Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI172

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ГРАФИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАЛДАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде биологияны оқытуда маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың графикалық тапсырмаларды талдау дағдысын арттыру. Ағылшын биологы М.Тейлордың (2010) пайымдауынша визуалды көрнекіліктерді сабақ барысында қолдану ақпаратты көрсетуде тиімді құрал болып саналады, сол арқылы оқушылар күрделі ұғымдарды графикалық түрде бейнелеу арқылы көру қажеттілігін сезінеді. 

Аталмыш мәселеге Тараз қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аса назар аударылуда. 2017 жылы алынған сауалнаманың негізінде, мектептегі оқушылардың 90% визуалдар, яғни олар оқу мақсатына графикалық тапсырмалар арқылы әлдеқайда тиімді қол жеткізетіні белгілі болды. Дегенмен 9-сыныптарда жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың 40%-ында графикалық тапсырмаларды бейнелеуде және талдауда қиындықтар туындайтыны анықталды. Соның салдарынан оқушылардың қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау кезіндегі графикалық тапсырмаларды орындауда талдау дағдысының жеткіліксіз екендігі байқалды. Оқушылардың графикалық талдау дағдысын дамыту мақсатында дамыту жобасын жүзеге асырыруды жөн санадым. Бұл мәселеде 9-сыныптың 10 оқушысы фокус топ ретінде алынды, себебі аталған сыныпта осындай мақсаттарда орындалған тапсырмалар төмен көрсеткіш көрсетті. 

Мәселені шешу мақсатында төмендегідей зерттеу сұрақтары қойылды: 

• Неліктен оқушылардың биологиялық графикалық тапсырмаларды талдау дағдысы төмен? 

• Оқушылардың биологиялық графикалық тапсырмаларды талдау дағдысын қалай дамытуға болады? 

Аталмыш мәселені шешу мақсатында графикалық тапсырмалардың алгоритмі құрастырылды. Төмeндe графикалық тапсырмалардың ішінен суретті, кестелі, блок-схемалы және графикалық тапсырмаларды тәжipибeдe қaлaй қолданылғанын дәлeлдeйтiн 9-сыныптың «Қанның ұю үдерісінің механизмі» тақырыбындағы caбaқ үлгici және қолданылған алгоритм үлгісі ұcынылып oтыp. 

Сабақ тақырыбы: Қанның ұю үдерісінің механизмі. 

Оқу мақсаты: Қанның ұю үдерісінің механизмін түсіндіру. 

Сабақ мақсаты: 

Оқушылар: 

• Тромбоциттің ерекшеліктерін және қызметін кестеде сипаттайды; 

• Қанның ұю үдерісінің механизмін сурет, блок-сызбада түсіндіреді; 

• Тромбин ферментінің белсенділігіне әр түрлі температуралардың әсерін графиктен талдайды. 

Графикалық тапсырманың түрлері

 Сабақ барысы 

I. «Ой қозғау» кезеңі. 

Оқушылар берілген суреттер немесе видео көру арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлерін болжап, анықтайды

ІІ. «Мағынаны тану» кезеңі. 

2.1. Кестемен жұмыс. 

Алдыңғы білімді еске түсіру 

Тапсырма №1. Оқушылар қанның қызметі бойынша мәтінді оқып шығады. Қанның құраушы элементтерінің ерекшеліктері мен қызметін кестеде анықтайды. Оқушылар кесте құру үшін алгоритммен танысады. Сурет Кесте Блок-сызба График Теориялық ақпаратты сурет арқылы бейнелеп талдау дағдысы дамиды Теориялық ақпаратты кестеде сипаттау арқылы талдау дағдысы дамиды Теориялық ақпаратты блок-сызбада түсіндіріп талдау дағдысы дамиды Теориялық ақпаратты графикте көрсету арқылы талдау дағдысы дамиды Қанның құрамы Құрылысының ерекшелігі (пішіні, ядросы, түсі, 1мм 3 саны, диаметрі) Түзілуі, бұзылуы, өмір сүру уақыты Атқаратын қызметі Тромбоцитте р (қанның формалы элементі) Пішіні-өте ұсақ, тұрақты пішіні жоқ, ядросы жоқ. 1мм 3 қанда 250-400 мың Түзіледі сүйек кемігінде, бұзылады қан тамыры жарақаттанса. Өмір сүру уақыты 7-10 тәулік Фибриногендердің қатысуымен жүретін қанның ұюы/қанқатпа түзеді 

Кестені құру алгоритмі 

1. Оқу ресурсын мұқият оқыңыз және ондағы тірек сөздерді (мысалы, тромбоцит, фибриноген, тромб т. б. ) анықтаңыз 

2. Тірек сөздерді топтарға (мысалы, құрамына, құрылыс ерекшелігі, қызметіне т. б) бөліңіз. 

3. Кестедегі қатар мен бағандардың санын (мысалы, кестеде қатарда қан құрамы, бағанда құрылыс ерекшелігі мен қызметі т. б. ) анықтаңыз. 

4. Пайдалы тіркестерді қолданып, кестені (мысалы, пішіні - өте ұсақ, тұрақты пішіні жоқ, ядросы жоқ, 1мм 3 қанда 250-400 мың т. б) толтырыңыз. 

Бағалау критерийі 

1. Мәтін мазмұнындағы тірек сөздер кестеге сәйкес. 

2. Кестедегі қатар мен бағандардың саны (мысалы, кестеде қатарда қан құрамы, бағанда құрылыс ерекшелігі мен қызметі т. б. ) дұрыс анықталған. 

3. Пайдалы тіркестерді қолданып кестені толтырған. 

2.2. Блок-схемамен жұмыс 

Тапсырма №2. Оқушылар қанның ұю механизмі бойынша мәтінді оқып, блок-блок-схема құрастырады. Оқушылар дәптерге мәтіндегі тірек сөздерді пайдаланып, қан құрамы бойынша түсінгендерін блок-схема түрінде түсіндіреді. Оқушылар блок-схема құру үшін алгоритммен танысады. Үлгі ретінде төмендегі блок сызба берілген.

 Блок-схемамен жұмыс алгоритмі 

1. Тапсырма мазмұнымен (мысалы, қанның ұю үдерісінің механизмі мәтіні) танысыңыз 

2. Мәтіндегі тірек сөздерді (мысалы, протромбин, Са, фибрин, тромбопластин, фибриноген, тромбин, белсенді фермент, белсенді емес фермент, К дәрумені, оттегі, тромб, еритін нәруыз, ерімейтін нәруыз т. б) анықтаңыз 

3. Мәтіндегі тірек сөздерді блок-схемада сәйкестендіріңіз.

 Бағалау критерийі

 1. Блок-сызба берілген алгоритмге сәйкес. 

2. Мәтін мазмұнындағы тірек сөздерге сәйкес. 

3. Блок-сызба мен тірек сөздер сәйкес. 

Берілген тапсырма арқылы оқушыларда мәтіндегі тірек сөздерді пайдалана отырып блоксхемада қысқаша сипаттау дағдысы дамиды. 

2.3. Суретпен жұмыс Тапсырма №3. Оқушылар мәтінді оқып, берілген 2.1-суретті пайдаланып терінің жарақаттанған уақытынан бастап 2 апта өткеннен кейінгі терінің қалпына келуін түсіндіреді. 

 Бағалау критерийлері: 

1. Х осі (тәуелсіз), у осі (тәуелді) айнымалылар анықталған (мысалы, У- тромбин белсенділігі, Х-температура) 

2. Тәжірибе өткізу кезінде тұрақты болған көрсеткіштерді анықтаған (мысалы; рН; фермент/тромбин көлемі; фермент/тромбин коцентрациясы; субстрат/фибриноген/қан көлемі; субстрат/фибриноген/қан коцентрациясы; кальций иондары) 

3. Графиктегі өзгерістің себебін анықталған (мысалы, 5°C – энергиясы төмен/ молекулалар баяу қозғалады;70°C – фермент денатурацияланады) 

4. Тәжірибедегі ферметтің белсенділігінің себебі анықталған 

(Мысалы, фибрин қалыптастыруға жұмсалған уақыт/ сұйықтық қатты күйге ауысады; фибриноген қалыптастыруға жұмсалған уақыт/ субстрат жойылады; белгілі бір уақытта қандай мөлшерде фибрин түзіледі; белгілі бір уақытта қанша мөлшерде фибриноген фибринге ауысады) 

«Бекіту» кезеңі. 

IGCSE тапсырмаларының тестін орындайды (графикалық тапсырмалар). Аталмыш алгоритмді қолдану оқушылардың графикалық тапсырмаларды талдау дағдысын арттыруға оң әсерін тигізгендігі байқалды. Нақтылай келсек, оқушылардың суретпен берілген тапсырманың 90% -ын, блок-схемалы тапсырманың 95% -ын, кестелі тапсырманың 85% -ға, графикалық тапсырманың 90% -ға жуығын алгоритмге сәйкес құрастыра алатыны және берілген сұрақтар арқылы талдау дағдысының дамуына мүмкіндік бергені анықталды. Яғни, ішкі жиынтық бағалау бойынша І және ІІ тоқсанмен салыстырғанда III, IV тоқсанда оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. 10-сыныптың сыртқы жиынтық бағалау емтиханында осы фокус топтағы 6-ы оқушының 3-уі А (5), 3-уі В (4) бағасымен бағаланып, 100% білім сапасын көрсетті. 

Қорыта келе, бұл мақалада оқушылардың графикалық тапсырмаларды талдау дағдысының не себепті төмен екендігі анықталып, ол мәселені шешу мақсатында жүргізілген сабақ үлгісі ұсынылды. Биология пәнін оқытуда оқушылардың графикалық тапсырмаларды талдау дағдысына назар аудару қажет екендігі анықталды. Биологиялық графикалық тапсырманы алгоритммен орындау оқушылардың талдау дағдысын дамытуға тікелей әсер етеді. Бұл дағдыларды дамыту биология пәні ұстаздарының үздіксіз іздену мен зерттеушілік қабілетін дамытуды талап ететіндігі сөзсіз. 

Әдебиеттер:

 1. Tейлор M. Ф. (2010) Биологияны оқытудың "графикалық" талаптары, Америка биология пәнінің мұғалімі,72 (9) 

2. Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут (2004) Биология ІI том, Москва Мир 429 (141-166) (2 тапсырмадағы блок-сызба және мәтін) 

3.https://www.savemyexams.co.uk/igcse-biology-cie-2/3-4 тапсырмалардың қазақша аудармасы (био_молекулалар бөлімі)

 

515 1
БАГИРА БЕКНАЗАРОВА, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000122
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Gulnaz
28 октября 2024 01:30
Маған осы кітап керек еді. Тапсырмаларымен