Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1820

Мен мұғаліммін және бұл... білдіреді

Мен бастауыш сынып мұғалімімін және бұл өте маңызды әрі менің өмірімнің бір бөлігі.Балалық күннен арман болған мамандығыма жеткен күннен бастап, өз бойыма жауапкершілік, адамгершілік, сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін дарытып, дамытып келемін. Бұл қасиеттер ұстаздық жолымда менің бойымнан табылуы тиіс. 

Бастауыш сынып – болашақ ұрпақтың алғашқы баспалдағы, білімнің бастауы және қайнар көзі деп айтсам артық болмайды. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт болуы тиіс»,- деген екен Мұхтар Шаханов, бұл сөздің жаны бар, өйткені бастауыш сынып мұғалімі үнемі білім алушымен тіл табыса білуі өте маңызды. Он алты жыл бойы әр күн сайын «Бала жүрегін ашатын кілтті дұрыс таба алдым ба?» деген сұраққа жауапты жадымда ұстап келемін. Бұл сұрақтың түбінде үлкен сыр бар. Бастауыш сынып білім алушылары мектептің алғаш табалдырығын аттап, алғашқы мұғаліміне бар тәнімен сенетін ашық, жарқын тұлға. Мен сол тарыдай болып келген балғын баланың жанын, тәнін, қылығын алғашқы күннен бастап танып, қолдаушысы, жанашыры, екінші анасы болуға тырысамын. Әр баланың жүрегіне кілт тапқан кезде ғана мен оған жарқын болашаққа жол сілтеушісі, бағыттаушысы боларым мәлім.  

Әр күнім балғын, бүлдіршін балалармен кездесуден басталады. Осы үдеріс жылдан - жылға жалғасуда. Жылдар өткенімен, осы бүлдіршін балалармен өткен әр күнім балалық шаққа оралтады. Бұл ешқашан ұмытылмас балғын шақ екендігі баршаға мәлім. Бастауыш сынып мұғалімі болудың осындай бір керемет сыры бар. 

Оқушының жан – жақты дамуы, елінің сұранысына сай тұлға ретінде қалыптасуы, ең алдымен ұстаздың сабаққа дайындығынан болары анық. Сабақтың әр кезеңінде алуан жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сындарлы ойлау дағдыларын дамытуға баса назар салып, сабақ кезеңдеріне берілген уақытты реттей отырып, тиімді пайдалануды әдетке айналдырдым.   Өтілген сабақты саралау, талдау, келесі сабақ жоспарын сапалы жоспарлаудың бірден – бір құралы екендігін атап өткім келеді.

Ұстаз шеберлігі педагогикалық құралдарды меңгерген, өз біліктілігін жетілдіруге талпынған, оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін жетік меңгерген, шығармашыл тұлға болуында. Ол бәсекеге қабілетті, потенциалдық мүмкіндіктері жоғары әрі функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыра алу қасиеті дарыған тұлға болуы тиіс.

Егер мен әр білім алушының бойына адамгершілік, ынтымақтастық, ілтипаттық қасиеттерін дарыта отырып,  сындарлы, жан – жақты ойлайтын, өзгенің ойын, сынын дұрыс бағалай білетін дарынды әрі қазіргі заман талабына сай икемді тұлға қалыптастырсам, одан асқан арманым болмас еді. Мен бастауыш сынып мұғалімімін және бұл мамандықта үлкен құпия, ашылмаған сыр барын білдіреді.  

Мен мұғалімін және

Асыл жар, ана, әпке.

Әрбір күн мен үшін жүлде,

Оқушым қуантады күнде.

Бақыттымын мен бұл сәтте,

Бұл еңбек жемісін білдіреді міне!  

198 0
Бариева Зинат Согымбаевна Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» КММ бастаушы сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 000558
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: