Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1474

Биология пәнін оқытудың практикалық бағыттылығын артырып, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру

     Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыру міндетін шешудегі негізгі мәселе оқушыларды қазіргі ғылым негіздерімен терең таныстыру және алған білімді практикада іскерлікпен қолдана білуга үйрету. Бұл міндетті шешуде биологияны оқытудың практикалық бағытының маңызы зор. Оған табиғаттағы  экскурциялар, зертханалық сабақтар, сарамандық жұмыстар, жазғы және үй тапсырмалары, мектептегі оқу-тәжірибелік үлескілеріндегі жұмыстар жатады. 

    Мектепте биологияны оқытудың бұл формалары шын мәнінде әртүрлі себептерге, мысалы көп мектептердің жақсы жабдықталмағанына, тәжірибе үлескелерінің болмауына байланысты жиі орындалмайды. 

     Биологияның практикалық бағытын қалыптастыруда табиғаттағы экскурциялардың мәні зор, бірақ оларға бағдарламада сағат берілмеген немесе өте аз сағат берілген. Сабақтың бұл формасы көлемді материалды қамтығандықтан, оқушыларға жергілікті өсімдік түрлерін ажырата білу, оларға сыртқы орта жағдайларынң әсерін анықтай білу тәрізді дағды мен іскерлікті жүйелі түсідіру, қалыптастыру нәтижесі жеткіліксіз болып отыр.

     Табиғаттағы экскурциялардың маңызын төмендетпей ақ, біз биологияны оқытудың практикалық бағытының жүйесіне жетіспей тұрған бөлім табиғаттағы сабақтарды енгізуді ұсынамын.

Тірі ағзаларды тікелей табаиғатта оқып үйренудің ұсынған әйгілі әдіскер А. Я. Герд мұндай сабақтардың маңызы мен мәнінің зор екенін анықтаған. А. Я. Герд ағза мен ортаның өзара әсер ету тәуелділігін үнемі атап көрсетеді. Ол ағзаны «оның барлық жағдайыларымен», «өсімдікті – оның өсетін топырағымен» бірге қарастыруды ұсынады.

    «Шын мәнінде білімді – адамзат бақылау, салыстыру, және тәжірибе жолымен меңгерген» деп жазады ол. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап, салыстырып, сипатттп, талқылап қорытынды және талдау жасап, оларды қолайлы әдістермен тексере білуі тиіс. Оқушыларға өсімдік табиғаты әртүрлі морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық бейімделушілік ерекшеліктерімен біртұтас материалдық ретінде көріну үшін оны өзін қоршаған орта жағдайларымен өзара байланыста қарастыру керек.

      Биология бағдарламасында әртүрлі типтегі зертханалық  іс-әрекетшамадан тыс көп берілгеніне қарамастан, 7- сынып оқушылары өздерінің жас шамасына қажетті бақылаулар жүргізбейді. 7 –сынып оқушылары үшін табиғатпен қарым-қатынастың аздығы соншалық, өсімдіктердің мүшелері, олардың дамуы, қоршаған табиғатты тану, оны жақсы көруге және табиғаттағы дұрыс мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға жеткіліксіз болып отыр. 

      Тірі табиғат дүниеге көзқарасты қалыптастырудағы барлық қажетнәрсені береді, көптеген морфологиялық, физиологиялық және экологиялық түсініктерді жүйелеу категорияларын меңгерудегі негіз болатын түсініктерді қалыптастыруға көмектеседі.

     Табиғаттағы сабақтарды төмендегіжоспармен өткізуді ұсынамыз:

  1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен тапсырмасын айту – «сабақ соңына дейін нені білу және нені істей алу керек»; 
  2. Тақырыпқа сәйкес табиғат жөніндегі оқушыладың білімін тексеру үшін әңгімелесу:
  3. 10-15 мину көлемінде  (әңгіме, баяндау, көрсету( негізгі оқу материалының мазмұнын хабарлау;
  4. Білімді және іскерлікті ұғыну, бекіту үшін табиғи материалменоқушының өзіндік жұмысы (жұптық немесе топтық жұмыс);
  5. Жауап эталоны бойынша өзара бақылау мен өзара бағалау (бұл жерде оқушылардың білімін зерттелген тапсырмалар бойынша тестік бақылаулар ыңғайлы)
  6. Сабақ нәтижесін, қорытындысын шығару, оқушылардың іс-әрекетін бағалау; 
  7. Үйге тапсырма.

Табиғаттағы сабақ өткізетін орын ретінде сол өлкеге тән ағаштар, бұталар және табиғи шөптербұрышы бар мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік үлескені алуға болады. Үлескі болмаса мектепке жақынжердегі кез келген жасыл алапты (саябақ, шабындық, орман, жылыжай) пайдалануға болады.Сабақтың тақырыпқа сәйкес жүргізіледі, оқушылардың бақылау және жазу іс-әрекеті сол сабақта аяқталады. Биология пәні 7 сынып бойынша табиғатта сабақ жүргізудің экпериментті бағдарламасы сол өлкедегі ағаштардың, бұталардың және шөптердің түрлік құрамы жайлы түсінікті қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Оған оқушылардың өсімдік дамуын бақылауы кіреді. Оқушылар шырын қозғалысын, гүлдеу, жеміс салу, жапырақ түсуі, қолайсыз жағдайлардан шығу, жапырақтық, гүлдеу, жеміс салу, жапырақ түсуі, қолайсыз жағдайлардан шығу, жапырақтық, гүл және аралас бүршіктерден өркеннің дамуы тәрізді фазаларды (кезеңдерді) бақылайды. 

     Табиғаттағы сабақтардың әдістемесі негізгі сабақтарментығыз байланысты қарастырылады. Оны біріншіден, ұйымдастырушылық дайындықтан (табиғаттағы сабақ барысында толтырылатын кестелердің кескінін сызп қою); екіншіден, өтілген материалды қайталауға арналғантапсырмалардан (гүлдерді, жемістерді, гүл шоғырларды анықтау); үшіншіден, алдағы зертханалық сабақтың тақырыбы бойынша білім дәрежесін тексеруден көруге болады. Табиғаттағы сабақтарда өсімдіктердің маңызын ашатын материалдан кейін оқушылардың зейінін қазіргі таңдағы табиғаттың ластануы, көптеген өсімдіктердің өлуі, осыдан барып табиғатты қорғау қажеттілігі тәрізді құбылыстарға аударады. Табиғаттағы сабақтың әр сабағында оқушылардың табиғатта жүріп-тұру ереже-нұсқауымен таныстырылады.

Ал жылыжайларда жүргізілетін жұмыстар: гүлдерді күту, бақша өсімдіктерін өсіру, гүлдердің көшетін өсіру т.б жұмыстармен шұғылданады.

     Табиғаттағы сабақтар оқу уақытын, материалдық шығынды қажет етпейді және табиғат объектілерінің биологиялық, экологиялық, өлкетанымдық сипаттамаларын оқып үйренуге мүмкіндік береді.

 

636 0
Докуртова Жанар Саулебековна, «С. Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебі» КММ-нің Биология және жаратылыстану пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы № 001746
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: