Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1674

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

   

  Шүленбаева Алмагүл Рашидқызы 1970 жылы 13 наурызда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін тәмамдап, 1985 жылы Қызылорда педагогикалық училищесінің «Балалар бақшасының тәрбиешісі» мамандығы бойынша, 1989 жылы бітіреді. Одан соң 1991 жылы «Аққайың» бала-бақшасының тәрбиешісі қызметіне ораналасады. 1999 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2003 жылы бітіреді. 2010 жылдың мамыр айынан бастап Аудан орталығында «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерген «Балапан» балабақшасына меңгеруші болып қызмет жасады. 2016 жылдың қазан айында «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Алмагүл Рашидқызы өз ісінің маманы, білімді де білікті қызметкер. Балабақшадағы бүлдіршіндердің әр күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы етіп өткізуді мақсат ететін педагог. Балбақшада жылылық пен мейірімділікті, ізгілік пен парасаттылықты бала жүрегіне ұялата отырып, жаңа инновациялық технологиялармен жұмыс жасауды негізге алатын ұйымдастырушы, ұстаз белсенді жұмыс жасап келеді.

 

    Қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан  Алмагүл Рашидқызының «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ырғыз ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжай-бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 5 мамыр  2006  жылғы  құрылды.  «Балдырған» бөбекжай-бақшасының  ғимараты 1974 жылы салынған. Бөбекжайда 45 қызыметкер , оның 20 педагог кадр,  25 кіші қызметкер жұмыс жасайды.  Бөбекжай – бақшасында 140 бала тәрбиеленеді,  жас ерекшелігіне сай алты топ жұмыс жасайды. Балабақшадағы бүлдіршіндермен және олардың ата-аналарымен, балабақша тәрбиеші-мамандарымен үнемі белсенді байланыс жүргізіп отырады.  Балабақшада өткізілетін шаралардың басы-қасында үнемі жүреді. Ұжым арасында белсенді, әркез татулықты ту еткен, ауызбіршілік пен сыйластық ұғымын біріктіре білген білікті маман. Балабақшадағы педагогтар мен   бүлдіршіндеріміз аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары. Мұның барлығы белсенді басшы мен білікті маманның нәтижелі жұмысының жемісі деуге болады. Балабақшамыз да аудандағы беделді де жетістікке толы балабақшалардың қатарында. Бұл жетістіктің барлығы белсенді басшының нәтижесі. Осы нәтижелерінің арқасында облыстық марапаттауларға да ие болып жүр.

                                           

            Балабақша-келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Ал, бала дегеніміз-болашақ. Өскелең ұрпақты қалай тәрбиелесек, келешегіміздің келбеті солай бекем болмақ.  Міне, біздің балабақшамыздың басты мақсаты да осында. Келешектің бет-бейнесін бүгіннен бастап бағамдап, қажетті тәрбие мен білім   беруде мүмкіндік туғызу. Мақсаты мен міндеті айқын, межелі дәрежені көздейтін біздің бөбекжайымыздың жақсы жетістіктерге жетуі, ондағы әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесі мен жаңалығының,  біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білемін. Ауызбіршілігі мен татулығы жарасқан білім ордасының бүгінгі таңда бағындырған жетістігі аз емес. Әрине, оған ізденімпаздылық пен еңбекті жанына серік еткен тәрбиешілеріміздің, бір ауызбен айтқанда барша жұмыла көтерген ұжымның еңбегі зор екендігін мақтанышпен айта аламын. 

Бүгінгі таңда бөбекжайымызда өз қызметін жақсы меңгерген тәжірибелі 20 пед кадр, оның ішінде санаты бойынша 6 педагог - зерттеуші,      8 педагог-сарапшы, 2 педагог-модератор мамандар жұмыс жасайды. Бөбекжай ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті- күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау. Сондай-ақ, біздің бөбекжайымыз аудандық, облыстық, республикалық ұйымдастырылған  семинар-практикум, шығармашылық байқаулардың  белсене басы-қасында жүреді.  Міне, осы сәтте біздің бөбекжайдың кең көлемде аталып өткен негізгі жұмыстарына тоқталып кетуді жөн көріп отырмын. 

 Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2018-2019 оқу жылдарында бөбекжайымызда «Бөбекжай бақыт мекенім»  атты аудандық шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Ондағы мақсат-бөбекжайдың бір күндік тіршілігін көрсету. Тәжірибелі тәрбиешілердің шығармашылық жұмыстары көрсетіліп, бүлдіршіндер өнерін ортаға салды. Ауданның әр бөбекжайынан келген тәрбиешілер мен әдіскерлер тәжірбиемен бөлісіп, теориялық, практикалық бір-бірінен қажетінше қабілеттерін шыңдай түсті. 

 

     Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылы бөбекжайымыздың музыка жетекшісі «Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қабілетін дамыту» тақырыбында шебер класс ұйымдастырып, ауданның 11 бөбекжай бақшасынан педагогтар келіп тәжірибе алмасты. Ырғыздың 175 жылдық мерей тойына орай бүлдіршіндер арасында «Ырғызым – ырыс мекенім» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.   Ауданның 13 бөбекжайынан байқауға келген   26 тәрбиеленуші өз бақтарын сынап, нәтижесінде аудандық білім бөлімінің арнайы диплом, алғыс хаттары, сертификаттарымен марапатталып,  бағалы сыйлықтар таратылды. Аудан көлемінде өткен бұл семинарлар жоғары деңгейде өтіп, аудан айнасы өңірлік басылымға да жарияланды. 

Бөбекжайымызда мерекелік ертеңгіліктер, тренингтер, байқаулар, спорттық шаралар тәрбиеленушілер мен ата – аналар арасындағы байланыс жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады.  

Бала бойына шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру үшін,  жан-жақты білім мен тәрбие беру керек. Жан-жақты алған тәрбие мен білімнің нәтижесінде  бөбекжай бүлдіршіндері аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары. 

Бәйгеге қосқан   бүлдіршіндеріміз барлық байқаулардан құр алақан емес. Әркез жүлделі орындарға ие болып, бөбекжайымыздың намысын биіктетіп келеді. 

Атап айтар болсам 2018-2019 оқу жылында  «Сахна дарыны»  І облыстық ұжымдар байқауында  хореография жанры бойынша бөбекжайымыздың «Жауқазын» би тобы «Бас жүлде» қанжығасына байласа,  Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай  бүлдіршіндер арасында І республикалық «NEW STARS - 2019» хореография жанры бойынша ІІ дәрежелі дипломмен ал, көркемсөз жанры бойынша Нұрабек Бекнұр,  Жақсылық Хафиса, Нұркенқызы Аяна  (қазіргі таңда Ы.Алтынсаин атындағы ЖББОМ 1-сынып оқушылары)   І,  ІІ дәрежелі дипломмен,  Бейіс Ахмет (№1 қазақ орта мектебінің 1 сынып оқушысы) «Бас жүлдені» иеленді.

Сонымен қатар, «Үкілім-ай» халықаралық өнер байқауында хореография жанры бойынша «Жауқазын» би тобы «Бас жүлде», көркем сөз жанры бойынша  Қуаныш Диас, Жантілеу Ақжүрек (қазіргі таңда Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушысы) І орынды жеңіп алса, вокаль жанры бойынша Бимұрат Жанатбек  І орын жүлдегері  атанды. 

Тағы бір бөбекжайымыздың мақтаныштары 2019-2020 оқу жылында бөбеекжай тәрбиешілері білім алушы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, дарынды балаларды анықтап, демеу болып келеді. Нәтижесінде  «ӘлемТалатStart» ІІІ Халықаралық шығармашылық байқау-фестивалінде көркем сөз номинациясы бойынша  бөбекжай тәрбиеленушісі Уалихан Сұлтан І дәрежелі лауреат,  эстрадалық ән салу номинациясы бойынша Айдосқызы Айсана ІІ дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды. 

Бүлдіршіндерімізге тәрбие мен білім беріп қана қоймай, ұжымның белсенділігі аудандық көпшілік шараларда да әркез белсенділік танытып жүргені баршаға белгілі.  2020-2021 оқу жылында Ұжымымыздың ұйымшылдығы аудандық мәдениет үйінде қазақтың Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған «Жұлдызды ұжым» байқауында көрсетіп, нәтижесінде І орынға ие болдық. 

«Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік» - деп, Жүсіп Баласағұн  айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Педагогтарымыз үнемі, шығармашылық ізденіс жолында екенін мақтанышпен айта аламын. 

Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп,  дамып келе жатқан жас ұрпақпен жүйелі жұмыс жасау. 

    Бөбекжайымыз 15 жыл ішінде 460-ден астам бүлдіршіндерді мектеп табалдырығына  дайындап, қанат қақтырды.  Ауданымыздың әр мектебінде білім алып жатқан біздің үздік түлектеріміз де қазіргі таңда мектептерінің мақтаныштары, сондай-ақ, аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлдегерлері атанып жүргендері біздерге зор мақтаныш сыйлайды. 

 

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын. Тоқсан ауыз сөздің   тобықтай түйіні  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп   ұлтжандылыққа тәрбиелейік.  Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы. Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек. Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады.

 

 

 

194 0
Шүленбаева Алмагүл Рашидқызы, Балдырған бөбекжай - бақшасының меңгеруші, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы мок № 001761
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: