Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1836

Жазғы демалыстан - жаңа оқу жылына!

        Міне жазда аяқталып, күз мезгілі таяп қалды. Күздегі күйбең тіршілік басталды деуге де болады. Қазіргі таңда әрбір ата-ананың, әрбір баланың ойында бір нәрсе, жаңа оқу жылына дайындық! Ата-ана балаларға оқу құрал-жабдықтарын, мектеп формасын, басқада қажеттіліктерін жеткізуге тырысып бағуда. Ал балалар болса; бірі асыр салып ойнап жүрген алаңсыз уақытын қимайды, бірі жаз бойы мектепке жеткенше асығып, достарын сағынғанын, санаулы күндерден соң мектепке баратынын ойлап қуанып жүр.Күздің кереметі сағынышқа толы жүректі жұлып алып, әуеде әуелете ән салдырып, көңіліңді күңірентсе де ішкі жан дүниеңе шынайы бір сезім сыйлайтынында. Күз келгенде жаңа оқу жылы басталғанымен қатар балабақшаларда да бір серпіліс болады. Балақайлар жаз бойы жазғы сауықтыру шараларымен, ертегі кейіпкерлерін сахналық көрінестерде сомдаумен айналысса,  қыркүйектен бастап оларда оқу-танымдық іс-әрекеттерін бастайды. Мектепке дейінгі алғашқы қадамдарды, жазу, сызу, сурет салу, түрлі өлеңдер, әндер жаттау деген сияқты іс-әрекеттің бастауы балабақша. Менде сол балабақшаның бір мүшесімін, мамандығым - тәрбиеші.  

Жадыраған жазды балдай тәтті балапандармен бірге ойнап-тойлап өткіздік. Енді жаңа оқу жылына жұрттың бәрі жұмыла кірісіп жатқанда қалыс қалмайық деп қызу кірісіп кеттік. Балақайлардың талабы таудай. Әрқайсысы бір әлем. Бірі суретті, бірі әнді, бірі би-билеуді, енді бірі жазу-сызуды үйренеді. Қажеттілік көп, қымбатшылық тағы бар, қаражат аз болып тұрсада күзбен бірге кіріп келетін жаңа оқу жылын жақсы ниетпен, жаңа көңіл күймен асыға күтеміз. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қабырғасында біз сабаққа шақырған қоңырау үнін естімейміз. Бірақ жаңа оқыту біз де жылды дәл осылай салтанатты түрде атап өтеміз.  Жоғарғы және дайындық топтарында «Жақында мектепке» ойын-сауықтары болады. Және олардың мұғалімдері оқу жылы әрдайым кіріспе мұғалімдер кеңесінен басталады! Жұмыс қызу жүріп жатыр! Бәрімізде бір жылда көп нәрсе жасағымыз келеді! Жылдық жоспарды, аудандық әдістемелік бірлестіктің жоспарын, бағдарламаларды  және басқа да қажетті құжаттарды бекітуді талқылауға, мен қосымша тапсырмалардың бәріне  мән   бере отырып, әріптестеріме  жаңа оқу жылында бала тәрбиелеу барысында шаршамай, жемісті еңбек етуге күш  қайрат тілеймін!

144 0
ЖАНАР АЛИМЖАНОВА, "Кәусар" бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қ. Тұрысбеков ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000662
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: