Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1771

Қазақстанның жарқын болашағы - жастар қолында

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жастар ұстаз оларды қалай тәрбиелесе,  Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. ХХІ ғасыр - әлемдік жаңалықтар мен білімнің дәуірлеу ғасыры. Жаңарған еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі әлемдегі дамыған мемлекеттердің қатарына кіру.

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан жаңа заман талабына сай  жаңа білімге  бет бұрды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп көрсетілген. Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін шешу үшін мектеп, ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс- әрекетінде қажетті өзгерістерді жаңа- әдіс тәсілдерді дер кезінде дұрыс қабылдап, іс –тәжірибесіне енгізе білу керек.

Елбасымыз   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында көрсетілген мақсатын жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде жағдай жасайтын білім жүйесін дамыту  мен мемлекеттік, жалпы ұлттық басымдылық беріп, ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылық яғни құзіреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Сол себепті, ертеңгі ел болашағы – бүгінгі жастар ретінде күтілетін нәтижелерді нақты тұжырымдаудың арқасында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталған білім беруді дамытудың маңызы зор. Қазіргі таңда білім, біліктілік, дағдыны қалыптастыратын дәстүрлі білім беру жүйесінің нәтижесі тұлғаны дамыту мен әлеуметтендіруге бағытталған білім беру жүйесіне көшу- негізгі талап және міндет.

Білім - адамның іс- тіршілігінің бастауы, бұлағы. Ол мәдениет, бақыт, байлық Білім тәрбие, болашақ, жасампаздық. Білімнің түп негізі –еңбекқорлық. Олай болса, бізге жаңа ұрпақ тәрбиесінде кешеуілдеуге болмайды. «Білім деген жеміс беретін мәуелі ағаш», оған ерінбей еңбек еткен адам ғана ие болады деп түсіндіріледі.Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамға тәлім- тәрбие беріп, еңбекке үйрететін адамды мәңгі нұрдың қызметшісі деп өте жоғары бағалаған. Оның пікірінше мұғалім мамандығының иесі барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жан болып табылады. Болашақ мамандар санасына ақыл мен тәрбиенің дәнін сіңіретін тәрбиеші, ұстаз педагогтар болып табылады. Осы тұста Әл- Фараби «Кімде- кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда келтіретін еңбекпен айналысса, сонда ғана ол нағыз ел адамы бола алады»- деген өмірлік өсиет қалдырып кетті. Ғұламаның еңбек тәрбиесі туралы көзқарастары өзінен көп кейінгі ұрпақтар еңбектерінде жалғасын тауып жатты. Олай деп тұжырым жасауымызға ұлы Абай еңбектері негіз болады. Ақын осы тұста «Кімде- кім өзі үшін ғана өмір сүрсе, өзі үшін оттаған хайуанмен тең, ал халық игілігі үшін өмір сүрсе ол Алланың сүйген құлы болады» деп айтады.

Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев «Бәсеке- басы білім» деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел болашағы жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасының үкілі үмітін ақтауға барлық күш- қуатын жұмсаған жөн. Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы- білім сапасын арттыру.

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде білім беру үрдісіне де әсерін тигізуде. «Қазақтан-2030 және білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің алдына нәтижеге бағытталған білім моделін жасауды қамтмасыз ету және оны халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды. Сондықтан білім үрдісінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, оны жан- жақты зерттеу және әлемдік деңгейге көтеру- басты міндет болып қала береді. Өйткені, егеменді еліміздің ертеңгі білім үрдісі- білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттілікті толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты білім беру үрдісінің халықаралық стандартын енгізу- аса маңызды өзекті мәселе. Білім беру үрдісінің негізгі мақсаты- біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік талаптарына сай және бәсекеге қабілетті бола алытынына жағдай жасау болып табылады.

Өркениетті елдер арасындағы бәсекелестік білім деңгейімен анықталатыны, ұлттың бәсекелестік қабілеті ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Сондықтан алдымызда тұрған ауқымды мақсат- білім беру нарығындағы бәсекеге қабілетті, жан –жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеу.

Тәуелсіздік алған жылдан бастап елімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу оны қазіргі заман талабына сай, түрлендіру, жаңарту және ұлт тәрбиесіне пайдалану жүйелі түрде қолға алынды. Соның бірі оқу орындарында арнайы бағдарламалар қабылданып жұмыс жасалуда. Көптеген қазақ халқының салт- дәстүрлері мен жол- жоралғысы, ырым- тыйымдары, жырлары мен жыр дастандары туралы кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік құралдар жарық көрді. 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы- мақсат міндеттердің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени- ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам аалдындағы борышымыз. Ал ойлы пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл- ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұзтаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал жастарды жан- жақты, қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт –дәстүрдің тәлім- тәрбиелік , білім танымдық ролі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындаға ізеттілігін,қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін- жерін отансүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.

Қазір өз ұлтының рухани қазыналарын білуге құштар, өрелі де намысты жастар көбейіп келеді.

Бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет бәсекеге қабілетті маманды даярлау болып отырған таңда ең алдымен оның тұлғалық қасиеттерін заман талабына сай қалыптастыру маңызды орынды иеленеді. Жаһандық білім кеңістігіне ену арқылы әлемдік ақпараттарды оқу мазмұнында қарастыру, ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу арқылы   білімді интеграциялау, әлемдік оқыту технологияларын жетік пайдалануға қабілеттілік бәсекеге қабілетті маман бойынан табылуға тиісті талап ретінде қойылуда. 

Әйтсе де, адамзат қоғамының қай кезеңінде болмасын  тұлға болмысы мен заманына лайықты адам тәрбиесінің моделін анықтау ғұламалар көзқарасынан тыс қалған емес. Өйткені, маманның біліктілігі мен құзіреттілігінің жоғары сапаны көрсетуі ең алдымен оның тұлғалық сапасына тікелей байланысты болмақ.

Осы тұста ғұлама әл-Фараби қоғамның өркениеті үшін қажетті тұлғаның моделі ретінде болашақ маман немесе елді соңынан бақытты өмірге жетелейтін болашақ басшы өз бойына туа біткен мынадай он екі қасиетті ұштастыра жетілуі қажет деп көрсетеді. Олар:

-адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер осы адам  бір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір істі болса, ол  мұны оп- оңай атқаратын болады;

-жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай- жапсарына сәйкес ұғып алатын болуы керек;

-әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған азамат сол белгінің ишаратын іліп  әкетерліктей  алғыр да  аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт;

-өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан- анық айтып бере алатын тілмар болуы шарт;

-өнер – білімге құштар болу, ақыл үйренуден шаршап- шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып, азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек;

-тағамға, ішімдік ішуге келгенде қанағатшыл  болуы керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт;

-шындық пен шыншыл  адамдарды сүюіп, өтірік- жалған мен суайттарды жек көру керек, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт;

-оның жаны   жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болуға тиіс;

-дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да төл нәрселеріне жирене қарап, жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көретін болуы керек, жақындарына да жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділдікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білгенінше  жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыру қажет;

-әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек, әділеттілік алдында қияс мінез көрсетіп қасарыспау керек;

-әділетсіздік пен пасықтық атулыға мүлдем рақымсыз болуы шарт, өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанша шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл ержүрек болуы керек.

Міне, осындай қасиеттер болашақ маманның бойынан табылуы арқылы оны кемеліне жеткіземіз яғни мінсіз адамды қалыптастырамыз деп тұжырым жасайды.

Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйрететін адамды мәңгі нұрдың қызметшісі деп өте жоғары бағалаған. Оның пікірінше мұғалім мамандығының иесі барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын   тынымсыз жан болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қ.Құнантаева, А.Алшымбаева, Бәсекеге қабілетті қоғамның негізі- сапалы – білім / Бастауыш мектеп-2004 № 1

2.Б.А.Тұрғынбаева, Ұстаздық шығармашылық, Алматы2007

3.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы

4.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған мемл. Бағдарлама

5.Мәдени мұра мемлекеттк бағдарламасы- Алматы Юрист, 2003-22 б

6.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы / Егемен Қазақстан 2003г

7.Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту теория және тәжірибе» Алматы 2005ж

 

 

 

594 0
Ташкараева Салима Ермековна М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Шымкент қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000751
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: