Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1673

Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі

Бала тәрбиесі балабақшадан басталады, өйткені әрбір мемлекеттің болашағы сәби кезеніне байланысты. Ертең осы елге ие болатын, тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін – балабақшада тәрбиеленіп жатқан сәбилер.                                                                                                                 

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Елдің ертеңгі тірегі-осы балалар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда балабақша ұстаздары  қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр.  Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектердің балабақшада бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын балабақша қабырғасында жүріп үйренуі тиіс.                                               Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үй-ренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі.                                                   

Болашақ ұрпақ тәрбиесі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Адамға бірінші кезекте білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне қасірет әкеледі» демекші, ең бірінші адамға тәрбие керек. Сол жауапкершілікті қайыспай арқалап, ұлттық тәрбиеден нәр алған  балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер және балабақша ұжымы әр баланың бойына қайырымдылық пен сүйіспеншілік, адамгершілік пен ізгілікті қалыптастыруда жүйелі жұмыс атқаруда. Олар әр балабақша тәрбиеленушісіне жүрек жылуын, аялы алақанын аямай еңбек етуде.

 Осы орайда Алатау ауданы күн өткен сайын кеңейіп, көз алдымызда дамып келеді. 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына, дәстүрлі отандық және әлемдік тәжірибе негізінде келешекте білімділік – тәрбие  үрдісін жақсарту мақсатында мектеп жасына  дейінгі балалардың сапалы білім алуына қол жеткізуді қамтамасыз ету  барысында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тәрбие мен білім беруде. 2012 жылы  Алматы қаласы, Қарасу ықшам ауданында «№177 бөбекжай-балабақшасы»  ашылған болатын. Балабақшаның жобалық қуаты-390 орын.  10 жыл бойы жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратумен келе жатыр. Балабақша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай білім және тәрбие береді. Балабақшада 35- педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 27- тәрбиеші, 2- музыка жетекшісі, 2- дене шынықтыру жаттықтырушы ,1-психолог, 1- логопед. Қазіргі таңда балабақшада 16- топ жұмыс істейді. Барлық   бүлдіршіндер мемлекеттік тілде білім алады. Қарасу ықшам ауданында басқа ұлт өкілдері өте көп. Соған қарамастан балабақшамызға қазақ тілін білсін, үйренсін деп әкелетін ата-аналар көптеп кездеседі. Бұл өзге ұлттардың мемлекеттік тілге деген құрметі деп білемін.

                                              

 

      

 Аталған  жылдар  ішінде педагогтар  арнайы курстардан өтіп өздерінің біліктіліктерін арттырып отыр. Сонымен қатар мамандар құқықтық сауаттылықтарын көтеріп, жаңа технологияларды меңгерді. Нәтижесінде балалармен өткізетін іс-шаралар мен оқу қызметтері жоғарғы деңгейде өтті. Оқу мен тәрбие - бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді. Балабақша балаларының заман талабына сай дәрежеде   білім алуы мен қатар тәрбиеленуі тек қана тәрбиешінің міндеті десек қателесеміз. Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді демекші кез-келген жердің гүлденуі тікелей басшысына байланысты.

 


 

 Осы орайда  «№177 бөбекжай-балабақшасының» меңгерушісі Нуршаева Эльмира туралы сөз қозғасақ. Нуршаева Эльмира  1966 жылы 31 шілдеде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Алға совхозында дүниеге келген. 1973 жылы Алға совхозындағы  орта мектептің бірінші сыныбына барып, 1983 жылы Алға совхозы, «Амангелді» орта мектебін тәмәмдаған. Қазіргі уақытта заман дамып, өмірімізге еніп, күн сайын қарқынды дамып жатқан технологиялардың көшіне ілесіп келе жатқанымызда жаһандану үрдісімен келген қиыншылықтар көбейіп жатыр. Міне, осындай жас буын жеткіншектердің жүрегіне үңіліп, олардың сырлас досы, қиналғанда қол ұшын беретін жанашыры болатын мамандықтың иесі болу   арманы еді. Арманның жетегіне еніп, мен «Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің методисі» деп аталатын мамандықты тандаған. 1983 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогтік институтының «Педагогика және психология» (мектеп жасына дейінгі) факультетіне түсіп, 1987 жылы аталған  институттың  «Мектеп жасына дейінгі педагогика және психология пән  мұғалімі, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің методисі» деген   квалификациясы бойынша бітіріп шықққан. Отбасылық жағдайы: тұрмыста, 4 бала тәрбиелеп өсірген. Жолдасы- Дүйсебаев Азамат, қыздары – Дүйсебаева Гауһар,  Дүйсебаева Динара,  ұлдары – Дүйсебаев Асқар,  Дүйсебаев Айдос.

     «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну – үлкен бақыт...» екені даусыз. Иә, қай мамандықтың да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Тандаған мамандығы  жеке тұлғаның жас ерекшелігін ескере отырып, олардың жан-жақты қыр-сырын ашу. Алғашқы еңбек жолын 1993 жылы  Амангелді колхозындағы  балабақша меңгерушісі қызметінен бастаған.

1996 жыл  Гагарин атындағы орта мектеп мұғалімі.

2001  жыл   Гагарин атындағы орта мектеп психологы.

2004  жыл   Көкшетау қаласы  №2 орта мектеп психологы.

2005 жыл  Алматы қаласы   №314 балабақша  тәрбиешісі.

2010 жыл   Алматы қаласы  «№165 бөбекжай -балабақша» әдіскері.

2013 жыл Алматы қаласы  «№177 бөбекжай- балабақша» меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

          «Тәрбие-тал бесіктен» басталар болса, осынау жас жеткіншектерге тәрбие беріп отырған балабақша өмірінің бүгінгі қоғамда орны ерекше. Қазіргі өмірдің өрінен туындап отырған талаптарды орындау, жаналыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-балабақша өмірінен басталады. 

         Балабақша өткен оқу жылында тұңғыш  Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазан айында аудан көлемінде  «Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек»  атты іс- шара өтті.  Іс-шараны тамашалауға аудандық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері Д.Нәлтаева, балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер арнайы шақырылды. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.

         Биылғы оқу жылында да   «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып Ұлы даланың ұлы есімдерін оқу қызметінде қолданып жатырмыз. Ұлы даланың ұлы есімдері Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқада көптеген ұлы тұлғалардың шығармаларымен таныстырып, тәрбиешілер ашық оқу қызметтерін өткізді. Өтілген оқу қызметі балаларға жақсы әсер туғызды. Олар оқу қызметіне ынталана қатысып, ақын өлеңдері мен қара сөздеріне ерекше қызығушылық танытты. 

             Осы оқу жылында да тұңғыш президентіміздің  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын тілге тией отырып мамыр айында ауқымды үлкен аудандық семинар өткізу жоспарлануда. Балаларға «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын толықтай етіп түсіндіру, сонымен қатар тарихи құндылықтарды таныту үшін балабақшадан «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.  «Рухани жаңғыру» кабинетіне ою-өрнекпен безендірілген киіз үй, түс киіз, текемет, құрақ көрпе, сияқты   қазақи нақыштағы заттар қойылған. Бұл бөлме арқылы балалар ұлтымыздың салт- дәстүрін үйреніп, тәлім-тәрбие алады.   Осы орайда ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлерді дәріптеу мақсатында балалармен бірлесіп жұмыс жасалуда. Осындай қажырлы еңбектің арқасында көптеген жетістіктерге жеткен. 

Атап айтар болсақ:

2012  жылы  Алатау аудандық  білім   бөлімінің Грамотасымен, 

2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Республикалық «Балалық шақ» орталығының Мадақтама грамотасымен,

2014  жылы  Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің Алғыс хатымен,

2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен,

2014 жылы  Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподағының ұйымының Алғыс хатымен,

2014 жылы   Қазақ  Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  Алғыс хатымен,

2015  жылы  Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің Алғыс хатымен,

2015 жылы  Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподағының ұйымының Мадақтама грамотасымен,

2016 жылы  Алатау аудандық  білім  бөлімінің Алғыс хатымен,

2017 жылы  «Ұстаз» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық кәсіптік одағының Алғыс хатымен,

2017 жылы   Қазақ  Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  Алғыс хатымен,  

2017 жылы  Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподағының ұйымының Мадақтама грамотасымен,

2018  жылы  Алматы қаласы   «Nur Otan»  партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімінің Алғыс хатымен,

2018 жылы Алматы қаласы   Білім басқармасы  Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен,  

2018 жылы «Тайжарыс-Талант» қоғамдық қоры   Президентінің  Алғыс хатымен  марапатталдым.

01.10.2014 ж. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Министр А.Сәрінжіпов «Құрмет грамотасы»  

09.02.2014 жылы  Білім басқармасы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалі,  

05.02.2017 жылы Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңес «Білім беру саласының үздігі» Құрметті медалі,  2018 жылы Халықаралық Білім берудегі дамыту Академиясының «Бала деп соққан жүрегі» медалі, 

2018 ж. Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы  Құрмет грамотасы         

2019 ж. маусым Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты»  .

2020ж. Алатау ауданы әкімінің «Алғыс хаты» 

2020 ж. Қазақстанның «Алтын кітабы» 

  10.03.2020 жылы ҚР «Астана жобалары» Халықаралық және Республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Үздік пән негізі-педагог тәсілі» атты Республикалық байқауының «РREMIYM PANDER» медалі 

 2021 ж. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің «Алғыс хатымен» марапатталған.

    

   Тұңғыш Президентіміз төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан  тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы,- деп атап өткендей, тарихымызды ұмытпайық, өткеніміз бен бүгінімізді бағалай білейік! Болашағымыз сонда ғана жарқын болатыны сөзсіз. 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

248 0
Нуршаева Эльмира,«№177 бөбекжай-балабақшасының» меңгерушісі, Алматы қаласы, Алатау ауданы мок № 001760
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: