Математика - ақиқат дүниесінің сандық қатынастары
мен кеңістік формалары жайлы ғылым.
Фридрих Энгельс
Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар,сол білімді алуға ынталылықты , яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру. Математиканы оқыту сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет. Пәнге деген ынтасы мен алған білімін өз бетінше дұрыс қолдана білу тығыз байланысты.Сабақ оқушы үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділіктері жоғарылап, пәнге деген ынтасы жоғары болады. Оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу- оқытудың белсенді әдістерінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Осы арада математика пәнінің күрделілігін ескере отырып, қосымша сабақтар жүргізудің тиімділігі зор. Мұғалім оқушыға тапсырма есептер беру кезінде оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілетін де назарға алады. Есептер барлық оқушыларды қызықтыратын және оның күші жетерлік шамада болуы керек. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, оларға логикалық тапсырмалар беру, сұрақтар қою, тесттік тапсырмалар құрастыру, эксперименттік есептерді шештіру, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу, ойындар мен кештер өткізу, рефераттар қорғау, ой жұмбақтар мен сканвордтар, ребустар құрастыру арқылы іске асырылады.
Өзім ұстаздық іс-тәжірибемде шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
Есептерді шешу тәсілдерінде жаңалықтар енгізуге жетелеймін.
Есепті шешу тәсілдерін ешкімнің көмегінсіз табу іскерлігін қалыптастырамын.
Ойлау амалының қысқа жолын үйретемін.
Есепті шешудің тиімді тәсілдерін іздестіріп отырамын.
Алынған нәтиженің дұрыстығын анықтай білуге дағдыландырамын.
Оқушының оқу материалын теориялық тұрғыдан терең білуін қадағалаймын.
.Пән аралық байланыспен тәрбие мәселесіне көбірек көңіл бөлемін.
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытып отыруды ойластырамын.
Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттырының бірі-оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың, ой-өрісінің белсенділігінің, ізденпаздылығың арта түсуі олардың өздігінен ізденуін, өз бетімен қортындылар жасай білу қасиеттерін дамытады. Оқушылардың оқудағы танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру
проблемаларын іс жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:
•танымдық іс әрекетінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
•танымдық іс әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру;
•іс- әрекеттердің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімде енгізу;
•оқытуға әдістемелік білім элементерін енгізу;
•іс- әрекеттерін өздігінше бақылауды дамыту.
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі-өзіндік жұмыс.Қазіргі кезде негізгі талап оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы, есептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде есеп шығару. Оқушының математика пәнін игерудегі негізгі қызметі: математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу, оларды есептер шығаруда қолдана білу, күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруы. Оқушының үй тапсырмаларын орындап отыруы – олардың есеп шығара білу дағдысын жақсартады. Математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді практикалық әдіс-тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Ғалымдардың айтуынша «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойын кезінде нашар оқитын оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Оқушы сабақта ойнап қана қоймайды, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі. Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығушылығын аттыра білуіміз керек. Ең бастысы, оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет.Сонда ғана өз қабілетінің арқасында бәсекелестікке, көшбастылыққа, түрлі байқаулар мен конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейеді. Қорыта келіп айтарым, мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет. Сонда ғана мұғалім еңбегінің нәтижесіне жете алады.