Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI143

Егерде бала көп сұрақтар қоятын болса

Егер бала көп сұрақтар қоятын болса:

1.Баланың білімқұмарлылығын қолдауға тырысыңыз.

2.Сұрақтарға жауап бере отырып, баланы өзіңіздің білімдарлығыңызбен асыра жүктемеңіз.

3.Бала қаншалықты сұрақ қоятын болса, ол соншалықты дарынды, оның шығармашылық әлеуеті жоғары екендігін ұмытпаңыз.

4.Баланың көп сұрақ қоюына тиым салмаңыз.

5.Баланың танымдық қызығушылықтарын дамытыңыз

        Философия ғылымымен айналысатын мамандар түсіндіру дағдысын үшке жіктейді.

1. 1960 жылы жазылған Карл Г.Гемпельдің жазба жұмысынан бастау алатын «заңмен қамтылған» түсіндіру моделі белгілі бір заңға бағына отырып, аргумент келтіру арқылы іске асады. 

Егер бұл түсіндіру моделін қолданатын болсаңыз, «Неге тутұғырдың көлеңкесі 10 метр ұзындыққа ие?» деген сұраққа, оптикалық заңды, тутығырдың биіктігін, күннің орнаменты бұрышын зерттеп барып жауап беруге тура келеді. Бұл түсіндіру моделі арқылы нақты және толық ақпарат беруге болады.

2. Біріктіру моделі:

Адамға белгілі бір нәрсені түсіндіру үшін оның жан-жақты байланысын зерттейді. Олардың өздеріне тән қағидаларын, ғылыми тұсы немесе себебі және болжамы - осының бәрін біріктіре отырып жап береді. Яғни, бір түсіндіру моделімен шектеліп қалмайды. 

3. Себепті түсіндіру моделі:

Бұл - философтар арасында кең танымалдыққа ие түсіндіру моделі. Модельдің негізгі қағидасына сүйенсек, ең жақсы түсіндіру әрекеттің не себептен орын алғанын зерттеуден басталады. Мысалы, «Неге терезенің әйнегі сынды?». Дрыс жауабы жоқ, бірақ мүмкін себебі бар: "Өйткени, біреу тас лақтырған". Одан блек, біреу сізден «Қан қалай дененің әр бөлігіне құйылады?» деп сұраса, оған берілген жақсы жауаптың құрамында жүрек, қан-тамырлары және олардың қызметілы тура ақпарат болу керек.

Бала «Неге?» деген сұрақ қойған жағдайда, оған жауап беріңіз. Өйткені, бұл баланың білуге, тануға деген қызығушылығының барын аңғартады. Әрине, философияда жіктелген әр түсіндіру моделін баланың жасына сай қолдану керек. Үш не төрт жасар бала физиканың заңын (өзге де ғылыми терминдерді) білмейтіні анық, сондықтан заңды қамтитын түсіндіру моделін қолдану баланың түсіну және ойланіні. 

Ең тиімді тәсіл - себепті түсіндіру тәсілі. Мысалы, «Неге құстар жылы жаққа ұшады?». Жауабы: «Өйткені, олар суықта өмір сүре алмайды», - деген жауаптар оны қанағаттандырары анық. Балаға бір рет «Білмеймін, мазамды алмашы» деу арқылы оның әлемге дегені қызығушылығын жоғалтып аласыз. 

Сіз дұрыс түсіндіре білсеңіз, бала өзі-ақ ізденип, белгілі бір қорытындыға келеді. 

      Өз балаңыз болса, берген жауабын жазып қойып, келесі жылы тағы осы сұрақтарды қойып, екі жылдағы жауаптрын салыстырсаңыз болады. Бұл тәсіл арқылы баланың қалай өсіп, ойлау жүйесі дамып келе жатқанын анықтайсыз.

1. Ең сүйікті ойының қандай? 

2. Оны қалай ойнайды?

3. Сенің ең жақсы көретін нәрсең не?

4. Қай жерде өзіңді еркін сезінесің?

5. Арманың қандай?

6. Кішкентай бала болу қиын ба?

7. Ата-анаңды не үшін жақсы көресің?

8. Сиқырлы таяқшаң болса, не істер едің?

9. Не істеп үйренгің келеді?

10. Ата-анаңның қандай ісіне ренжисің?

11. Қандай жағдай болса жылайсың?

12. Әлемдегі ең дәмді тағам қандай?

13. Басқа адамдарға қалай көмектесер едің?

14. Мерекелерден басқа қандай күні бақытты боласың?

15. Ғажайып деген не?

16. Жалғыз өзің қалған кезде не істейсің?

17. Сен бақытты болуың үшін ата-анаң не істеуі керек?

18. Адамдар неге ауырады?

19. Бір жаққа қыдырған жақсы ма әлде үйде болған ұнай ма?

20. Інің немесе қарындасың (сіңлің) болғанын қалайсың ба? Не үшін?

21. Ең жақсы дос қандай болуы керек?

22. Саған бәрінен қай мереке ұнайды? Не үшін?

23. Сен ояу жүргенде ұйқы қайда кетеді?

24. Балаларды қалай жазалау керек? Не істесе жазалауға болады?

25. Саған не ұнамайды?

26. Мультфильмдегі қай кейпкер ұнайды?

27. Қыз бала мен ұл баланың айырмашылығы неде?

28. Қызбен дос болған ұнай ма әлде ұлмен бе?

29. Адамдар кітапты не үшін оқиды?

30. Жақсы көңіл күй және нашар көңіл күй деген не?

31. Әлемде не нәрсеге таң қаласың?

32. Адам не үшін ренжиді?

33. Неден қорқасың?

34. Не істемегенің үшін өкінесің?

35. Өскенде кім болғың келеді?

36. Сені қалай еркелеткенін қалайсың?

37. Отбасыңда бірнәрсе өзгертетін болсаң, не өзгертер едің?

38. Ал сіз балаларға қандай сұрақтар қоясыз?

269 0
ДӘУЛЕНБАЙ ЭЛЬМИРА №30 «Назерке» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000086
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: