Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI179

БІЗ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам

денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы

байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс

тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман əдеттерден сақтандыру, ішімдік пен

темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.

ə) дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық

қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

б) тəрбиелік: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, əдемілікке, салауатты өмір салтын

қалыптастыруға тəрбиелеу.

Сабактың əдісі: түсіндіру, тірек сызба, салыстыру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті қағаздар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Бүгінгі сабағымызды Н.Ə. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сəби əр

отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сəби халықтың болашағы, Отанының сенімді

тірегі.» Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тəрбиесі үшін маңызды мəселелер болып

табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ

халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман əдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны

кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман əдеттер деп отырғанымыз қандай əдеттер?

Шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.

«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды əдеттерден аулақ

болуымыз керек.

Кешіміздің алғашқы бөлімінде «Темекінің адам ағзасына тигізетін əсері», «Есірткінің

зардабы» атты баяндамалар оқылады.

Маскүнемдік, нашақорлық, шылымқорлықпен жеке аудан, қала не облыс бойынша күресу мүмкін

емес. Жеңіске жету үшін бүкіл қазақты көтеру керек. Барлық қазақ арақтың, нашаның, темекінің ата

жаулары екенін түсініп, оған қарсы аттандап шығуы керек. Келесі кезекте «Уланған ұрпақ өспейді»

атты көркемсөз.

Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда əлі жайнайтын, -дей отырып, «Темекі шегудің пайдасы» атты көріністі

тамашалайық.

Күтін балам алдыңда өмір сүбелі,

Ақылды алсаң тиер саған көмегі,

Ешбір затпен уламай жас денеңді,

Бағытталған мол қозғалыс керегі.

Ендеше оқушылар, келесі кезекте сергіту сəтіне кезек берейік. Ұстаздар, сіздердің де қалыс

қалмай қатысқандарыңызды қалаймыз.

Сергіту сəті:

Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын.

Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін.

Таңертеңгілік жəне кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін.

Арақты зиан дегендерекі қолын төмен түсірсін.

Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін.

Бақытты да, ұзақ жасағысы келгендер, алақандарын соқсын.

«Денсаулық-басты байлық» дегенді қолдайтындар орындарына отырсын. (рахмет)

Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен соңы оқып көрсек.

Өзімнен өзім сыр таптым, .

Өле алмай жүрген сырқатпын.

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем,

Істеген ісіме өкінем.

Ұмытайын десем қорқамын,

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

Жұмбақ кейіпкердің хаты

Қымбатты оқушылар 14 - 15жасымда үлкен бір өкінішке тап болдым. Сол 8 - 9сыныптар мен

үшін естен кетпес уақыттар. Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса

мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз. Неге енді сол 14 - 15жасым ауыр кез екенін мен

сіздерге əңгімелеп берейін. Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі

отырмын.

Мен бастауыш сыныптан бастап алғырлығымен өнерлілігім, ұшқыр білімнің арқасында көзге

түстім. Сол 6 жасымнан бастап 14 жасқа дейін білімді алғыр болып өскен оқушы 8 сыныптан бастап

мүлдем басқа адамға айналды. Күрт былай өзгеруіме себеп болған жағдай алғашқы махаббат. Мен

сыныпқа жаңадан келген бір қызға ғашық болдым, ол қыз менің сезіміме жауап қайырмаған соң мен

өмірден түңіліп, жаман жолға түсіп кеттім.

Көшедегі жаман балалармен темекі тартуды да үйреніп, кейін сабақтарға да мəн беруді қойдым.

Сөйтіп жүріп 8- сыныптың 1 тоқсанында қалай күнделігім 2 мен 3ке толып шыққаның білмей де

қалдым.

Кейін оқуға қолымды бір сілтеп, сабаққа баруымды да қойдым. Əрине, бұл менің əке - шешеме

де ауыр тиді, қанша маған сөйлеп те, ұрып та тəрбиелемекші болса да мен құлақ аспай өз білгенімді

істедім. Мектепте ұстаздар, үйде əке - шеше сөзін естімеу үшін мен үйге қонуды да қойдым. Одан арғы

өмірім өзім үшін қызық болып көрінді. Подвалда түнеп, ұрлық жасап, төбелесте алдыма жан салмай,

ішкенім арақ, шеккенім темекі болып, нашақорлық пен жұқпалы ауруға қалай тап болғанымды білмей

де қалдым.

Солай өмір зымырап өте берді. Ал мен осы өмірдің ағысына төтеп бере алмай темір тордың ар

жағынан қалай шыққанымды білмей де қалдым. Темір тордың аржағында ғана есімді жиып өкініштен

өзегім өртеніп басымды тауға да, тасқа да ұрып қалай осы күйге жеттім деп шарқ ұрдым.

6 ай темір торда отырып шығып, жаңа өмір бастауға бел будым. «Бүгінгінің баласы ертеңгінің

данасы» дегендей балалар «қамшының сабындай қысқа өмірді» бостан босқа өткізбейік, достар! Қандай

жағдай болмасын адам баласы мойымай əрқашан қиындыққа төтеп беру қажет. Оқушылар жарқын

болашаққа сеніммен қарап нық қадам басуымыз қажет. Ашуды ақылға жеңдіріп мен секілді қателікке

бой алдырмай аулақ болыңыздар.

Сұрақ:

1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің əрекеті дұрыс па?

2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?

Жағдаяттар

1-жағдаят:

Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен

жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да

солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай əдеттерін байқамапсың.

Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен

бөліс.

2-жағдаят:

Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз

онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.

Бұл жағдайдағы сіздің іс - əрекетіңіз қандай?

3-жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі

рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

4-жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен

не істер едің?

5-жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп

шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Əйтпесе. .. .. .» деп жұдырығын көрсетіп, шарт

қойды. Не істейсің?

«Денсаулық – зор байлық» сұрақ-жауап кезеңі.

1 – топқа:

1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам

еңбек етіп, жетістікке жетеді жəне жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға əрбір

адамның өзіңе ғана байланысты.

Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.

2. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

3. Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?

2 - топқа:

1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

Жеке бас гигиенасын сақтау күн тəртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс

тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды жəне ақжарқын болу.

2. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды

білесіңдер?

3. Денсаулыққа не зиян? (Күн тəртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз

əдеттерге əуес болу)

    VI. Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ

байлық па, əлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете

алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін

оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

Əсемпаз болма əрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан-деген қағиданы берік ұстап, ата-бабамыз сөз мəйегімен жеткізе білген.

Сондықтан өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгіннен бастап

қамқор болыңыздар. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты ұлы

түтінге əуес, құмар болмайық, арақ, есірткіден жанымызды аулақ ұстайық, салауатты өмір салтын

жандарыңа серік етіңіздер. Сонымен бүгінгі біздің «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты ашық тəрбие

сағатымыз осымен мəресіне жетті.

526 0
САТТИГУЛ ЕСЕНАМАНОВА, «Қарағанды мектеп-балабақша кешені» КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қарағанды ауылы Ұлы дала ұстазы № 000132
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: