Салауатты өмір салтын ынталандыру - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.
Н.Ә. Назарбаев
Мақсаты: Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға ты дрысу, оларнедай рыс рыс. Балалардың жалпы физиялогиялық жетілуін жақсарту қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
Соңғы уақыттарда балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде әртүрли дәстүрлі емес әдістер қолданылуда. Ол әдістердің көздеген мақсаты балалардың өз денсаулықтарына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Дәстүрлі емес дене жаттығулары дене тәрбиесін түрлендіру үшін емес, сондай-ақ, жеке шығармашылық ерекшеліктерді қалыптастырады. Мақсатқа жетудің әдістері мен мүмкіндіктерін табуға көмектеседі.
Дәстүрлі емес тәсілдерге халықтың әдістердің енгізілуі, баланың бойындағы жеке психологиялық денсаулығын қалыптастырады, осының негізінде әрқилы ойлау қабі літі арта.
Дәстүрлі емес формалар мен әдістер баланың ағзасына әсері келесі бағыттармен анықталған: «цигун» жаттығуларының элементтерін қолдану М. Норбековтың сауқтыру жаттығулары стретчинг (созылу), омыртқаның дұрыс қалыптасуы және аурулардың алдын алу, таяқпен жаттығу жасау, зеректік жаттығулар жәна өзінақ т.з.
Ұйқыдан соңғы « Ұйқы ашар » - жаттығулары. Төсекте жатқан орнында көрпені аяғымен серпіп тастап оңға, солға домалау. Отырған жерде
көзімізді ашып - жұмып көзімізге жаттығулар жасау. Ұыдан кейійн мышнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары.
Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда баланың ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ишкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген баланың еңбекке деген ынтасы да артады. Балаларға өз бетінше қарапайым жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді. Мұны мынадай принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең бастысы - жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек қозалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене түсуге тиіс: Әйтсе де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде адам организміне үлкен күш түспесе де, жүйке орталықтары біртіндеп қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органы жүрек өз қызметін қайтадан жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да болады: Одан кейінгі жаттығулар анатомиялық прин- цип бойынша бүкіл дененің бұлшық еттерінің әр түрлі бөліктеріне қаншалықтықіпіпітін аншалықты әгіс
Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді.
Түскі ұйқыдан кейін бой сергіту жаттығуларының түрлері:
Балалар ұйқыдан оянады.
Бойымызды жазайық,
Қолымызды созайық.
Жаттығулар жасайық.
Ұйқымызды ашайық.
1.Ояну жаттығу.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым! (құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аятарын сипау)
2.Саусақ жаттығу.
1. Бас бармақ,
2.Балан үйрек
3. Ортан терек
4.Шылдыр шүмек
5.Кішкентай бөбек
3.Тыныс алу жаттығу.
Қолға шарды аламыз,
Қатты, қатты үрлейміз.
Уф-ф-ф, Уф-ф-ф ...
Қатты үрленген шарым
Жарылып қалды, пах.
Орындыққа отырып, аяқ киімдерімізді шешеміз.
4. Табанды шынықтыру массажы
Таяқтарды жылжытып,
Массаж жасау білеміз.
Он аяққа 1-2-3,
Сол аяққа 1-2-3.
5. «Денсаулық» жолымен жүру.
Әдемі ирек жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табаңға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз.
«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»