Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI174

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ/КРЕАТИВТІ ЖАЗЫЛЫМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қазіргі таңда креативті жазба деген ұғымды жиі кездестіреміз. Сөздіктерге жүгінсек «креативті» деген сөз «[англ. creative - творческий < лат. creatio (creationis) – создание/ шығармашылық/ туынды] - шығармашылық, іздену және жаңа туындымен ерекшеленетін шығармашылық» деп аударылады. Энциклопедиялық сөздікте «креативті» деген сөзді «шығармашылық, жаңашыл» және «қиял мен фантазияны тудыруға арналған» деп түсіндіреді. Бұл жазылымның кез-келген көркем және деректі шығарма, өлең сияқты түрлері өте көп. Креативті жазылымда не жазсаңызда жазылым дағдыңызды шыңдап, жаңа идеялардың туындауына ықпал етеді. Күнделікті бір нәрсені жазудан жалыққан адамдарға жаңаша серпін береді, шабыттандырады. 

Шығармашылық жазба - тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған тіл дамыту жұмыстарының бір түрібілім алушылардың тілді ерекше формада қолдануылексикалық және грамматикалық дағдыларды пайдаланыпөзіндік ойы мен қиялын көрсететін жазбаШығармашылық жазба жұмысы оқушы тарапынан ізденімпаздықты, логикалық ойлау қабілетін, ынта мен жігерді талап етеді, сондықтан да мұғалімнен әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының деңгейіне сәйкес өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытатын, шығармашылық өнімді еңбекке алып келетін, шабыт беретін ерекше шығармашылық орта қалыптастыруды, өзінің қиял ойларын көрсете алатын жазба жасауға мүмкіндік беретін арнайы әдістемелік қолдауды қажет етеді. 

Бастапқы кезеңде олардың шығармашылығын дамытуда тірек қолдау түрлері қажетмысалымақал-мәтеләнсуретфотоертегі тбКейін олардың өз қиялынан туындайтын түрлерін де пайдалануға боладыМысалы, «синквейн» бес жолды өлең, «хайку» он бір буыннан тұратын ритмикалық өлең жазу оқушының шығармашылық өлең жазу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлері

 Выготский Л.Сөзінің «Бала жасындағы қиял және шығармашылық» атты еңбегінде «шығармашылық әрекет деп адамның жаңа туынды жасау әрекеті» дейдіАвтор «шығармашылық қиял әрекеті адамның алдыңғы тәжірибесінің байлығы мен алауандығына тікелей байланысты», ол фантазияны тудыратын материал, тәжірибе қаншалықты бай болса, соншалықты қиялы да ұшқыр болады деген ой қорытады. 

Демекбала қиялын дамыту үшін оның тәжірибесін байыту керексонымен бірге қаншалықты жазба жұмыс түрлері мен тақырыптардың олардың жеке тәжірибесімен және өмірлік жағдаяттарымен байланысына да қатысты екендігін ескеру қажеттілігіАйтылымға қарағанда оқушылар жазылым барысында қиналады. Мүмкін, айтылым еркін қолайлы табиғи орта мен баланың қажеттілігіне сәйкестіктен шығар, ал жазба барысында ондай ішкі қажеттілік туындамайды, кейде неліктен жазу керек деген де ой да келеді. Ол жазылымның ерекшеліктеріне, өзіндік шартты заңдылықтарына байланысты да. Выготский аталған шығармада мектеп тәжірибесіндегі жазба жұмыстарының тақырыптарына тоқталып, олардың оқушылардың қиялы мен ішкі сезіміне қатысты еместігін сөз етеді. «Ондай педагогтар балалардың әдеби шығармашылығын дұрыс бағыттамайды, шынайы әдемілігін, өзіндік ерекшелігін, бала тілінің жарқындығын өлтіреді» деген. Сондықтан да оқушыларға оны толғандыратын, қиялын өрбітетін, өзіндік ой-толғанысын жазуға итермелейтін, оған іштей таныс және түсінікті тақырыптарды ұсыну бала шығармашылығының табысты болуының кепілі. Көбінесе оқушылар да не жазарын білмегендіктен де тапсырманы орындай алмайтындығы белгілі. Бала өзіне таныс, жақын және түсінікті нәрсе туралы жақсы жазады. Керісінше болған жағдайда «мұғалімдер олардың бойындағы жазушы болу қабілетін өлтіреді», - дейді Л.С. Выготский. 

Шығармашылық жазбалардың түрлеріне тоқталсақ. 

Журнал. Жазба жұмыстарының түрі ретінде журнал өте тиімді, себебі оның оқушының шығармашылығын дамыту үшін алуан түрлері бар. Кейде журналды күнделікпен ауыстырады. Алайда кез келген ақпаратты тіркеу жазба түрін, оның ішінде күнделік те бар, журналға жатқызуға болады. Сіздер естеліктер, мақсаттар, алғыстар журналын жүргізуіңізге болады. 

Күнделік. Бұл журналдың күнделікті өмірінде болған оқиғаларды тіркейтін ерекше түрі. Нәтижесінде адам өмірінің хроникасы жазылады. 

Эссе. Барлық эсселер шығармашылық деңгейде жазыла бермейді. Бірақ шығармашылық ойлау барысында көптеген эсселер туындауы мүмкін. Сондықтан эсселердің сипаттама, дәйектеу және т.б. түрлерін пайдалануға болады. 

Әңгімелеу. Шығармашылық жұмыстардың кеңінен тараған түріне оқиғаны әңгімелеу жатады (Storytelling). Оның әңгіме, новелла, роман түрлері бар. Әңгімелеу сол оқиға кейіпкері немесе көрген адам атынан баяндалуы мүмкін. 

Поэзия. Жоғары шығармашылық деңгейдегі жазба жұмысына жатқызуға болатын түрі. Өлең, прозалық поэзия немесе рифмаланған әңгіме жазуға болады. 

Мемуарлар. Мемуар – қысқа және нақты тақырыптардан тұратын жеке басынан өткен оқиғалар жазбасы. Мемуар тақырыптары нақты тәжірибемен байланысты, өмірбаян түріндегі жалпы өмір тарихы емес. 

Виньетка. Қысқа қарапайып форматтағы есте сақтауға тиімді жазба түрі. Бұл оқиға, әңгіме, өлең түрінде де болуы мүмкін, тек қысқалығы мен өмірбаянның нақты эпизодтарымен байланысты болуы керек. 

Хат жазу. Шығармашылық жұмыстардың ішіндегі танымал түріне жатады. Хат жазуға ынталандыратын нәрсе – ол алыстағы адаммен қарым- қатынас орнату. Егер біз оқушы бойында шығармашылықты дамытқымыз келсе, онда оның хат арқылы өзіндік пікірін, ойын жеткізуге уәжін оятуға бағыттауымыз керек. Л.С. Выготскийдің ойынша, нақты мақсатсыз немесе өмірде жоқ жандарға бағытталған хаттар жасанды және жалған болады дейді. Сондықтан, хат жазуда да мұғалім тарапынан тапсырманы жоспарлауда тиянақты қарастыру керек. 

Сценарий. Оқушылар бейнефильмдерге, телебағдарламаларға, сахна көріністеріне, тіпті компьютерлік бейнеойындарға сценарий жазу барысында да өздерінің көзқарастарын, қиялдары мен ойларын жеткізуге мүмкіндік алады, ал жазба түрі қызығушылықтарын оятуға, шабыттандыруға ықпал етеді. 

Ән мәтіні. Жазба мен музыканы кіріктіру арқылы балалардың шығармашылықтарын арттыру мүмкіндігі артады. Бұл қызықты әрі ақындық қабілетті жетілдіруге бағытталған жазба түрі. Музыкалық аспаптарды қолдану арқылы әсерлеуге де қолайлы орта тудыруға болады. 

Тілші. Журналистика саласындағы жанрлар шығармашылықты дамытудың жақсы үлгілері. Көбінесе сандық ақпараттардан тұратын жаңалықтар тілшілердің баяндауларында өз ойларымен, пікірлерімен толықтырылып, тыңдаушыларға әсер етеді. Жаңа формат оларды шығармашылық деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. 

Блог. Интернет парақшада немесе электронды бетте жазбаша қарым қатынас жасау мүмкіндігін беретін платформа. Блог беттері ашық болады, кез келген шығармашылық жазба түрлері арқылы ой пікірлермен бөлісуге болады. Оқушылардың қызығушылығын тудыру мүмкіндігі, жазба жұмысына шабыттандыруға алып келуге болады. Өздерінің қолданысындағы жазба форматы қажеттілігі арқылы мақсатқа алып келері анық. 

Еркін жазу. Таза парақ бетіне кез келген тақырып аясында жазу; әртүрлі сөздер мен сөз тіркестері, бейнелер мен образдардан құралған жазба түрі шығармашылық шегін кеңейтуге, ой ұшқырын шыңдауға батыл болуға алып келеді. 

Синквейн. Шығармашылық жазбалардың ішінде танымал түрі ретінде кеңінен қолданылады. Википедия парақшасында синквейнның тарихы XX ғасырда АҚШ ақыны Аделаида Крэпси [en] хайку және танка сияқты жапондық силлабикалық өлең миниатюраларының негізінде құрастырған деген ақпарат беріледі. Ал синкве́йн (фр. cinquains, англ. cinquain) – жапон поэзиясының ықпалымен пайда болған бес жолды өлең делінген. Кейіннен басқа елдерде дидактикалық мақсатта образды көркем тілді дамытудың әдісі ретінде кеңінен қолдана басталды. Қазіргі таңда синквейн оқушылардың маңызды ақпаратты таба алу, оның мағынасын өз түсінігі арқылы ашуға, өз ойын қорытындылауға мүмкіндік беретін біздің тәжірибеміздегі ой белсенділігін дамытатын шығармашылық еркін жазба формасы болып саналады. 

Дидактикалық синквейн жанрында өлеңнің әр қатары буыннан мазмұн және синтаксиске қарай бағытталған

1-қатар – бір сөзден тұратын синквейн тақырыбыол не туралы жазатынын анықтайдызат есім немесе есімдік болуы мүмкін

2-қатар – екі сөзден тұратын синквейн тақырыбы болған заттың сипаттамасыол сын есім немесе есімшеден тұруы мүмкін

3-қатар – үш етістіктен немесе көсемшеден тұратын заттың іс әрекеті

4-қатар – төрт сөзден тұратын сөйлем арқылы автор өзінің синквейн тақырыбы аясындағы ойын білдіреді.

 5-ші қатар – бір сөзбен синквейн тақырыбы болған заттың негізгі мән мағынасыфилософиялық қорытындысы

А.МБаннов «Учимся думать вместе» кітабында бес жолды өлең туралы былай деген: «Синквейн оқушылардың күрделі ақпараттарды синтездеу құралы ретінде пайдалыСинквейн ақпаратты қорытады, терең ойларды ашады, бірнеше сөзбен сезім мен көзқарасты жеткізеді». Алайда мұғалімдерде тек сөз бен сөйлем деңгейінде тапсырмаға мән беріліп, негізгі идеясынан ауытқуы көрініс табатындығын тілге тиек етіп, бірнеше сөзбен ауқымды ішкі ойды бейнелейтін өлең екендігіне назар аударуы қажет деп ойлаймын. Шығармашылық жазылым дағдысы оқушының дербес жазуына, түрлі жанрларда мәтіндер құрастыруына өте қажет. 

Жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша тіл пәндеріндегі оқу мақсаттарында оқушылардың шығармашылық жазылым дағдыларын дамыту қарастырылғанБұл өз тарапынан мұғалімдерден оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылығын ескеруді және ізденіс пен кәсіби шеберлікті қажет етеді. 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. –– СПб.: СОЮЗ, 1997. – 96 с 

2. Энциклопедический словарь. - Издательство «ИДДК», 2007 

3. Баннов А.М. Учимся думать вместе (материалы для тренинга учителей) / М: ИНТУИТ. РУ, 2007. – 136 с. 

4. https://ru.wikipedia.org/wiki

3 644 0
ЖАЙНАГҮЛ ЖАНСҮГІРОВА, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» Қызылорда қаласындағы филиалы, аға менеджер Ұлы дала ұстазы № 000124
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: