Қазіргі ғаламдық жаңартулар мен заманауи өзгерістер шеңберіндегі білім берудің мақсаты әлемдік сапа деңгейіндегі жаңа инновациялық білім кеңістігін кұру және жас ұрпақты абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. ҚР білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытылатын «Өзін-өзі тану» пәні жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Осыған орай , жас ұрпаққа жасалған ғасырлық игілікті істің түйіні ретінде еліміздің бірінші ханымы С.Алпысқызының басшылығымен зерделенген, ізгілік әлеміндегі жаңа бастама «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы дүниеге келді.
Бүгінгі таңда он жылдан астам ғана тарихы бар «Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тану үдерісіндегі шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерін ескере отырып, отандық ғалымдардың зерттеулері мен тұжырымдарының негізінде пән ретінде қалыптасты. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін теориялық тұрғыдан дәйектеген Қазақстандық ғалымдар А.Н.Нысанбаев және Г.Г.Соловьева еңбектері негізінде тәжірибеге енгізудің жолдары қарастырылса, М.Ж.Жадрина, Ғ.З.Байжасарова,сонымен қатар фаультетіміздің п.ғ.доценті, өзін-өзі тану курсының білікті оқытушысы Б.А.Әрінова және Ұ.Әбдіғаппарова, Б.К. Құдышева, Р.О. Ізғұттынова, Ж.Ж.Әкімбаева, Ж.Қажығалиева т.б. осы пәнді білім беру ұйымдарына енгізуде оны жалпы мемлекеттік стандарттарын нормативтік–құқықтық негіздеріне сай әзірлеумен қатар, бағдарлы мектеп аралығындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындады. Ал 2010 жылы аталған пән еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне жаппай ендірілді.
Қазіргі таңда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті педагогика және Білім беру менеджмент кафедрасында «5B012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын аяқтап, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы КММ "Қызылдала жалпы орта білім беретін " мектепте өзі-өзі тану пәнінен ұстаздық қызыметімді атқарудамын. Бұл сала оқушылардың рухни-құндылықтарын дамытуға, тұлға болып қалыптасуда өзіндік мүмкіндіктерін тани білуге, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға үлкен үлес қоса алатындығымен маңызды.
Мен ұстаз ретінде оқушыларды рухани кемелділікке ұмтылатын, талапты да қайырымды болып қалыптасуы үшін барлық сабақ өтудің мүмкіндіктерін қолдануды мақсат етемін.
Қорытындылай келе, он жылдан астам тарихы бар «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әр кезеңі қайталанбас тарих беттері болса, пәннің болашақта даму үрдісі адамзат баласын ізгілікке, руханилыққа апаратын сара жол деп санаймыз. Өйткені, тәуелсіз еліміздің төл перзенттері рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгерген, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда құзыреттілік таныта алатын, бәсекелестікке қабілетті, жан мен тән үйлесімдігін сезіне алатын саламатты тұлға болып қалыптасуы тиіс. Осындай ізгі мақсатқа құрылған игі істің болашағы да зор болары сөзсіз,себебі өзін-өзі тану адамның өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыруын, тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асыруды, шығармашылық белсенділікке, өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімдікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Сондықтан өзін-өзі танудың маңызы құндылықтарды ұғындыру ,тұлға бойында дамытумен арта түседі. Бұл өз кезегінде жеке тұлғаның өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын түсінуіне көмектеседі.
Ақпан айының 1-12 аралығында жалпы білім беретін орталықтарда « Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өзін-өзі тану пәнінің оны күндік апталығы аясында «Ішкі үйлесімділік жан сарайы» тақырыбында құм терапия арқылы шығармашылық сабақ өткіздім. Сабақ мақсаты- балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Оқушылар түрлі-түске боялған құм арқылы өз қиялындағы әдемі суреттерді бейнелеп, өз ойларын еркін жеткізді. Терапия баяу әуен ырғағымен тыныштықта жүзеге асты. Сабаққа қатысушы ұстаздар да бұл әдістің тиімділігін айтып, ұсыныс ретінде жас мамандар жаңашыл әдістерді қолдана берсе екен деген ізгі тілектерін білдірді.
Қорытындылай келе, өзін-өзі тану пәнін оқытудың әр кезеңінің оқушыға берері бар. Адамзат баласын ізгілікке, руханилыққа апаратын сара жол деп санаймыз. Өйткені, тәуелсіз еліміздің төл перзенттері рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгерген, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда құзыреттілік таныта алатын, бәсекелестікке қабілетті, жан мен тән үйлесімдігін сезіне алатын саламатты тұлға болып қалыптасуы тиіс. Осындай ізгі мақсатқа құрылған игі істің болашағы да зор болары сөзсіз,себебі өзін-өзі тану адамның өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыруын, тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асыруды, шығармашылық белсенділікке, өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімдікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Сондықтан өзін-өзі тану пәні арқылы оқушының бойындағы маңызды құндылықтарды ұғындыру, тұлға болып қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Бұл өз кезегінде жеке тұлғаның өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын түсінуіне көмектеседі.