«Мектептің жаны – мұғалімі. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектеппен балалар көбірек білім алып шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», – деп ұлы педагог Ахмет Байтұрсынұлы пікір айтқан. Мектеп – оқушыларды тәрбиелейтін, білім нәрімен сусындатып, болашаққа бағдар беретін киелі мекен. Ондағы мұғалімнің теориялық білім деңгейі жоғары болса, шәкірті міндетті түрде биіктерді бағындырады. Шәкірт тәрбиелеу жолында, шығармашылықпен, жан-тәнімен еңбек етіп жатқан ұстаздарымыз жеткілікті. Дегенмен, сол ұстаздардың еңбегін мектеп әкімшілігі жүйелеп, бағыттап отырады. Осыны жүргізу үшін білім беру ұйымының өзіндік тәртібі мен ережесі бар. Соның бірі «Мектеп ішілік бақылау ережесі». Бүгінгі күні осы тақырыпты тарқатып айтамын.
Мектеп ішілік бақылау жүргізудің мәні:
1.Білім ордасындағы қызметтің жағдайын анықтау және нәтижелерді болжау.
2.Мектептің қызметінің сапасын белгілеу.
3.Сапалы қызметке қойылатын сыртқы және ішкі талаптарды (индикаторлар) анықтау.
|
|
|
Сәйкестікті «ішкі анықтау»
Мектеп ішілік бақылау дегеніміз мектеп әкімшіліг мүшелерінің басшылық тәртібі мен өз құзыры шегінде мектеп қызметкерлерінің Қазақстан Республикалық заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін сақтауына бақылау, зерделеу жүргізу. Мектеп ішілік бақылаудың негізін әкімшілік пен педұжымның педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға, педагог қызметкердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, ынталандыру мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған іс-әрекет.
Мектепішілік бақылау қағидалары:
1.Егер бақылаушы бақылаудың оң нәтижесін алуға бел буып, бірінші кезекте мұғалімнің жұмысындағы сәттілікті белгілесе, онда онымен және бақыланатын адаммен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы диалог нәтижелі болады.
2.Мақстқа жетуде бақылау қағидаттары (Бақылау нысандары мен тақырыптарын циклдік түрде қайталап отырып, жұмыс істеу процесін бақылаудың мағынасы жоқ. Бақылау мекемесінің мақсаты мен міндеттерін қол жеткізу туралы ақпарат алуға бағытталған болу керек).
3.Мектепішілік бақылау жүйесіне мұғалімнің субъективті ұстанымының қағидаты (мектепте мұғалім МІБ процесіне өздері неғұрлым белсенді қатысса – өзара бақылау мен өзін-өзі бақылау, соғұрлым олар оны түсінікті және маңызды сезінеді).
4.Бақылаудың анықтығы мен айқындығы (бақылаудың оң және теріс нәтижелері бүкіл командаға белгілі болу керек. Бұл жағдайда әр топ мүшесі өзін-өзі бағалай алады немесе жалпы критерийлерге қатысты өз қателіктерін белгілей алады).
5.Жүйелілік қағидат (егер бақылау эпизодтық болса, онда оның тиімділігі күрт төмендейді).
Мектептегі бақылау әдістері
|
|
Мектепішілік бақылау түрлері
|
Мектепішілік бақылау мақсаты мен міндеттері:
Мектепішілік бақылаудың негізгі мақсаты білім беру үдерісін бұдан әрі дамыту жөніндегі қорытынды мен ұсыныстарды қалыптастыруға ықпал ететін себеп-салдарлық байланысты белгілеп, педагогикалық жүйенің жалпы білімнің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес жұмыс істеуі мен дамуын бекіту болып табылады.
Оқу-тәрбие үдерісін тікелей бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мектеп ішілік бақылаудың мақсаты:
- педагогикалық ұжымның терең білімділігін сақтау және тұлғаның маңызды және болашақтағы қажеттілігіне сәйкес негізде білімге қол жетімділік, сапа және нәтижесін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жетілдіру;
педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіптік әлеуетін анықтау және іске асыру;
- білім алушылардың білім әлеуетін анықтау және іске асыру, тұлғаны жан-жақты даму динамикасын бақылау;
- білім мекемесінің білім беру үдерісін жасақтау және ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Мектепішілік бақылаудың міндеттері:
- білім саласындағы заңнамалардың орындалуын бақылау, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы және орындалмаған жағдайларын анықтау, олардың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау;
- педагог қызметкерлер қызметінің нәтижесіне талдау және сараптамалық бағалау жасау, озық, инновациялық технологиялар, оқытудың әдістері мен тәсілдерін енгізгені үшін жауапкершілікті арттыру;
педагогикалық қызмет нәтижесін зерделеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жағымды және жағымсыз беталыстарды анықтау және соның негізінде педагогикалық тәжірибені тарату, жағымсыз беталыстарды жою туралы ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
- бақылау үдерісінде педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету;
- оқу материалының білім алушылардың даму динамикасына сәйкес игерілу сапасын анықтау мақсатында жекелеген пәндер бойынша білім алушылар жетістіктерінің мониторингі;
- мектеп құжаттамасының жағдайы және жүргізілуін бақылау жүйесін жетілдіру.
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.
Бұйрықтың мазмұнына сәйкес біршама тапсырмалар белгіленген болатын. Мәселен, осы бұйрыққа сәйкес мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстардың тізімін ұсынсам;
- Биылғы мектепті дамыту жоспарын жасақтап, басшылық тарапынан оңтайлы шешімдер қабылданды. Соңғы бес жылда оқушылар контингентінің өзгеруі, білім сапасы, пәндер бойынша оқу сапасына салыстырмалы түрде талдау жасалды. Қортынды аттестаудың нәтижесінде рейтінгісі шығарылып, оқушылардың қалалық, аудандық пәндік олимпиядаларға қатысқаны жөнінде талдаулар жүргізілді. Біздің мектебіміздің соңғы бесжылдықта білім сапасының өскендігі анықталды. Ілгерілеудің бар екендігіне дәлел бола алды. Ол мектепішілік бақылаудың өз деңгейінде ұйымдастырылып жатқандығының арқасында.
- Мектепшілік дамытудың жоспарын талдаған соң, алдымыздағы оқу жылының мақсаты мен міндетін белгіледік. Басты талаптарға ҰБТ мен олимпиадаларда шәкірттеріміздің үздіктер қатарында болуы үшін еңбектену керектігін алға тарттық.
- Білім ордасында жылдан-жылға шәкірттер саны артып келеді.
№130 бұйрықтың мектепішілік ережесіне қатысты қосымшалары арқылы жұмыс жүргізіліп келеді. Мектептің және ұстаздардың жұмысының жемісі, шәкірттеріміздің шыңды бағындырғаны арқылы байқауға болады. Сол себепті білімді және білікті оқушыны тәрбиелеп, оны үлкен өмірге қанаттандыру біздің басты міндетіміз.