Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1477

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы білім сапасын арттыру

           Заман талабына сай, зерделі ой-өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру – мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып саналады.  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдануға  бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » - делінген. Сондықтанда қазіргі кезеңде өздігінен білімді игертуі үшін оқушының  белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқыту барысында қойылып отырған талаптардың бірі.  Уақыт өзгереді, бұрын  тұрақты-лық, қарапайымдылық, сенімділік, болжамдылық, бұқаралық,  консерватизм болса .... Қазір мүлдем өзгеше даралылық, өзгергіштік, болжау мүмкін еместігі, белгісіздік, күрделілігі, роботтандыру, автоматтандыру, тез өзгеретін жағдайлар кезеңі.

       «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.

       Сондықтан, ХХІ ғасыр мектебінің түлегі өз бетінше білім алу, әр түрлі ақпаратпен жұмыс істеуі, әртүрлі мәселелерді шешу үшін іс жүзінде қолдана білуі, дәлелдеп, талдай  білуі керек. Оқушы өз бетінше креативті ойлап, мәселелерді шешудің ұтымды жолдарын іздеу, өзгермелі өмір жағдайларында қарым-қатынасқа әзір, көпшіл де икемді болуы керек. Тарихи ойлау дағдыларын әрбір сабақта біртіндеп кеңейтіп мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы  тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Оқушыны  қалай дамытуымыз керек: 

- қазіргі адамның ойлау ерекшеліктерін, басқа адамдардың мәлімдемелерін дұрыс бағалауды  және өз ұстанымыңызды дәлелді түрде қорғауды 

- әртүрлі тәсілдермен ақпаратты өңдеуге көмектесуді; 

- тапсырманы түсінуді, талдауды және түсіндіруді, дәлелдер ретінде заңдылықтарды іздеуді және таңдауды; 

- қажетінше логикаға жүгінуді;

- негізгі қарама-қайшылықтарды, ұқсастықтарды анықтап бөлуді, классификация құруды;

- "дұрыс" сұрақтар қоя білуді.

        Яғни, оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға, сұрақтар қоюға, өз пікірін қорғау, қарсыластардың пікіріне сыни көзқараспен қарауға, өз жұмысына рефлексия жасауға, талдауға, жіктеуге және өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. Оқушының ойына түрткі туғыза отырып,  оны білуге одан әрі құлшынысын туғызу болса ғана оқуға деген белсенділік артады. 

       Сын тұрығысынан ойлау технологиясын егжей-тегжейлі қарастыра отырып, оны өз пәнімде оқытудағы мүмкіндіктерімді көрсетуді мақсат еттім. 

Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолданатын әдіс-тәсілдерім:

1.Ой  шақыруоқушының осы тақырып бойынша алған білімін өзектендіру және қорытындылау:

- «Таза тақта»;

- «Миға шабуыл»;

- «БББ» кестесі;

- «Идеялар» қоржыны;

2.Ұғыну, яғни жаңа ақпарат алу:

- «Кластер»;

-  «Ақылдың алты қалпағы»;

- «Венн» диаграммасы;

- «IDEAL»  тәсілі;

- «Балақ қаңқасы/фишбоун» диаграммасы;

 3.Рефлексия, алынған ақпаратты қорыту:

- «БКТЗО» кестесі;

- «ПТМС» формуласы;

- «Синквейн»;

- «PSET» талдау;

 

Бірінші кезең - ой шақыру

     «Таза тақта» тәсілін қолдану

 Қ. Рысқұлбеков           1986 жыл                

Алматы                        Желтоқсан

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы 1986 жылғы  Желтоқсан оқиғалары»  9 сынып.         

 

       «Идеялар» қоржыны.   Себетке фактілерді, пікірлерді, есімдерді, мәселерді, сабақ тақырыбына қатысты ұғымдарды  «салуға»  болады. Сонымен қатар, сабақ барысында оқушының санасында әр түрлі дәлелдер немесе пікірлер, мәселелер немесе ұғымдар логикалық тізбектерге қосылуы мүмкін

- атаулары;

- идеялар(түсінік);

- ұғымдар;

- шешімдер;

- ұсыныстар;

Сабақтың тақырыбы: «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан»9 сынып

 

Екінші кезең – ұғыну(түсіну)

       Кластер құру. « Әлихан Бөкейхан» 

- орманшы-ғалым;

- заңгер;

- абайтанушы;

- ағартушы;

- журналист;

- қоғам қайраткері;

- саяси көшбасшы;

Сабақтың тақырыбы: «XX ғ.басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері» 8 сынып

       Венна диаграммасы. «Әскери коммунизм»   саясаты  мен  ЖЭС-тың ерекшеліктері мен ортақ  тұсын көрсету.

Сабақтың тақырыбы:  «Әскери коммунизм саясатынан ЖЭС-қа көшу» 8 сынып

      «IDEAL» тәсілі.        

 I – мәтін мазмұнындағы проблеманы  (тарихи оқиғалардың себептерін) анықтайды

D – проблеманы  сипаттайды

Е– проблеманы шешу жолдарын анықтайды

А– проблеманы шешу үшін әрекет жасайды

L –  қорытынды    жасайды

Мысалы:  1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын оқығанда көтерілістің себептерін анықтайды, оны сипаттайды, мәселені шешу жолы ретінде көтерілістің мақсаты, әрекет жасауға көтерілістің барысын талдайды,  қорытынды жасайды. 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» 9 сынып

       «Балақ қаңқасы/фишбоун» диаграммасы. Себеп-салдарлық сызба болғандықтан сабақта жиі қолданамын. Мысалы: Желтоқсан оқиғасы  неге халықтық сипат алды ? Қиын мәселенің сыни тұрыдан шешімін тауып, жаңа ойға жол ашып, салыстырып жинақтауда осы тәсілді алдым. 

 Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» 9 сынып

 

Үшінші кезең-рефлексия.

«БКТЗО» кестесін сын тұрғысынан  ойлау тәсілі болғандықтан сабақтың басында немесе соңында толтыруға болады.

Б

Ол туралы не білемін?

К

Не білгім келеді?

Т

Көбірек ақпаратты қайдан таба аламын?

З

Мен нені зерделеуім керек?

О

Одан әрі не істеуім керек?

Демография

Урбандалу 

Урбандалу үдерісіне қандай факторлар әсер етті?

Қосымша деректерден

Демографиялық өзгерістердің себептерін айқындаймын

Демографиялық өзгерістердің салдарын анықтаймын

Сабақтың тақырыбы: «Тоқырау» жылдарындағы демографиялық процестер» 9 сынып

 

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі.  Оқушылар негізгі мәселені бөліп көрсетеді, ақпаратты талдайды және жүйелейді.   Сыни тұрғысынан ойлаулары, шешендік  қабілеті өз көзқарастарын дәлелдеулерінен анық көрсете алады. Сонымен  қатар қалпақтың түсіне қарай топтастырып, берілген тақырыпты талқылайды. Мысалы :

Ақ қалпақ : 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру..., 1954-1964жж. 25,5 млн гектар жер игерілді. 

Қызыл қалпақ: Тың және тыңайған жерлерді игерудің күнгей мен көлеңкесі қатар жүрді... 

Қара қалпақ: Тың және тыңайған жерлерді игеру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді толығымен шешіп бермеді.

Сары қалпақ: Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды жақтарына тоқталады.

Жасыл қалпақ: Қателіктерді жөндеудің тың жолдарын көрсетеді, тың идеялар ұсынады.

Көк қалпақ: Тың игеру барысын, жағымды және жағымсыз жақтарын сыни көзқараспен талдай отырып, қорытындылайды.

Сабақтың тақырыбы: «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» 9 сынып .

       «Синквейн»   тәсілі қалыптастырушы  бағалау немесе кері байланыс кезінде қолданамын.

1. Түрксіб.

2. Маңызды. Ұзын.

3. Жалғастырады. Тасымалдайды. Байланыстырады.

4. Орта Азияны  Сібірмен байланыстыратын құрылыс 1931 жылға қарай аяқталды.

5. Темір жол.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустриализация» 9 сынып.

        Білім беру үрдісінде сын тұрғысынан ойлау   әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылар өзін жеке дара тұлға ретінде ашуға, өз ойларын ашық, еркін айтуға, бір –бірінің пікірін тыңдауға және құрметпен қарауға, бірін-бірі бағалауға дағдыланады, яғни тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары көп екендігіне көз жеткізуге болады.

Нәтижелері :

- Оқушылардың  ынтасы  жоғары болады.

- Оқушылардың ойлау қабілеті  өседі.

- Өз бетінше жобалау, тұжырымдамалар құру және олармен жұмыс істеу қабілетінің өсуіне ықпал етеді.

- Ақпаратпен алмасу, оны түзету, басқа адамның көзқарасын түсіну және қабылдау қабілетін дамытады.

         Қорыта келе, осындай әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында қолдана отырып, оқушылардың тарих сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы  біліміндерін жетілдіріп,  оқу сапасын артыруға болады.

433 0
Джексембаева Баян Кинаятовна, «С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы № 001749
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: