Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1804

Инновация әлемі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. 

Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әралуандығында!». Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек . Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн .»

Анамның  тілі – аяулы үні, Анамның тілі ай-күнім менің  өмірге келгеннен  туған тілде сайрадым .  Туған жерде, туған тілім тулады.Тәуелсіз елім ,жайдарлы жерім дамып ,өрісі кеңейіп зымырандай ұшып,  уақытты жеткізбей дамып келеді.Тәуелсіз елім Қазақстанда  қазақ   ұлтынан басқа өзге ұлт өкілдері   130-дан астамы тату – тәтті бейбіт заманда, тіршілігін жасап өмір сүріп жатыр.Қазақстан елі  - зайырлы, демократиялық  ел, өзге ұлт өкілдері  өз   салт –дәстүрлерін ұстанып, өз   тілдерінде  еркін сөйлей   алатын құқықтары бар . Алайда ,мемлекеттік тіліміз қазақ тілін меңгеруіне қол ұшымызды беріп, қазақстандық этностардың қазақ тілін үйреніп алуларына себепкер болуым керек .  Қазақстан аумағында қазақ тілді мектептерімен қоса аралас мектептерде жұмыс жасайды . Қазақстан азаматтының қай тілде мектепке баратының таңдауы өз еркінде . Қазіргі таңда қазақ тілінде өзге ұлт өкілдерінің балалары, ән де айтып ,өлең де оқып таңғалдыра алады .  Өзге тілді оқытатын мектептерде қазақ халқының ана тілісі –қазақ тілін  бастауыш сыныптан бастау алып, жоғарғы буын 11-сынып оқушыларына дейін мемлекеттік тілді жетік меңгеріп шыға алады . 

    « Қазақстан  - 2050 » стратегиясында  тіл мәселесіне ерекше тоқталып көңіл бөлген .  «Біз қазақ  халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік.» деген сөздер кездесіп Тіл мен мәдениет саласының  маңыздылығын көрсеткен.  Қазіргі  жаһандану заманнында  мемлекеттік тілімізді инновациялық әдістемелер кешенің қолданып , қазақстандық этностардың балалары мен жастарына қол жетімді әдістермен , ауызекі сөйлеу стильін қалыптастырып және де нәтижелі жұмыстар атқару  қажет .  

 Инновациялық әдістерді қолдану қазақстандық этностардың балаларының және жастардың  Қазақ тілін үйреніп алуға апарар ең оңай жолы . Қазақстандық  этностардың балалары мен жастарына тілді үйретуде тіл мамандары талмай еңбек етуде . Біздің заманымызда ең бірінші талап ,  еңбек, терең білім  қажет .« Боламын деген баланың бетін қақпа , белін бу » деген аталы сөзіміз дәл бүгінгі жағдайға байланысты  айтылған екен . Технологиялар  , яғни компьютер сайрап тұрған кезде қазақ тілін тиімді жолдармен өзге ұлт өкілдеріне үйрету, әлде қайда оңайға соғатына күмәнім жоқ . 

 Жалпы инновация дегеніміз не? Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату. Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.

   Инновация қазіргі кезде білім саласына жоғары деңгейде қажет болып тұрған кез . Мектепті инновациялық үдеріссіз көз алдымызға елестетуге болмайды . Оқушылар білімді, заманауи мұғалімдерді, ұстаздарды талап етеді . Мұғалім инновациялық әдіс - тәсілдерді оқу бағдарламасының мазмұнына , мақсатына, бағдарламаны меңгеру үшін қолданады .Дамымаған , қызықтырар ештенесі жоқ ұстаз, балаға ол ең нашар ұстаз болып көрінеді .  Инновацияны әр заманда әр түрлі қолданған.Н.П.Гузик жаңашыл мұғалім 20 – жылдары мектеп тәжірибесінде үй тапсырмасын жобалау мақсатында қолданған . Инновациялық әдістер туралы ақпараттар былай дейді :  Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

- білім мазмұнындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

  1. жеке, бір – бірімен байланысы жоқ;
  2. модульдық (бір – бірімен байланысты): бір – біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар
  3. жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Инновацияның түрлері:

- модификациялық

- комбинаторлық

- түбірлі.

Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру. Мысалы. А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.

Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда.

Түбірлі – мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.

Білім беруің мемлекеттік стандартында негізінен мөлшерлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Білім беру барысында инновациялық технологиялар бар. Олар:

-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;

-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);

-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);

-тірек - схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);

-саралап оқыту;

-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

 

-модульдік оқыту (М. Жанпейісованың);

 

-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

 

   Инновациялық іс - әрекет – қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс - әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу – тәрбие жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс - әрекетін саналы түрде өзгертеді . Инновациялық процестің кезеңдері:

  1. инновацияның себептері
  2. жаңалықты жобалау;
  3. жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс - әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата – аналарды қызықтыра білген жөн. Жалпы алғанда инновация сөзі жаңашыл деп айтып кеткендей қазақ тілін оқыту барысында мұғалім жаңа бір әдіс ойлап тауып ,сыныбымен сол әдісті күнделікті қолданып , сол арқылы нәтиже шығарады . Міне , бастауыш сыныптарымен инновациялық әдістемелер кешенің қолдана отырып, қазақстандық этностардың балаларына тілді  меңгеруіне қарай жұмыс жасай бастадым . Қазақ тілінде еркін сөйлеп, сұрақ қоя алып, жауап беретін деңгейге жету үшін , балалар мен жастарға осы инновациялық әдістерді еңгізіп бастап кеттім .  Қазақ тілі сабақтарда инновациялық әдістерді қарқынды түрде қолданып , өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілімізді меңгеруді жеңілдетеді . Қазақ тілі сабақтарында компьютерлік біліктілікті қалыптастыру . Компьютерлерлді қолданып тест құрастыру, тестке жауап беру , флипчарттар құрастыру , постерлер жасау . Компьютерде қазақ тіліннен тапсырма орындау , мысалға :  қазақша сөзге жіктік жалғаулар жалғау , суреттерді бір жерден басқа жерге тартып әкеліп орыс тілінен қазақ тіліне аудару , немесе аудармасымен байланыстыру .   Заман дамуымен қоса , балаларда заманға сай машықтанады . Заман талабы дәл қазір осы инновациялық әдіс болып тұр.   Компьютер , техникаларды ұтымды   пайдалана білуді оқушыларға жастайынан үйрету керек . Техника тек ойын ойнау үшін , бейнежазба көру үшін , ән тыңдау үшін ғана керек емес  білім саласында оның ішінде қазақ тілін үйренуде таптырмас құрал .  Түрлі түсті суреттермен қатесін қате ,дұрысын дұрыс қылдырып алдына көрсетіп береді. Бұл деген оқушының , яғни бастауыш сынып балаларына өте қызық ,  естерінде сақтап қалады . Сондай - ақ тағы бір ұтымды пайдалану қарапайым  үйде тұратын теледидарымыз  осы затты тілді үйрену үшін қалай пайдалансақ болады ?  Сыныпта өткен жаңа сөздерді теледидардан көрген бетте    қайталап , құлақпен дұрыс дыбысталуын тыңда, одан кейін  дауыстап қайталап көр . Тілді үйренуде комбинаторлық инновацияның рөлі зор . Ол дегеніміз белгілі әдістерді біріктіріп ,араластырап қолдана , тілді үйрету . Инновациялық әдістертемелер кешені қазақстандық этностардың балалары мен жастарына біріге жұмыс жасауына машықтандырады . Қазақ тілінде мазмұнды ,тәрбиелі ертегілерді көрсетіп  , оқушылардың көзбен көру қабілеті арқылы  естерінде сақтап қалуына қол жеткізуімізге болады . Жаңартылған бағдарламаға сәйкес қазақ  тілін үйренуде  төрт дағды қарастырылған  оқылым ,тыңдалым , жазылым және де айтылым . Осы дағдыларды үйрену үшін , тапсырмаларын орындауда инновациялық әдістер арқылы оқушыларды жастайынан ұжымшылдыққа , біріге ақылдасуына , пікір алмасуына , тапқырлыққа , жеке тұлға ретінде қалыптасуына  әсерін молынан тигізеді .  Әдіс тәсілдерді ұтымды пайдаланып білім сапасы жоғарлап , қазақ тілін жеделдетіп меңгеріп алып шыққан оқушылар баршылық .Сабақ барысында қазақ тілінде жаңа тақырыптарды және үй жұмысын қызықты ұйымдастырып , копьютерлік заманауи құрылғыларды қоладанып саяхаттар жасауға болады . Ауызекі сөйлеуді  еркін қолдану , деңгейін жоғарлату . Ол үшін қазақ тілінде мынандай әдіс тәсілдер қолданамын.

  1. Жеке оқушымен жұмыс
  2. Топтық жұмыс 
  3. Диалог
  4. Ұжымдық жұмыс

 түрлері қарқынды орындай отырып , қазақ тілің оқушылар жеделдетіп меңгерді . Бұл әдістер сыныптағы үлгерімі төмен оқушы мен дарынды оқушы арасындағы көпірді қалыптастырады . Қазақ тілін жоғары деңгейде білмейтін оқушы компьютер тілін жақсы білетін болып, қазақ тілін білетін дарынды оқушыға көмек көрсетіп , берілген тапсырманы бірге орындап білімдерімен алмасады.Сыныптас оқушылар осылай бір -бірімен білімдерімен бөліседі.Бұл - жетістікке апарар жолым менің.

  « Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі . » Міне, бәйтерегімізді сусындатып жаң - жағында балбұлағы, оқушыларымыз нәтижесін көрсетіп, ана тілімізде сайрап жүре берсін.


Қолданылған әдебиеттер:

. ttps://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy

2. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты - "Әділет" АҚЖ (zan.kz)

3. Иманқұлова С. Жаңаша оқыту әдістемесі // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006.

4. Innovation. http://www.merriam-webster.com/dictionary/Merriam-Webster. [2010-11-05].

5. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж

6. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978.

7. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь. Гомель, 1992.
 

187 0
Жумабекова Асем Жакановна № 54 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Қарағанды қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000588
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: