Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1476

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін калыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация- арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»,- дейді.

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «инновация, инновациялық үрдіс» деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлік қызметі» деп жазады.

Инновациялық әдіс- тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Оқытудың инновациялық әдіс- тәсілдерін қолданудың мынандай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады: ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала-субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

-қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгерту;

 -оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; адамның іс- әрекеті тұрғысынан техника жаңалықтарын енгізу;

Интерактивті әдістердің мәні-әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып мұғаліммен бірлесе отырып, компьютермен жұмыс жасап оқу-танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді.

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс:

Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы керек. Мұғалім пайдаланатын интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді естен шығармайы керек:

1-ереже: жұмысқа сынып мүшелерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды танымға жұмылдыру.

2-ереже: оқушыларды осы әдіспен жұмыс жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау. Қатысушылар өздерін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап отырғаны дұрыс.

3-ереже: оқушылардын саны көп болмағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп. дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу кажет.

4-ереже: жұмыс жасайтын орнының талапқа сай болуы. Яғни, оқушылар топ, жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп-тұруға жағдай жасалуықарастырылады. Қатысушылар бірін-бірі таңдау, тақта,компьютер, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала алатындай жағдайды алдын ала қарастыру.

5-ереже: оқушыларда проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау. Алғашқы кезеңде қатысушылардың өз еріктерінше бөлінуге жол беру. Оқушыларды

дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге адамның маңызды психикалық қызметтерін, ақыл ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу үрдісін жолға қою, мұғалім қолданатын оқыту әдістері мен құралдарының жүйесі болып табылады. Оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыны субъект тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше жұмыс істеу ынтасы, оқушының ізденушілік-шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады. Демек, әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалана білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.[1;47]

Қазіргі уақытта қазіргі білім берудің өзіндік, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Соның бірі «Модульдік оқыту технологиясы». Күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік оқыту технологиясы» өте тиімді.  Оқыту технологиясының бұл нұсқасының бір ерекшелігі - білімді меңгерту емес, оқушының өз бетінше меңгеруге ұмтылатыны, жадының алуан түрлері (есту, көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, өзін-өзі өзектендеруге, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға, сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Бұл технологияның маңызды шарты оқушылар кез келген ғылыми көздерді, оқу құралдарын пайдалануға болатындығы және мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Технология авторларының бірі - Марал Мәденқызы Жанпейісованың пікірінше бұл технологияны қолданғанның үшінші жолында ғана нәтижеге қол жететіндігін атап өтеді. Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеудін тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді,шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:

  1. Жаңа идеяны іздеу.

Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

  1. Жаңалықтарды ұйымдастыру.
  2. Жаңалықтарды енгізу.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

  1. Жаңалықтарды бекіту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттыру:

Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

Міндетті деңгейдегі білім қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыр, мектеп жағдайына бейімдеу;

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулудамыз. [2;255]

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дай тудырмайды. «Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8-бабында білім беру жүйесі басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр.

 Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектулды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

Тиімділігі,жүйелілігі және басқа жақтары.

XXI ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі -функционалдық сауаттылық.[3;34]

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу - бүгінгі күннің мақсаты. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

  1. әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
  2. білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
  3. өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
  4. аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
2 188 0
Заманбекова Ж.А, «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы № 001748
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: