Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1677

«Қарлығаш» балалар бақшасының тарихы мен жетістіктері

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылында  «Қарлығаш» балалар бақшасы 2007 жылы 4-ші қазанда алғаш ашылды.  Анарбекова Маржан Жүнісбайқызы балабақша ашылғалы  меңгеруші қызметін атқарып келеді. Балабақша 75 орындық, оқыту тілі-қазақша.  Балабақша аптасына 5 күндік жүйемен жұмыс істейді, балаларды қабылдау таңғы 7:30 дан кешкі 18:30-ға дейін. Балабақшаға 2-5 жас аралықтағы балалар қабылданады. «Қарлығаш» балалар бақшасында үш топ: ересек «Көгершін» тобы (4 жас), ортаңғы «Қошақандар» тобы (3 жас), кіші «Жауқазын» тобы (2 жас).  

Осы жылдар аралығында көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Балабақша ұжымы қатысқан жарыстардан ешқашан жүлдесіз оралмаған. Балабақшада барлығы 24 қызметкер жұмыс істейді, оның 11-педагог,  13-тех.қызметкер. Білімі бойынша 8  педагог-жоғары білімді, 3 педагог арнаулы орта білімді. Оның ішінде бірінші санатты-2 педагог, екінші санатты -3 педагог,  педагог-модератор-2 педагог, санаты жоқ-4 педагог. Педагогтар біліктілік арттыру курстарынан уақытылы өтуде,  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша - 9 педагог курстан өтті.

Балабақшаның мерейін үстем еткен педагогтар


     «Қарлығаш» балалар бақшасының меңгерушісі: Анарбекова Маржан Жүнісбайқызы 1962 жылы 21 наурызда  Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында Луговой кентінде өмірге келген. 1981 жылы Қордай ауданы, Әлжан ана ауылында, отбасылық өмірін бастаған. Төрт қыз тәрбиелеп, жоғары білім беріп, бүгінгі күнде қиясына қондырып, 9 немере сүйіп отыр. Білімі жоғары, Қырғыз мемлекеттік педагогикалық университетінің  «бастауыш сынып және психология» мамандығын тәмәмдап, еңбек жолын Әлжан ана ауылындағы №23 ОМ кітапханашы қызметінен бастаған.  Бастауыш сынып мұғалімі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, психолог қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап «Қарлығаш» балалар бақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Аянбай еңбек етуінің нәтижесінде: 

2012 жылы Қордай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен, 

2015 жылы Қасық ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Алғыс хатымен,

2016 жылы Қордай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен,

2017 жылы Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың халықаралық академиясы Құрмет грамотасымен, 

2018 жылы Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінң басшысы Грамотасымен,

2019 жылы қоғамдық республикалық Кеңестің марапатымен,

2020 жылы Қордай ауданының әкімінің алғыс хатымен,

2021 жылы қаңтар айында НұрОтан партиясының сайлау науқанына белсенді ат салысқаны үшін партия төрағасының бірінші орынбасарының  Алғыс хатымен,

2021 жылы ақпан айында аудандық  Рухани жаңғыру аясында  «Киелі бесік» семинарын өткізіп, Қордай ауданы білім бөлімінің басшысының Мадақтама грамотасымен,

2021 жылы Қордай ауданы білім бөлімінің басшысының Алғыс хатымен марапатталған.

 

     

 

       «Қарлығаш» балалар бақшасының әдіскері:    Тлеужанова Мадина Серикбаевна, 1984 жылы 24 қазанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Баласағұн ауылында  дүниеге келген. Осы аталған ауылда  Ж.Баласағұн атындағы  орта мектебінде 11 жыл оқып,  2001 жылы бітірген. 2002 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы  «Қордай» Гуманитарлы – экономикалық колледжіне  оқуға түсіп, 2005 жылы «ағылшын тілі пәні мұғалімі»   мамандығы бойынша аяқтады. 

    2005 жылы тұрмыс құрған.  Қазіргі таңда Жамбыл облысы, Қордай ауданы Әлжан ана ауылында тұрады.  2009 жылдан бастап Жамбыл облысы, Қордай Ауданы, Әлжан ана ауылындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорыны, «Қарлығаш» балалар бақшасында  қызмет атқарады. 2009-2019 жыл аралығында «ағылшын пәні» мұғалімі қызметін атқарып,  2019 жылдың қараша айынан бастап әдіскер қызметін атқарып келеді. Білімі-жоғары, санаты-педагог-модератор.

 

Еңбек жолы және жетістіктері:

Осы жылдар аралығында көптеген конкурстар мен семинарлар, байқауларға қатысып, мадақтамалар мен алғыс хаттарға ие болған.

2014 жылы «Мектепке дейінгі ұйымның  үздік тәрбиешісі» атты аудандық   байқауына қатысып, II-орынға ие болып, мақтау грамотасымен марапатталды.

 2014 жылы білім беру жүйесіндегі қажырлы еңбегі және жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі үлесі үшін Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының мадақтама грамотасымен марапатталды.

 2016 жылы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеп, білім берудегі адал еңбегі, балалардың жан-жақты болуына қосқан қомақты үлесі үшін 

8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Қасық ауылдық округі әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны қолдану» тақырыбында семинар-тренингке қатысып сертификат алды.

 2015 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру нұсқаушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында  қысқа мерзімді курс, 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат алды.

 2016 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамы «Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқытудағы инновациялық амалдар» тақырыбында  қысқа мерзімді курс, 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат алды.

2020 жылы жаңаша  білім беру мазмұнында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы «Білім әлемі» баспа бетіне өзінің  мақаласын   шығарып   жариялағаным үшін диплом мен сертификатқа ие болды.

2021 жылы қаңтар айында  Н.Ә. Назарбаевтың  алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы ақпан айында аудандық  рухани жаңғыру аясында  «Киелі бесік» атты семинар өткізіп мадақтама грамотасымен марапатталды.

2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Қордай ауданының білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

        Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер одан да көп. Сол жолда еселі еңбегін одан әрі жалғастыра беретініне сенімі мол. 

 


       «Қарлығаш» балалар бақшасының тәрбиешісі  Багышова Айнагул Идирисовна 1978 жылы 20 ақпанда  Қырғызстанда дүниеге  келген. Отбасын құрған, 4 баланың анасы. Қазақстан азаматтығы бар. Білімі –жоғары,   1-ші санаттағы тәрбиеші. Еңбек өтілі -14 жыл. 

2012 жылы И. Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінде «Мектепке дейінгі білім берудің педагогикасы және методикасы» мамандығы бойынша аяқтаған. 

Еңбек жолын 2008-2010  жылдар аралығында тәрбиеші көмекшісі қызметінен бастап, 2010 жылдан бастап «Қарлығаш» балалар бақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді.

2017 жылы Қордай аудандық мәслихатының алғыс хатымен,

2019 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу қызметі » облыстық байқауының «Үздік Эссе» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломымен,

2020 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу тынысы» журналына мақала жариялауына сертификат пен  1-дәрежелі дипломға ие болды.

2020 жылы «Абай Құнанбайұлы» республикалық конкурсына жеңімпаз дайындағаны үшін дипломға ие болды.

2020 жылы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудан 3-дәрежелі дипломға ие болған.

2020 жылы Қордай ауданында Тамыз кеңесіне қатысып, білім бөлімінің басшысының мадақтамасымен марапатталған.

2020 жылы Ұлы дала ұстазы халықаралық ғылыми-педагогикалық журналына «Үздік зерттеуші ұстаз» номинациясы бойынша марапатталған.

2021-2022 жылы «Жаңа білім» кәсіби білім беру және тұлғалық даму орталығының 2-дәрежелі дипломмен марапатталған.

 


    «Қарлығаш» балалар бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы: Абдыкеримова Мээрим  Кубанычбековна 1985 жылы 26-сәуірде Ат-Башы ауданында Қырғызстан мемлекетінде дүниеге келген. Қырғызстанда      Ж. Боконбаев атындағы орта мектебін  9-сыныбын аяқтап,  2000 жылы Чуй облысында Аграрлы техникумды оқып, 2003 жылы аяқтады.

2017 жылы Ысык-Көл Индустриалдық –Педагогикалық колледжінде дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша оқып, 2020 жылы   диплом алды. 2015 жылдан бастап «Қарлығаш» балалар бақшасында қызмет етіп келеді.

Осы уақыт ішінде уақыт ішінде әр-түрлі облыстық,  аудандық байқаулар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жетістіктері:

2021 жылы «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми сайтында оқу әдістемелік материалды жариялағаны үшін сертификатқа ие болды.

2021-2022 жылы «Мыңнан тұлпар» байқауына тәрбиеленуші дайындап, жетекшілік еткені үшін 2-дәрежелі дипломға ие болды.

2021 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты спорттық ойындар жарысына қатысып, 3-ші дәрежелі дипломға ие болды.

2021жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эстафеталық ойын жарысына қатысып, 2-ші дәрежелі дипломға ие болды.

 

 


204 0
Анарбекова Маржан Жүнісбайқызы, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі. Тлеужанова Мадина Серикбаевна, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын әдіскері. Багышова Айнагул Идирисовна, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын тәрбиешісі. Абдыкеримова Мээрим Кубанычбековна, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын дене шынықтыру нұсқаушысы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы мок № 001764
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: