Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1679

Санаторлық «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы

Ақтөбе облысына қарасты   Ырғыз ауданының орталығы,  Ырғыз   селосында орналасқан  Интернаттық үлгідегі Санаториялық мектепке дейінгі ұйымы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы  2006 жылы  өз жұмысын бастады.   

Балалар  шипажайы туберкулез ауруына шалдыққан науқастардың отбасынан балаларды оқшаулау,  әлеуметтік жағдайлары төмен отбасының балаларын   оқыту  және тәрбиелеу мақсатында ашылды.  Ашылғаннан бері 16 жыл уақыт аралығында 700 –ге тарта  мектеп жасына дейінгі  бүлдіршіндер қабылданып,  емдеу-сауықтыру курстарынан өтті.  Балалар   ауданымыздың барлық елді мекендерінен   келеді, олар аудандық емхананың дәрігерлерінің  жолдамасы және ВКК-ның шешімімен қабылданады. Балалардың шипажайда болу кезеңі                                        2-6 айды құрайды   «Ақбота» бөбекжай-балбақшасы күні-түні, яғни тәулік бойы жұмыс жасайды. Барлық көрсетілетін қызмет толықтай мемлекет қаржысының есебінен қарастырылған. Күніне 6 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. С витаминдеу, басқа дәрумендер дәрігердің берген нұсқамасы арқылы жүргізіледі.  Бөбекжай-балабақшада болған кезде  оқу-тәрбие жұмыстары және  сауықтыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы  түрде жүзеге асырылады.

 

              

 





Мектепке дейінгі мекеменің  мақсаты: 

  1. Дені сау, дене қызметі, психологиялық дамуы жақсы, өмір жағдайына  бейімделуге  икемді, білім игеруге және оны іске асыруға қабілетті, ұлттық мәдениетті бағалай білетін баланы тәрбиелеу;                                                                                                     
  2. Мекеме   сауықтыру жұмыстарын жүйелі  түрде  ұйымдастыру  арқылы бала денсаулығын нығайту;        
  3. Қимыл-қозғалыс белсенділігі арттыра отырып  тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу;
  4. Әлеуметтік-адамгершілік тәрбие беру  арқылы бала бойында адами құндылықтарды қалыптастыру секілді  міндеттерді алдына қойған.                                                                                                                             
  5. Медбике тәрбиешілермен бірлесе отырып,  «Салауатты    өмір  салтын  қалыптастыру »  бағытында   жүргізеді. Бұл жұмыстарда негізінен денсаулық сақтау, аурудың алдын-алу жұмыстары  қамтылады.                                                                                                                               
  6. Қоғам және отбасылық тәрбие беру бағытында  ата-аналардың   педагогикалық  мәдениетін көтеру , педагогикалық    ұжым алдындағы    тапсырмаларды  бірлесіп   шешу үшін жұмыстар  жүргізіледі.

Мекемеде 20-дан  аса қызметкер жұмыс жасайды. Педагог -қызметкерлер өз істерін шебер меңгерген мамандар. 16 жыл  аралығында «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы көптеген жетістіктерге жетті. Ең үлкен жетістік ол- екі рет мемлекеттік аттестациядан жоғары деңгейде өтті.   Екі  мәрте, яғни  2017 жылы және 2018 жылы республикалық «Ең Үздік Мектепке дейінгі Білім Ордасы» атағына ие болды.   Педагогтар:   педагогикалық  қызметтегі   кәсіби шеберліктері үшін  Б.А. Қарасартова  «Ұлы Жеңіске- 70жыл», «Үздік Әдіскер» төсбелгілерімен,  Э.Ш.Милушева  «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін»,  «Қазақстан ұстазы»  төсбелгілерімен     Г.Н. Жакина «Жыл үздігі-2019» төсбелгісімен марапатталды.  Тәрбиешілер жыл сайын өткізілетін «Жыл тәрбиешісі» байқауында төрт рет «Бас жүлдені», бірнеше рет жүлделі І және ІІ орындарды қанжығасына байлады. Бірнеше рет ұжым қызметкерлері мен  тәрбиеленушілері халықаралық, республика, облыс, аудан  көлемінде көптеген конкурстар мен байқауларға қатысып, түрлі деңгейдегі  жүлделі орындарды иеленіп жүр.       

     «Ақбота» санаториялық бөбекжай-балабақшасының базасында соңғы үш жылда түрлі тақырыптарда   жеті рет семинар-практикумдар,  шебер-класстар  ұйымдастырылды.  Оған аудан көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен аудандық білім бөлімінің мамандары қатысып,  өз пікірлерін ортаға салып,  ризашылықтарын білдіріп келеді.   мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнаған.

                                                 



Сонымен қатар, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының педагогикалық ұжымы  ауданымыздағы   «Арай» мәдениет үйі, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі,  №1 қазақ орта мектебі,  аудандық емхана,  аудандық кітапхана, аудандық музей, ырғыз-торғай табиғи резерваты  секілді мекеме-кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Мекеме еліміздегі жүргізіліп жатқан түрлі жобалар мен даталы күндерге байланысты бағдарламалар мен жоспарлар бойынша іске асырылып жатқан жұмыстардан ешқашан тыс қалған емес.  Бірқатарын атап өтер болсақ, 

«Рухани жаңғыру»                                                                                   жобасы аясында көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді.   «Ел Тәуелсіздігін» алудағы алғашқы қадам жасаушылар, 1986 жылы жастардың жалыны бұрқ еткен кезеңде білім алып, студент атанған, қазіргі кезде ел ағаларына айналып үлгерген  Ыбыраев Манас пен Құлтазин Серік шақырылып, кездесу өткізілді. Кездесуге келген кеш қонақтары кейінге шегініс жасап, сол кездегі елдегі жағдай, жастардың ерліктері туралы әңгімелеп берді.

 

 Б.Қарасартова мен Э.Милушеваның ұйымдастыруымен «Әйелмен әлем әдемі» тақырыбында ауданымыздағы түрлі салада қызмет жасап жүрген әйел-аналар шақырылып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Бұл жерде қонақтар ұрпақ тәрбиесі мен қызметті тең алып жүру, тағы сол секілді бала тәрбиесі, отбасы өмірі сияқты өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.  

                       

                        

 

 

 




Ақтөбе облысы, Ырғыз аудандық Санаториялық  «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері :     

 Мектепке барған  кезінде  балада   қалыптасуы  тиіс:                                                                                                                                              -мектептегі оқуға деген оң көзқарас;                                                                                           

        -жоғары мінез-құлық; тапсырманы орындауға құлықты, негізгі ойын сақтай білу, өз әрекетін  жоспарлау, ереже бойынша әрекет ету, өз іс- әрекетін қадағалау;                                                                      

      -үлкендермен, достарымен  қажетті қарым-қатынас   орната  білу, ішкі көзқарасы мен пікірін жариялай алу ;                                                                              

   -танымдылық ұстанымдардың қажетті мөлшерін білу, білім қорын молайту сияқты қасиеттерді өн бойларына сіңіріп, өсуі үшін мекеме ұжымы ізденіспен, уақыт талабына сай өз қызметтерін жалғастыра береді. .

 

«Ақбота» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі: Жакина Гулнур Нурабаевна 1982 жылы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғарғы. Отбасылы көп балалы ана.Осы аталған мекемеде ашылғаннан бері 2006 жылдан бастап тәрбиеші болып жұмыс жасап , 2021 жылдан бері  меңгеруші қызметтін атқарады. Еңбек өтілі -18 жыл.  2019жылы «Жыл тәрбиешісі» төс белгісімен марпатталған.

 

 

 

 

 

 

«Ақбота» бөбекжай-балабақшасының әдіскері:    Қарасартова Бибигул Айдынғалиқызы – еңбек өтілі - 34 жыл, осы кезге дейін   білім беру саласында   түрлі  қызметтер атқарып келеді. Өзіне тапсырылған жұмыстарды жауапкершілікпен, нәтижелі атқарғаны үшін  екі төсбелгі мен республика, облыс, аудан көлемінде түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. 2019 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің тарапынан берілген жолдамамен Бурабай өңіріне тегін демалысқа барып қайтты. Көп жылдық іс-тәжірибесін мектепке дейінгі педагогтар арасында тарату мақсатында 2018-2022 жылдар арасында   ұжым педагогтарымен бірлесе отырып, 7 рет түрлі тақырыптардағы семинарлар мен шебер класстар өткізді. Қатысушылар көптеген қызықты шаралардың куәсі болды. Бес баланың анасы, бірнеше немеренің әжесі. Қазіргі таңда зейнеткер-ұстаз.

Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет.

       Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім тәрбие беріп  ұлтжандылыққа тәрбиелейік.   Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.

 

 

 

 



386 0
Жакина Гулнур Нурабаевна, Санаторлық «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Қарасартова Бибигул Айдынғалиқызы, Санаторлық «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы мок № 001766
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: