Бұл мақалада математика, информатика, биология сабақтарында қолданылған дифференциацияны жүзеге асырудың физиологиялық қабілеттеріне (кинестетик, аудиал, визуал, дискрет), оқу деңгейіне және арнайы қабілеттеріне қарай түрлері берілді. Пән ерекшеліктеріне қарай дифференциация әдістерін түрлендіріп пайдалануға болатындығы жайлы ақпарат бар. Пән мұғалімдері тәжірибесінен өтілген, тиімді нәтиже көрсеткен төмендегі дифференциация әдістерін өз тәжірибеңізде қолдануға ұсыныс жасаймыз.
Кілт сөздер: Дифференциация, физиологиялық қабілет, арнайы қабілет, әдіс-тәсілдер, математика, информатика, биология.
Дифференциация термині (латын тілінен аударғанда - айырмашылық) айырмашылықты білдіреді, бүтін бөлікті бөлшектерге және қадамдарға бөлу дегенді білдіреді. Дифференциалды оқыту үдерісі оқушының жеке ерекшеліктерін негізге ала отырып оқытуды айтады.
Дифференциацияланған тәсілдің ұстанымдары:
- оқушының даму ерекшеліктерін зерттеу;
- оқушы бойындағы бір нәрсеге бейімділігі мен қабілетін анықтау;
- оқушының танымдық процесінің динамикасының ерекшеліктеріне баса назар аудару;
- «мұғалім-оқушы- сынып» деңгейінде тұлға аралық байланыстарды дамыту;
- оқушыларда жағымды мотивацияны қалыптастыру;
- оқушыларды барлық іс-әрекет түрлеріне тарту;
- материалды меңгерту мақсатында оқушыларға қойылатын талаптарды біртіндеп арттыруға бағытталған тапсырмаларды орындату.
Дифференциацияның түрлері
• Физиологиялық қабілеттеріне қарай (кинестетик, аудиал, визуал, дискрет)
• Оқу деңгейіне қарай
• Арнайы қабілеттеріне қарай Физиологиялық қабілеттеріне қарай дифференциациялау
Визуалдар айналасында жүзеге асып жатқан құбылыстарға терең үңіліп, ақпаратты көздері арқылы қабылдайды. Визуалдарға бір нәрсені түсіндіру үшін сурет, графика, кесте ұсынған дұрыс, осылайша ақпаратты жылдам әрі жақсы түсінеді. Визуалдар кейде сабақ айтып тұрып төбеге қарауы мүмкін. Адамдардың шамамен 35% – визуалдар. Аудиалдар ақпаратты есту мүшесі арқылы қабылдайды. Бұл – өте сирек кездесетін жандар. Олардың есте сақтау қабілеті мен есту мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Аудиалдар - әңгімелесушісімен міндетті түрде бетпе-бет жүздесуді қажетсінбейді, сөйлеген сайын жадырай түседі. Сіздің айтып бергеніңізді сөзбе сөз қайталап беру мүмкіндігі де бар.
Аудиалдар адамдардың шамамен 25% құрайды. Кинестетиктер қоршаған ортаны ерекше сезініп, ақпаратты қимыл-қозғалыс, құшақтау арқылы қабылдайды. Олар ешуақытта сезімін жасыра алмайды. Қойылған сұраққа қысқа да, нұсқа жауап береді. Жоғарыда айтылғандар кинестетиктер қозғалғыш адам екенін емес, ақпаратты қабылдау объектісі – дене екенін білдіреді. Бір нәрсені өздері жасап көрмейінше, түсінбейді. Кинестетиктер халықтың шамамен 40% құрайды. Дискреттер - ақпаратты логикалық ойлау арқылы, сандар, әртүрлі белгілер арқылы қабылдайды. Адамдар арасында ең сирек кездесетін топ болып табылады [1].
Өзіңіздің қай топқа жататыныңызды анықтау үшін келесі сұраққа жауап беріңіз:
Жаңа ұялы телефон сатып алған кезде оның қандай ерекшеліктеріне көп көңіл бөлетін едіңіз?
Аудиал Визуал Телефонның динамикасы, дыбысы жақсы болу керек.
Сапалы суреттер түсіру үшін телефонның камерасы жақсы болу керек, және телефонның экраны үлкен болу керек.
Кинестетик Дискрет Телефонның пішіні маңызды, қолға ұстауға ыңғайлы болу керек. Пайдалы бағдарламалардың болуы, телефон батарейкасының сыйымдылығы, жаңа бағдарламаларды жүктеп алу және орнату ыңғайлы болу керек. Сыныптағы оқушыларға олардың физиологиялық ерекшеліктеріне қарай бірдей тапсырманы әр түрлі әдіспен беруге болады. Мысалы Пифагор теоремасына арналған есеп: Аудиалдар үшін тапсырманы дыбыстап, ауызша айтуға болады:
«Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 10 см және 20 см. Гипотенузасының ұзындығын табыңыз». Визуалдарға тапсырманы суретпен беруге болады. Кинестетиктерге тікбұрышты үшбұрыш пішіндес кез-келген фигура, мысалы сызғыш, қағаздан қиылған үшбұрыш. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерін өздері өлшеп, гипотенузаны табулары қажет. Дискреттерге пифагор теоремасын дәлелдеуге тапсырмалар беруге болады. Арнайы қабілеттеріне қарай дифференциациялау Адамдардың қабілетінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда.
Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп түсіндірді. Кейінірек зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның миы болып шыққаннан кейін, бұл болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқымқуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дәлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал келтірді (Моцарт, Рафаель т. б.) [3].
Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды. Қабілет дегеніміз адамның белгілі бір іс-әрекетті орындау барысында көрінетін жеке ерекшеліктері.
Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны. Енді оқушылардың қабілеттерін ескере отырып мұғалім көмегін мөлшерлеу бойынша тапсырма қарастырайық.
Оқу мақсаты: Өкпедегі газ алмасу механизмін және ұлпалық тыныс алудың механизмдерін сипаттау.
Бағалау критерийлері:
Газ алмасудың негізгі ұғымдарын біледі, өкпелік және ұлпалық тыныс алу туралы алдыңғы білімдерін қолданады. Өкпелік газ алмасу мен ұлпалық тыныс алу механизмін сипаттайды және түсіндіреді.
2 тапсырма. Дондерс моделін құрастыру. Бұл тәжірибені жасау үшін түссіз, аузы тар шиша алып, оған жұқа резеңке керіп түп жасайды, аузына тығын арқылы түтік өткізеді. Түтіктің ыдыс ішіндегі ұшына резеңке қалташаны жалғайды. Түтікті шишаның ішіне салып тығындап, жоғарғы, сырттағы ұшын ашық қалдырады. Осыдан кейін шишаның резеңкеден жасаған түбін төмен не жоғары созса, түтік ұшындағы резеңке қалтадағы ауаның толғаны немесе шығарылғаны байқалады. Бұл өкпе жұмысының қызметін көрсетеді
1-көмек Оттек молекуласының ауадан бастап, бұлшықет жасушасына дейінгі жолын, төмендегі кілт сөздерді қолданып, сипаттаңыз:
- бронхылар - бронхиола - альвеола - өкпегі газ алмасу - капилляр - ұлпалық тыныс алу – трахея
2-көмек Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы – өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Сол кестені еске түсіріңіз.
-3- көмек - Талдауға арналған сұрақтар:
1. Бастапқыда өкпеде және ұлпада қандай қан болады?
2. Қанға қандай газ түседі?
3. Қаннан қандай газ шығады?
4. Қан құрамының өзгерісі.
Дифференциацияның артықшылықтары:
• Ынтасы жоғары оқушыға да, ынтасы төмен оқушыға да көмектесу мүмкіндігінің болуы;
• Оқу үрдісіне баяу бейімделетін оқушылармен тиімді жұмыс жасау мүмкіндігі;
• Күшті оқушыларға білімді жылдам әрі терең алуына мүмкіндік береді;
• «Мен» концепциясының деңгейі көтеріледі (әсіресе, әлсіз оқушыларда);
• Оқушылардың оқу ынтасының көтерілуі;
• Деңгейлері бірдей балалардың тобында оқу, оқушыға оңай болып келеді.
Дифференциацияның кемшіліктері:
• Оқушыларды деңгей бойынша бөлу адамгершілікке сай емес;
• Әлсіз оқушылардың күшті оқушыларға жетуге тырысып, тартылып жүру мүмкіншілігінің болмай қалуы;
• Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік;
• Оқушыларды әлсіз топтарға отырғызу оқушылардың еңсесін түсіреді; • «Мен» концепциясы деңгейінің төмендеуі;
• Күшті оқушылардың басқа оқушыларды менсінбей қоюы (жұлдыз ауруы);
• Әлсіз оқушылар ынтасының төмендеуі;
• Сынып ұжымының бұзылуы.
Дегенмен, дифференциацияны шеберлікпен қолданудың артық жақтары өте көп. Қорыта айтқанда, оқу үрдісінде дифференциацияны ойдағыдай жүзеге асыру оқушы білімінің және жеке жұмыс жасау дағдысының қалыс қалуын болдырмау, сыныптағы оқушылардың білімін теңестіру, оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту, білім сапасын көтеру, сыныппен жұмыс және жеке жұмыс түрлері арасында алшақтықты болдырмау сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мұғалім әр бір оқушы үшін академиялық білім уақытын тиімді пайдаланып, барлық оқушыларды белсенді ақыл-ой іс әрекетіне жұмылдыра алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. https://boz.kz/article/8517160120659.html
2. Захарова Т. Б. Профильная дифференциация обучения информатике на старшей ступени школы. [Текст] – М. ,2007. – 212 с.
3. Темірбаева // Педагогика мәселелері - Вопросы педагогики. - 2011. - №1.