Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1475

АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТТІ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ








Ерте заманнан бері адамзат өзінің қажетті заттарының бәрін табиғат қазынасынан алып келеді. Сондықтан да табиғаттың бізге берген сыйын тоздырмай, қайта қорландырып отыруымыз керек. Туған табиғатты аялап, қорғауды экологиялық жолдарын ұтымды шешу, оқушылардың экологиялық ойлау дамуына, білім беру, тәрбиелеу және ағарту жүйесіне аймақтық компонентті енгізу бірден – бір тиімді әдіс болмақ. 

«Елім бай болсын десең жеріңнің бабын тап» деген ертедегі ата-бабаларымыз күзекке, көктемеге, жайлауға, қыстауға көшіп-қонып отырған. Мұның өзі табиғатқа жанашырлық, шүйгін шөпті мал аяусыз таптамасын деген ұғым. Сондай-ақ әр шөптің атын біліп, оның шипалық сырын біліп, сол шөптің өсетін жерін баптап, сақтай білген. Оны ауыз әдебиетіндегі жырлардан да кездестіреміз. Болмаса жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының: 

Шырылдап ұщқан қасқалдақ,

Көлінде жатып көркеймес

Ортайса көлдің қоғасы....

Суда жүзген нән балық, 

Шағала құсқа жем болар

Үзілсе көлдің сағасы...

деген жырларынан да аңғарамыз.

                Бүгінде өркениеттіелдер қатарына қосылуға аяқ басып жатқан кезде үздіксіз экологиялық білім беру ең басты көкейкесті мәселеге айналды. Демек, әрбір өреннің болашағы мектебінде шыңдалады. Мектеп -келешекте   елін басқарар, жер-суына иелік етер, әсем табиғатын гүлдентер, ел мерейін өсірер бірегей орта, киелі ұя.

                «Отан –отбасынан басталады» демекші баланың туған жері, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында аймақтық компонентті оқыту қазірде заман талабы болып отыр. Сондықтан да, әдебиеттегі табиғат тақырыбы- ертеден жазылып келеді. Бұл мәңгілік тақырып. Айтулы ақындардың барлығы да осы тақырыпты жырлауда небір жауhар шығармаларын тудырды. Ыбырай, Абай, Мағжан, Сәкен, Ілияс т.б. ақындар шығармаларында табиғат лирикасы ұлттық нақышпен, халықтық таным- білікпен жырланады. 

                Экология қазақ үшін жұмбақ дүние емес.

                Мұқағали ақын:

                Табиғат, жанымды алсаң алшы менің,

                Бір түйір жерге түскен тамшың едім, -

деп тебіренсе, жергілікті айтыскер ақын Мырзахан Әбжанов:

Бақшада талай гүлді теріп едім,

Иіскеп бірте –бірте көріп едім

Айнымайтын дөп иісі басқа гүлдің, 

Табылмастай тазасын көріп едім, -

дей келе адамдар табиғатқа мейірімділікпен қараса, тағылықпен бүлдірмесе, табиғатқа да махаббатпен қарау керегін, гүл нәзік, ол да тіршіліктің көзі екендігін айтып отырғанын аңғарар едік.

                 Сонымен қоса хакім Абай атамыздың жыл мезгілдерін жырлаған өлеңдерінен сол кездегі табиғаттың тазалығы, бүлінбегендігі жырланса, осы тақырыптарды өту барысында Кешірім Бозтаевтың «Семей полигоны» кітабынан атом бомбасын сынау барысындағы жер – Ананың тозуын, болмаса кешегі Аралдың тағдырын салыстыра кетуге болады

                7-сыныпта І.Жансүгіровтің «Ағынды менің Асуым» , 8-сыныпта «Жетісу суреттері» шығармаларын оқытамыз. Міне, бұл өлеңдер тұнып тұрған табиғат.

                Итмұрыны мөлдіреп,

                Қудырлап қоңыз ұшады...

                Суға төнген бір шыбық

                Дірілдейді, сырылдайд

                Оған қонған бір шымшық

                Шиқ-шиқ етеді, шырылдайд,-

деген шумақтар арқылы ақын жырлағандай ауыл табиғатына деген құштарлық, қоршаған табиғат байлығына деген сезім мен сенімдерін арттырамын. «Жер ұйығы өзімнің қасымда екен» деп Мұқағали ақын жырлағандай өз елінің табиғатын тамашалауға саяхатқа апарамын.

                «Жетісу суреттерінде» көрсетілген 114 шөптер мен жан-жануар, жәндіктердің атауларына орай, ауылымызда ондай өсімдіктер бар ма екенін анықтап, суреттерін салып, жұмбақтарын жасырту,сөзжұмбақ құрату сияқты шығармашылық тапсырмалар да беремін.Табиғат жайлы өлең шығарып, әңгіме жазу арқылы оқушылардың туған жердің табиғатына деген сезімін ғана оятып қоймай , ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын да молайтамын. 

                Табиғат жайлы оқулықта Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа», Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер», Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер қом сулар», «Айналайын Ақжайық» , эпостық жырларды өтеміз. Ауылымыздың шетінде Қасабай батырдың кесенесі бар. Сол кесенеге оқушыларды саяхаттатып апарып қана қоймай, батыр жайлы деректер беру, сол ескерткіштің жанын бойлай ағып жатқан Мамырсу өзенінің тарихына тоқтала кету мен үшін үлкен бір жауапкершілік. Өйткені ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші кез-келген шәкірт өз елінің тарихын білсе жеке тұлғаның дұрыс қалыптасқаны, сондай-ақ сабақта аймақтық компонентті қолдану – бірден –бір тиімді жол ма деймін.

                Күн өткен сайын ғылым мен техника дамып , адамзат баласы қиялымыз жете бермейтін ғажаптарға жол салып келеді. Әрбір күн тың өзгеріске , ғажап жаңалыққа толы қазіргідей жауапкершілігі мол заманда замана көшінен қалмай , уақыт талабына сай болу ертеңгі болашағымыз- жас ұрпақты саналы білімді азамат етіп тәрбиелеу бізге зор міндет пен жауапкершілікті жүктеп отыр. Сондықтан да жас буынды жергілікті жердің компоненттерін, материалдарын, құндылықтарын сүюге тәрбиелеуіміз заңдылық та шығар.

               9-сыныптың оқулығында «Айтыс және оның түрлері»  деген тақырыпты өткенде жергілікті суырып- салма айтыскер ақын Мырзахан Абжановтың айтыскер ақын Қ.Алтынбековпен айтыстарынан үзінді келтірдім. 

            Халқымыздың ақылгөй абыз ақсақалы М.Әлімбай атамыздың ұлттық экологиялық ұғымдарынан байқағаным: 

                Өспеген табиғаттың аясында,

                Табиғат сұлулығын аясын ба?....

                Табиғатты жасыңнан қорға, 

               Өмірдің бар өзегі сонда.....

деген өлеңдерінде қаншама даналық ой жатыр Осы тұста жергілікті ақын Мырзахан Әбжановта

              Қоршаған бізді табиғат

                Асырап бізді қорғағай...

             Табиғаттың берері

             Адамзатқа әлі көп....

деген өлең жолдарын байланыстыра келе ақындардың табиғатқа деген жүрек жылуын, аялы алақанын сезіндендей боласың.

           Ендеше, оқушыларға экологиялық білім беру – табиғатты қорғау саясаты. Сондықтан да: 

             Туған жерді сүю- парыз,

             Сүю үшін білу- парыз, 

             Қасиетін ұғу – парыз

             Күзетінде тұру – парыз

деп менің де мақсатым адам- қоғам-табиғат арасында жеке тұлға тәрбиелеу.  

 

 

190 0
Толеуова Аманжан Талгаровна, «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы № 001747
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: