Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1835

Бастауыш сынып оқушыларының жүйелі дамуын жүзеге асыру

Елімізде білім беру деңгейін өркениетті елдер қатарына қосуды алға ұстанған реформа аясында көптеген шаралар атқарылды. Барлық мұғалімдер дайындық курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.

«Ұстаз бен оқушы бірге жетіледі: білім беру – жартылай оқумен тең» деп Ли Цзи атап өткендей жаңартылған білім беру мазмұнында мұғалім «Нені үйретемін?» дегеннен гөрі, оқушы «Нені үйренемін?» деген сауал төңірегінде жұмыс істейді. Осы тұстағы өзгерістерге тоқталатын болсақ: білім беру парадигмасы, білім берудің мазмұнының жаңаруы, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Алдымызда отырған оқушылардың бойында кең ауқымды дағдыларды сіңіруге баса назар аударылды. Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі - мұғалімнің бағыттауымен оқушының өздігінен білім алуы. Белсенді оқыту арқылы түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын оятуға болатынына көзіміз жетті.

Мұғалімдерге арналған оқу бағдарламаларында оқу мақсттары айқын және бірізділік сақталып, спиральділік қағидатты басшылыққа ала отырып берілген. Пәнді оқу нәтижесінде оқушылардың меңгерген білім деңгейі таксономиялық тәсіл (білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы) негізінде анықталады. Сондықтан әрбір сабақтың оқу мақсаттарын айқын белгілеу ұстаздар үшін өте маңызды.

Біздің қоғамымыз үшін ұлттық рух пен ұлттық мүделерді алдыңғы орынға қойып, азаматтық пен адамгершілік ұстамдарынан ауытқымауы аса маңызды. Сондықтан , тәрбиелей отырып, сапалы білім беру ұстанымын қою қажет. Біз осы мақсатты жүзеге асыру үшін — рухани – адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіруді де жолға қойып отырмыз. Сонда білім мазмұны да, құрылымы да, оқыту технологиялары да мақсатқа жетуге бағытталуына басты назар аудару керек. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген бала

«Қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» мақаласындағы жолдау мақсатының орындалуына қол жеткізе алады. Аталған бағдарламалар мазмұнын берген уақытта оқушы тек білім алып қоймайды, рухани болмысын да қалыптастырады.Жалпы алғанда әрбір пәннің бағдарлама бойынша берілген ортақ тақырып, бөлімдері және бөлімшелерін ажырата отырып, сол бөлімдегі оқу мақсаттары туралы мұғалімдерде түсінік болуы керек. Мысалы қазір өзім оқытып отырған.

1-сыныпта сауат ашу пәнінен оқушыларға тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдыларына сәйкес жұмыс жасауды жоспарлау қажет. Сонда бір сабақта бірнеше оқу мақсаттары қарастырылады. Соларды жүйелеп қолдана білу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мысалы: «Ш дыбысы және әрпін» өткен кезде мен сабағымда мынандай оқу мақсаттарын қолдандым. Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі Оқу мақсаттары:

1.2.9.1. әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2. оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.1.5.1. түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.3.11.1. сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Оқушылардың деңгей бойынша саралау мақсатында оырндайтын нақты жұмыстары көрсетіледі.

Осы мақсаттардың барлығы жұмыс жасағанда сабақ толық болады. Сабақтың мақсатына жету үшін сынып ішін шармен безендіріп, оқушыларға ширату ретінде, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін «Балалар, бүгін сынып іші ерекше. Неге олай?» деген сұрақтарға жауап алу арқылы, «Шар» деген сөзді шығарып, тақырыпқа шығамыз. Осы жерде алған қойған бірінші мақсатпен жұмыс жасау жүзеге асады.

Аудиожазбаларды тыңдау, оқулықпен жұмыс жасау арқылы екінші оқу мақсатын жүзеге асырамыз. Ал жоғарыда атап өткендей рухани – адамгершілік тұрғыда тәрбе беру үшін мәтіндегі және сыныптағы жағдайды басшылыққа алып, бүгінгі туған күн иелерін құттықтап, сабақ соңында оларға шар беру оқушыларды қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.


518 27
ГУЛЬЗАТ МУСТАФАЕВА, № 60 "Қызылқұм" ЖОМ КММ-нің 1 санатты бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округі Ұлы Дала Ұстазы № 000656
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Жадыра
15 сентября 2022 00:11
Керемет👍👍👍
Гулназ
15 сентября 2022 00:24
Білімді жастарымыз, білікті мамандарымыз коп болсын👍👍👍
Назым
Назым
15 сентября 2022 08:07
Керемет 👏🏻👏🏻👏🏻
Мейірбек
15 сентября 2022 09:29
Керемет 👍🏻👍🏻👍🏻
Маржан
15 сентября 2022 09:59
Керемет мақала керегімді түртіп алдым😍
Жаннэла
15 сентября 2022 12:29
Оте Керемет👍
Макпал
15 сентября 2022 12:30
Еңбегіңіз еленіп, биіктерден көріне беріңіз!!!
Тоты
Тоты
15 сентября 2022 12:36
Гулзат апше тек биіктен коріне беріңіз оте керемет шыгыпты макала👍 Тек сәттілік сізге 😘😘😘
Айгерім
15 сентября 2022 12:46
Керемет әпше тек сәттілік
НУРЖАН
15 сентября 2022 13:38
Оте керемет. Нагыз устаз болу-Бакыт ари абырой. Шындыгында, устаз болу онай болып корингенмен, ал нагыз устаз болу екинин биринин колынан келе бермеси анык. "Устазды алтын дингекке тенер едим"-деп улы педагог Ы.Алтынсарин айткандай, устаз жолы-киыншылыгы мен рахаты бир баска жетерлик мамандык атаулынын улысы.Урпагымыз укыпты ж/е билимди болса, болашагымыз жаркын болатынына сенемин. "Устаздык еткен жалыкпас, уйретуден балага" дегендей аркашан талмай енбек етуден жалыкпаныз! Устаздык жолынызда Сизге шыгармашылык табыс, урпагымызга сапалы тарбие мен билим беруинизге денсаулык тилеймин курметти Г.Мустафаева!
Сапура
15 сентября 2022 13:43
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз 💐❤
Мөлдір
15 сентября 2022 13:57
Гүлзат алға, сәттілік 🙏
Ербол
15 сентября 2022 13:59
Жарайсыз, күшті.Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді!
Мөлдір
15 сентября 2022 14:00
Молодец тек алға
Азимбек
Азимбек
15 сентября 2022 15:47
Апше жұмысыңыз жемісті болсын
Бексултан
15 сентября 2022 15:50
Өте керемет Мақала , жас балалар мен бүлдіршіндерге жаксы ұстаз болып жүрдің өзі керемет , артымыздағы ұрпақтарымыздың рухын көтеріп Анамен Әкеден кейін тәрбие беретін тура жолға жетелейтін ұстаздың орны бөлек .
Бека
15 сентября 2022 15:50
Тамаша👍👍👍👍👍👍👍👍
Тоты
Тоты
15 сентября 2022 16:33
тек биіктен коріне беріңіз оте керемет шыгыпты макала👍 Тек сәттілік сізге 😘😘😘
Кудайберген
15 сентября 2022 18:50
Керемет.Устаз жолындагы енбегиниз жана берсин!
Нұрсерік
15 сентября 2022 19:42
Керемет 👍👍👍👍
Ерсұлтан
15 сентября 2022 19:47
Статья өте керемет жазылған.Еңбегіңіз жана берсін.
Еромм
15 сентября 2022 19:50
Мақала керемет жазылған.Еңбегіңіз жана берсін!!
Айбын
Айбын
15 сентября 2022 20:07
Оте керемет 👍👍
Мая
Мая
15 сентября 2022 20:59
Дуниедеги мамандык атаулынын тореси -устаздык.Мугалим барлык мамандык иесин тарбиелейтин окытып уйрететин мейримди абзал жандар.Г Мустафаева устаздык жолындагы енбегиниз жана берсин
Ақарыс
15 сентября 2022 21:26
Өте керемет!
Жанболат
15 сентября 2022 21:39
Өте керемет 👏🏼👏🏼👏🏼
🔥🔥🔥
15 сентября 2022 22:46
Керемет дерский мыкты