Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1694

Қуыршақ театры арқылы бастауыш сынып білім алушыларының шығармашылық қабілетерін дамыту

 










Білім мен тәрбие бастауын бастауыш сыныптан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында бастауыш сынып мұғалімдеріне  жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. 

Сонымен қатар басты мақсат-олардың білімді, білікті  болуы. Ешкімге жасырын емес,қазіргі балаларды жалаң сөзбен сабақ оқуға қызықтыра алмайсы,себебі гаджеттердің көмегімен олар өзін қызықтыратын кез келген дүниені тауып,көре алады. Сондықтан мен білім алушылардың оқуға,білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 2020 жылы бастауыш сынып оқушылары үшін ақысыз негізде қуыршақ театрын ашуды қолға алдым.Себебі, ойын олардың шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін,қиялын дамытады. Балаларды адамгершілікке баулиды. Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік қабілеттерін, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастырады.  Алдымен 3-4 кейіпкер қатысатын шығарманы таңдап алып,қуыршақтар тіге бастадым.

Сахна дайындадым. Сосын 4 сынып білім алушыларынан құралған топ құрып,ең алғаш В.Сухомлинскийдің «Нағыз адам» атты әңгімесін   мектепте қойдық.Балаларға ойнаған өте ұнады.Тіпті ролге таласа бастады. Қуыршақтарды өзім қолдан тігетін болғандықтан,көп уақытым соған кетіп отырды.Дәл сол кезде әлемді дүр сілкіндірген короновируске байланысты каратиндік шектеулер басталып, менің бұл бастамамда біраз үзіліс болып қалды. Мектепке қайта оралып,штатты түрде сабақты бастаған кезде,балалардың өтініші бойынша театр жұмысын қайта бастадық.Бұл жолы «Бақыт,Байлық,Ақыл» ертегісін сахналадық. 

      


    Театр әр балаға қуаныш,ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Балалар  сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Бала сахнада кейіпкер ретінде қуыршақты ойната отырып, өзінің жеке тұлғасын жан – жақты дамытады. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты оянады.Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтары оянады,артады.Театрландырылған ойындар  балаларды әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, септігін тигізеді. 

            Биылғы оқу жылының басында С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» әңгімесінің желісі бойынша қойылым қойдық.Қуыршақтарды сөйлетіп,соған байланысты іс-қимылдарын келтіріп отырған 3 сынып білім алушылары Нишамбай Таңшолпан,Мұхтарбек Аяла,Орынтай Сезім болды.






Көрермендеріміз өте жылы қарсы алды.Театрымызда ойнағысы келетін балалар саны артты.Мектеп әкімшілігі де біздің жетістігімізге риза болып,қолдау көрсетті.Дәл осы кезде ауданымызда да осы бағытта жоба басталып,24 қараша күні «Бастауышым-бал бұлақ,жанып тұрған шамшырақ» тақырыбында аудандық қуыршақ театрларының фестивалі болды.Біз де өнер көрсеттік.3 дәрежелі дипломмен марапатталдық.Қуанышымызда шек болмады.Әсіресе балалар өте қатты қуанды. Ата-аналар да балалардың жетістіктеріне қуанды.Онымен тоқтап қалмадық.Наурыздың 3 –жұлдызында тағы да байқау болатын болып,қызу жұмысқа кірісіп кеттік.Бұл жолы Ж.Кәрбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесін сахналадық.60 мектеп қатысқан алғашқы іріктеуден өттік,тағы да қуанышымызда шек болмады. Бірақ,екінші облысқа болған іріктеуден өте алмадық.Бастысы біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік.Біз соған қуандық,себебі енді біздің мектепте қуыршақ театры бар және ол тоқтап қалмайды,ол өз жұмысын жалғастырады.Өйткені оның әрбір қойылымын күтетін көрермені мен қолдаушылары бар. 

 

 

1,2-сурет.Ең алғашқы қойылымдар.

3,4-сурет. Аудандық байқауларда өнер көрсеткен сәттер.

346 0
Шинтаева Зубайда Калмахановна, Ш.Уалиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы ҰЛЫ ДАЛА ҰСТАЗЫ № 001767
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: