Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1676

С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы мен жетістіктері

Мерейі үстем, берекесі артқан берекелі жер, кешегі Сергиополь, бүгінгі Мамырсу ауылы-тарихи мекен. Ауылдағы Сабыржан Ғаббасов атындағы орта мектеп осыдан 155 жыл бұрын құрылған. Бұл мектеп - Аягөз өңірінен  шыққан алғашкы ғалым, мемлекет қайраткері Жұмақан Күдерин; медицина ғылымдарының докторы, профессор, Бүкілодақтық фтизиаторлар қоғамының мүшесі, "Қызыл Жұлдыз", "Құрмет белгісі" орденінің, көптеген медальдардың иегері Әйкен Терлікбаев; қазақ қыздарының ішінен шыққан алғашқы ғалым, профессор, республикаға еңбегі сіңірген дәрігер Халида Насибуллина; сазгер, халық әртісі, Құрманғазы атындағы консерватория профессоры Бекен Жылысбаев; медицина ғылымдарының докторы, профессор, дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мүшесі Мақсұт Құлжанов; кибернетика ғылымының докторы,"ҚазақАлтын"   корпорациясының президенті Қанат Асаубаев; инженер-механик, "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту" және "Октябрь революциясы" ордені, "Құрмет" белгісінің  иегері Аягөз қаласының құрметті азаматы Қайыртай Қажығұлов  сынды атпал азаматтар нәр алған киелі алтын ұя. Қойнауына құт қонып, береке дарыған осындай тарихи ортадан шыққан ғалымдар мен республикаға аты мәлім азаматтардың тізімін жалғастыра беруге болады. Олардың көбі- осы туған жері Мамырсу ауылында болып жатқан игі істердің бәріне атсалысып, демеуші болып жүрген меценаттар. Бұл киелі мекен жайында Шоқан Уәлиханов: "Менің Аягөзді жақсы көруім - "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" дастанының үлкен әсер етуінен болар" деп естелік қалдырған. Комиссар Сабыржан Ғаббасов- Сергиопольде совет өкіметін орнату, оны нығайту жолында жанынқиған революция ардагерінің бірі. Сабыржан Ғаббасов Ғарабшаұлы 1889 жылы 13 қыркүйекте Сергиопольде туған. 1828 жылғы 8/XII –дегі Устав бойынша 1867 жылы Сергиопольде бір кластық Приходский мектеп болды. 1926-1927 жылдары жеті жылдық, 1935-1936 жылдары орта  мектеп болды. Ал 1967 жылы  мектебіміздің 100  жылдық мерекесі тойланып, сол жылы прфоессор Қ.Мұхаметхановтың ұлы Қ.Мұхаметханов өзінің дипломдық жұмысына жасаған  С. Ғаббасовтың бюстін табыс етті. Мектептің бұрынғы Сергиополь орта мектебі атауы өзгеріп, сол жылдан бастап С.Ғаббасов атындағы мектеп деп аталған.Қазіргі заман талабына сай жабдықталған кабинеттер ашылып, болашақ ұрпаққа сапалы білім беріп жатыр. Тарихтың талай толқындарынан сүрінбей өткен алтын ұя-мектеп. “С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" Мамырсу ауылында орналасқан. Жаңа ғимарат 1979 жылы қыркүйекте ашылған.  Мектеп 56 ұстаз қызмет атқарып жүр. 2019-2022 оқу жылында 22 сынып комплектісі болды. Оқушылар саны-450. Мұғалімдерде 8 бірлестік жұмыс істейді. Жалпы оқу озаттары мен оқу екпінділердің саны - 200, білім сапасы-55-60%. Кейінгі 10 жылдың ішінде 15 "Алтын белгі" иегері мен ерекше аттестатқа бітірген оқушылар әр салада білім алып, еңбек етіп жүр.  Мектептің материалдық техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда. Мектепте спорт және  акт залдары бар. Кітапхана 20330 жаңа оқулықпен, 16420 дана әдеби кітаппен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің  саны - 30,60 орындық асхана,  медициналық қызмет кабинеті, мультимедиа, информатика, физика,биология, химия кабинеттері бар. Былтырғы жылы " С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" ішкі және сыртқы күрделі жөндеуден өткен. Мектеп ұжымы бағдарламаларын, оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз беттерімен іздену дағдыларын дамыту бағытында, жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға  жұмыла еңбек етуде.

Мектеп құрылымы 441 оқушыға арналған.  Оқу  кабинеттерінің саны-30

Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы: Педагог-шебер:2, педагог-зерттеуші:10, педагог-сарапшы:4, педагог-модератор:5, жоғары санат:12
   I санат:10, II санат:8, санатсыз:7

Мектеп жетістіктері: 2018-2021 жылдар аралығында төмендегі оқушылар «Алтын белгі» белгісімен марапатталды.Олар: Кусаинов Әділет, Аманжолова Жадыра, Беріктай Шыңғыс, Теміртаева Әдемі, Тлегенов  Ерай,  Аубакирова Айкерім, Абдылдаева Қарлығаш, Сағадат Шұғыла. Ерекше үлгідегі аттестат иегері- Узбекова Айша.

 

Міне, осындай жетістіктермен ұжымның жұмысы үнемі алға қарай жылжуын тоқтатқан жоқ. 2019 жылдан бастап осы мектептің директоры болып жұмыс жасап келемін. Алғашқы күннен бастап жақсы іс-шаралардың, тамаша жетістіктердің куәсі болдым. Халқымыздың, ұлтымыздың мақтанышы қазақты әлемге паш еткен  қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаевтың 175  жылдығына орай «Абайтану» кабинеті ашылды. Бұл кабинеттің жабдықталуында Гүлсімхан Төстікбайқызының шәкірті - Оспанов  Қанат  Рысбекұлы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері: Узбекова А.С., Заманбекова Ж.А., Төлеуова А.Т. және де  сурет   пәні мұғалімі: Сыдықов Қайрат Рақымжанұлының еңбегі зор болды. Нәтижесінде кабинет облыс көлемінде сапалы, жүйелі, талапқа сай, кең ауқымда, терең  мағынада жабдықталып, облыс көлемінде 3-ші орынға ие болды. Қашан да кеңесіп пішкен тоң келте болмайды,- дегендей бірлік бар жерде-тірлік бар. Осы жетістік, бізді алға   жетелеп келе жатыр. Бүгінгі таңда бұдан бұрын робототехника кабинеті, сондай-ақ биология кабинеттері талапқа сай жабдықталып, оқушылардың білім алуына зор ықпалын тигізсе, физика мен химия кабинетін сонымен қоса кітапхананы жаңартуға  биыл қаржы қарастырылып отыр. Бұл тек қана оқушылардың ғана емес, ұстаздардың да тың серпіліспен істеуіне жол ашқандығы. Ол бүгінгі күнде мынадай жетістіктермен айқындалады. 

Мектеп ұстаздарының жеткен жетістіктері:

Кудайбергенов О.Б.Род имен существительных международный конкурс за подготовку победителя грамота.

«Шебердің қолтаңбасы» республикалық интернет-байкаудың жүлдегері.

«Қазақ мемлекетінің қалыптасу және нығаю тарихы: тың деректерімен ғылыми тұжырымдар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 

Асылханова Б.З."Лучший открытый урок" Дарабоз электронный научный журналға жарияланып,ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

"FLTA Rural Teachers Project" халықаралық семинарда іс тәжірибесі таратылып, І дәрежелі диломмен марапатталды.

"Teaching reading: How to help your students become better readers"   облыстық онлайн семинарына қатысып,сертификатпен марпатталды.

Токыжанова Ш.К.«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30жыл»,төсбелгімен марапатталды.Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Жас ғалым-2019» республикалық байқауында дипломмен мараппатталды.

Мухаметжанова Т.М.ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ МОБИЛЬДІК» республикалық форумына қатысқаны үшін, сертификатпен марапатталды.« Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі  аймақтық компонент -2020» жаратылыстану –ғылыми конференциясына қатысып,сертификатқа ие болдыОблыстық педагогикалық шеберлік орталығы мен НЗМ жаратылыстану пәні мұғалімдерінің арасында ұйымдастырған «Үздік ағылшын тіліндегі сабақтар жоспары» конкурсына қатысып,облыс химия мұғалімдерінің арасында тысып,облыс химия мұғалімдерінің арасында 3-ші орынды иеленіп, 2019 жылы мамыр айында мадақтамамен мараппаталды.

Узбекова  А.С.ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын педагогтер мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Үздік ашық сабақ-2021" атты республикалық байқауына қатысып,І дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жылдың жүз үздік авторлық бағдарламасы» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанды.

Кабдыгалиева Б.К."Профессиональная компетентность: учитель русского языка" Республиканскалық олимпиадасына қатысып,І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Награждена за высокие показатели  в республиканской олимпиаде по предмету «Русский Язык» органнизованной обществом «Қазақстан Ұстаздары».

Туралыкова М.К. «Құндылық-бағдарлы білім беру идеясын жүзеге асыру;мәселелер,ізденістер ,шешімдер»Республикалық ғылыми-практикалық конференция. 

Сарыбаева А.Т.ШҚО "Ә.Бөкейханов: Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан" атты өңіраралық ғылыми практикалық конференциясына қатысқаны және "Ағылшын тілі сабағында Әлихан еңбектерін қолдану арқылыжеке тұлғаны дамытуда саналыққа тәрбиелеу" баяндамасы үшін, сертификатпен марапатталды. The English Teacher`s Preparation on the Communicative Method of Teaching English of Children aged 6 to 12 and the TKT:Young Learners Preparation Program. Band 3.

Бейсембаева М.С. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында өткен бастауыш сынып мұғалімдері арасында І республикалық олимпиадасының 1 дәрежелі жүлдегері. Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған онлайн олимпиаданың 1 дәрежелі жеңімпазы. Бастауыш сынып мұғалімдерарасында өткізген «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» қашықтық олимпиадасының жеңімпазы.

Сейтмолдинов Е.Н. Победитель Республиканского Творческого конкурса с Международным Участием 1 Степень. Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» төсбелгісімен және куәлікпен марапатталды.

Джексенбаева Б. К.Республикалық "Дарындылық.kz" дарындылықты дамыту орталығының педагогикалық  сайысында білім берудегі жаңашылық пен шеберлігі үшін 

Қазақстан тарихы ұлт таным тағылымы (әдістемелік көмекші құрал)2020-2021 жылы оқу жылы 1Дәрежелі Диплом Daryn.onlineбілім беру платформасы Республикалық пәндік олимпиадасы Қазақстан тарихы пәні.

Оракбаева Д.Б. "Үздік педагог" Республикалық онлайн олимпиадасына қатысып,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Толеуова А.Т.ШҚО "Ә.Бөкейханов: Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан" атты өңіраралық ғылыми практикалық конференциясына қатысқаны және "Көсемсөздің хас шебері Әлихан" баяндамасы үшін, сертификатпен, Абай Құнанбайұлы 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы: рухани құндылықтар мен ұлттық сананы жаңғырту» атты Алматы қалалық онлайн ғылыми -практикалық конференцияда ІІ орын алғаны үшін марапатталды.

 

Сейтмолдинова Ж.Н. «Лучший открытый урок» Дарабоз электронный научный журнал. «Qzattar»-білімсаласының «Үздік қызметкері» құрмет грамотасы төсбелгі.

Заманбекова Ж.А. «Білім,ғылым және мәдениет салаларындағы инновациялар»  ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. дипломмен марапатталды.2020 жыл Х Республикалық «Абай әлемі»байқауында шәкірттерін баптап,бабы мен бағы қатар шабуына ерекше үлес қосып,Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Абай шығармашылығын насихаттауға атсалысқаны үшін Құрмет грамотасы.

Альжекеева Б.Ж.Республикалық «Дарынылық.kz» дарындылықты дамыту орталығының педагогикалық сайысында білім берудегі жаңашылдық пен шеберлігі үшін аса ізгі құрметпен мараппатталды.The English Teacher`s Preparation on the Communicative Method of Teaching English of Children aged 6 to 12 and the TKT:Young Learners Preparation Program.

Хасенова А.А. Республикалық «Кемеңгер ұстаз» диплом.А.Байтұрсынұлы атындағы Республикалық педагогикалық олимпиада.

Мукаметжанов С.М.ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жазғы президенттік көп сайыстан денешынықтыру пәні мұғалімдері арасындағы Республикалық турнирына қатысып,ІІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды.

Докуртова Ж.С. Daryn.online білім беру платформасы мен Goztest.rz олимпиада сайты Республикалық пәндік олимпиада 1 дәрежелі диплом.«Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журнал.

Шакенова Н.С.«Биология әлемі» Республикалық ғылыми жоба байқауы 2 дәрежелі диплом.«Үздік авторлық бағдарлама»Республикалық сайысы.

Туралыков М.С. ҚР Тәуелсіздігін 30 жылдығына орай жазғы президенттік көп сайыстан денешынықтыру пәні мұғалімдері арасындағы Республикалық турнир «Спорт ардагері» төсбелгі.

Бұланбаев Е.С. «Білім беру ісінің үздіктері-2021» Республикалық байқау.«Успешный учитель».

Сихимбаева Г.С.«Білім,ғылым және инновация »Ұлттық жаңғырулар мен интеграциялық үдерістер Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының сертификаты .

Узбекова Д.Т.Жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі сапалы еңбегі,оқыту шеберлігі,үздіксіз ізденісі үшін құрмет грамотасы.

Дүйсенкулова К.А. КИО Үздік тәрбиеші халықаралық олимпиада.

Тастанбекова Н.Т. ҚР «Білім беру ісінің үздіктері»байқау.

Рысбаев Б.А.Аягөз ауданының ұлағатты ұстазы, спорт ардагері А.К.Алатаев атындағы дәстүрлі турнирінде төсбелгімен марапатталды.

Томбаева Г.Т. «Кел,балалар,оқылық» атты YIII Республикалық байқауға шәкірт дайындағаны үшін.

Омарова Г.С.«Үздік автор» атты Республикалық арнайы конкурсының жеңімпазы. Сонымен қатар ұстаздарымыз облыстық «Құрмет грамоталарымен» марапатталды:Асылханова Б.З, Заманбекова Ж.А, Құрмашева Ш.Н, Сейтмолдинова Ж.Н.

 

Қазақстан  Республикасының үкіметінің 2008  жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекілгеніне байланысты мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс  деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан  білім алушылары мен тәрбиенушілеріне және жетім балаларға , ата- анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан  шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын ескере отырып, мектепте 145 бала тегін тамақ ішеді, оның ішінде  37  бала атаулы әлеуметтік көмек алады,  2 тұл жетім бар. Жан басына шаққандағы  табысы ең төменгі күнкөріс саны – 106. Барлығы мектепте 15 қыркүйектен бастап  145 балаларға тегін ыстық тамақ  пен қамтылған. 2020-2021 оқу жылы 119 балаға мектептен 119 қыстық аяқ киім, 119 мектеп құрал - жабдықтар, соның ішінде 33 балаға мектеп формасы, 86 балаға спорт киіммен қамтамасыз етілді. 119 баланың 34 бала әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан, 83 бала қөпбалалы отбасынан, 2 бала тұл жетім.

Демеушілерден қайырымды іс: 

  1. Орақбаев Бақыт Қалиназарович, 01.01.2021ж, 80000 теңге. Оқушыларға қысқы киім, аяқ киімдер мен тәтті сыйлықтар табысталды.

 

  1. Орақбаев Қанат Серикович, 01.01.2021ж, 40000 теңге. 

Оқушыларға қысқы киім, аяқ киімдер мен тәтті сыйлықтар табысталды.

 

  1. Оспанов Қанат Рысбекұлы, 01.09.2021 ж, 615000 теңге. 

Биылғы 1 сынып оқушыларына мектеп құралдары мен мектеп сөмкесі табысталды

 

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір мақсаты бүгінгі әрбір Қазақстандық азаматтың, зиялы қауым өкілінің, мемлекеттік қызметкердің туған жерінің, еңбек ұжымының, ауылының, ауданының өткенін, туған жеріне елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың өмір деректерін өсіп келе жатқан буын, жас ұрпақтың ұлттық санасын, ұлттық менталитетін қалыптастыру бағытына тиімді пайдалануға шақырады, міндеттейді.  

 

 

 

 

406 0
Кудайбергенов Осиет Бейсенұлы,«С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры. Сарыбаева Асем Токтаргалиқызы, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Шакенова Назгүл Сансызбайқызы, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мектеп директорының оқу-ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Сейтмолдинов Есмухамет Назарбекұлы, «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мектеп директорының тәрбие-іс жөніндегі орынбасары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы мок № 001763
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: