидуллаевна Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы КММ «Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000445
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: