"Алты алаштың баласы қосылса, төр-мұғалімдікі"
Мағжан Жұмабаев
Шынымен де қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамда солай ма?
Мұғалімнің мәртебесін көтеретін мұғалімнің өзі ме? Елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін киелі мамандық екенің қоғам да, ата-ана да мойындауы керек. Кезіңде ұлы ғұлама хакім Абай "Адамның бір - қызығы бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім" десе ұстазға құрмет көрсету - білімге құрмет көрсету, білім-ол еліміздің ертеңі болашағымыз үшін аса маңызды.
Қазақта бұрындары балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» болатын. Себебі, ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам есептелетін. Мұғалімді ұстаз санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген мұғаліміне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, атақ-абыройынан айырылып қалған. Оның сүреңсіз дәлелдері көп-ақ. Мұғалімнің айтқанын жүре тыңдап, ескерткен әр пікірін талқыға салып, тіпті беттен алып айтысып, одан қалды сотқа беріп жатқан жайттар аз емес.
Қазіргі заманда мұғалім болу өте қиын. Мұғалімнің мәртебесі өте төмен. Өйткені балаға үйде ата-аналар тәрбие бермейді. “Мектепке не үшін барасын? Әрине, білім алу үшін. Мұғалімді тыңда, сабағыңды оқы, тәртіпсіздік қылықтар жасама” деген тәрбие аз қазіргі балаларда. Мұғаліммен байланыс аз. Ата- аналар балаларының жағдайын, үлгерімін сұраудан бейхабар, сөйтіп отырып, үйінде мұғалімдерді балаларына жамандай береді, содан мұғалім қайдан “сыйлы” болсын? Балалары бірдеңе бүлдірсе тек мектеп пен мұғалімдерді кіналап, балаларын жақтап шыға келеді. Бала кінәлі ма балаға тиісті жазасын үйден ата-анада беру керек, мұғалімнің көзінше оның кінәлі екендігін түсіндіру керек.
Мұғалімнің ақылын балалар кеш түсінеді, қадірлемейді; Басқа тәуелсіз, дамыған елдердегі сяқты ең сыйлы, ең беделді әрі сұранысы көп, жалақысы жоғары мамандық: ұстаздық және дәрігерлер екен.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының бұрынғы нұсқаларында да педагог мәртебесі туралы қарастырылған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының беделін көтеру мақсатында «Педагог мәртебесі» туралы арнайы қарастырған. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр” деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Жалпы мемлекет тарапынан мұғалімге көмек беріліп жатса қиындықтар аз болар еді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр” деген болатын. Ұстазға жүктелген ауыр міндеттерді жеңілдету үшін қоғам мен мемлекет тарапынан келетін қолдауларға ұстаздар зәру. Мұғалім мамандығына қай заманда да сұраныс бар. Оның жұмысын қоғамдық тұрғыда бағалау үшін көп жұмыстар жасалынып жатыр. Осы алған бетімізден қайтпасақ, әлі-ақ бала мұғалім болуды армандайтын, мектеп түлегі сүйсініп таңдайтын мамандықтардың қатарынан көретініміз сенімдімін.
Қазіргі қоғамдағы ұстаздар мәртебесі туралы сөз қозғар алдында, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген сөзі еске түседі. Яғни бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші жан – ол мұғалім. Қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде.
— Қазір оқу бітірген жас мұғалімдер үшін «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы мол мүмкіндік туғызып отыр. Осы секілді бағдарламалар көп болса мұғалім мерейі жоғарлайды деген сенімдеміз.