Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1421

Боралдай жалпы орта мектебінің тарихы мен ұлағатты ұстаздары

Тарихы мол, іргелі білім шаңырағы болып саналатын мектептің бірі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан «Боралдай жалпы орта білім беретін мектебі». Боралдай жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1993 жылы ашылған. Қазіргі таңда мектебіміз Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы  іргелі мекемелердің бірі. Мектеп 1993 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мектепте 254 оқушы білім алуда. 

  Мектепті білікті ұстаз, көп жылдық тәжірибесі бар Бекетов Қайрат Елтайұлы басқарады. Оқушыларға оқу-тәрбие үдерісін қажеттіліліктерін қамтуда басшының орынбасарлары- Дінмұхаммет Тасбергенұлы Орынбаев, Жанибек Курманбекович Абденкулов, Абылай Мейрамбекұлы Бархыбаевтар қызмет етуде. 

   Оқушыларды білім нәрімен сусында 50-ден астам педагог мамандар бар. Оның ішінде «педагог-модератор» мұғалімдер саны-9, «педагог-сарапшы» мұғалімдер саны-13, «педагог-зерттеуші» мұғалімдер саны-12. Білікті мамандар мектептің білім сапасын арттыруға орасан зор қызмет етуде. 

                                                                             

  Мектеп оқушылары түрлі конкурстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Аудан, облыс деңгейіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен қашықтықтан ұйымдастыралатын сайыстар, байқулардан мектеп оқушылары алдыңғы қатардан табылуда. Мәселен, аудандық «зерде» зерттеу жұмыстары мен балалардың шығармашылық жобаалар конкурсының аудандық кезеңінде 3 орын алған Айтбай Айсұлтан Мақсатұлы марапатталды. Ғылыми жетекшісі- Алимбаева Гүлбибі. 

 Сондай-ақ, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегері Құралбек Нұрай Қасымқызы марапатталды, жетекшісі-Белхожаева Назира. 

  Ал жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 1 орын иегері- Суан Нұрмұхаммед Досболұлы қатысып, облыстық кезеңге қатысып келді. Дәл осы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 6 сынып оқушысы- Жамбул Гүлсім Қайратқызы иеленді. 

  Боралдай жалпы орта мектебінің  бітіруші түлектер 11 сынып оқушылары да ҰБТ оң нәтиже көрсетіп, мемлекеттік грант иегерлері атанып келеді. 

  Қорытындылай келе, мектеп- кеме, білім- теңіз»- демекші мектебімізде оқушыларды қазіргі заман талабына сай білім мен білік, дағдыларының қалыптасуында, қазіргі таңдағы білім бәсекесіне түсуге дайын сауатты оқушылар тәрбиелеуде еңбек етуде. 

 Мен, Абденкулов Жанибек Курманбекович 1983 жылы қарашаның 9 күні Бәйдібек ауданы, Жоғарғы Боралдай ауылында дүниеге келдім. 2001 жылы мектептегі оқуды аяқтап, Қайнар университетіне педагогика және психология мамандығына оқуға түсіп, 2005 жылы университетті аяқтадым. 2006 жылы Боралдай жалпы орта мектебіне педагог психолог мамандығы бойынша жұмысқа кірісіп, осы сала бойынша 2016 жылға дейін жұмыстар атқардым. 2016 жылдың ақпан айынан бастап мектеп директорының орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2018 жылы   екінші жоғары білім тарих мамандығы бойынша университет бітірдім. Қазіргі таңда тарих пәнінен сабақ жүргіземін, педагог-модератормын. Ал педагог-психолог мамандығынан 1-санатты педагогпын. 2016 жылдан бері педагог мамандарымызды түрлі іс-шараларға, олимпиадаларға, байқауларға қатыстырып, біліктілік курстарынан өткізіп, кадрлық даярлықтан өткіздік. 

Мектеп мұғалімдері толығымен жаңартылған білім мазмұнын меңгерген. Қазіргі таңда педагогтердің 85%-ы санатты, оның ішінде  жаңа санатты педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор мұғалімдеріміз бар. 

Жалпы мектеп бойынша 17-сынып комплектіс бар, 1-11 сыныптар аралығында 254 оқушы оқиды, екі даярлық тобымызда 27 оқушы білім алуда.

Мектебіміз 2 қабатты ыңғайластырылған мектеп болғандықтан оқушыларымыз екі ауысымға бөлініп оқиды, мектебіміздің көлемі оқушы санына шаққанда тарлық етеді.

Мектеп директорымыз Бекетов Қайрат Елтайұлы отыз бес жылдан аса педагогикалық еңбек өтілі бар, мектеп директоры қызметін атқарып жатқанына он екі жыл болды. Мектеп директоры қызметі барысында ротация бойынша Қаратау жалпы орта мектебінде қызметін атқарып келді.

Мектеп директорының орынбасары болып қызмет ету барысында оқушыларымыз бен мұғалімдеріміз облыстық деңгейде жүлделі орындарға, марапаттарға ие болды, соның бірі бастауыш сыныптар арасында «Бастау Математика» сайысынынан оқушымыз Құрманбек Шұғыла ІІ орын иеленді. Облыстық «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауынан Тәшім Диас ІІІ-дәрежелі диплом иегері атанды. Математика пән мұғалімі Бегалаиев Даулетхан Шерханұлы «RoboFest Turkistan» облыстық байқауынан ІІІ орын иеленді.

Қазіргі таңда педагогтеріміз үздіксіз білімдерін жітілдіріп, заман талабына сай ақпараттық коммуникациялық технологияларды игеріп, оқушыларымыздың білім сапасын арттыруға аянбай үлестерін қосуда. 

 

Белхожаева Назира Тұрлыбекқызы  «Боралдай» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,үздік педагог. 

Еңбек жолы және жетістіктері: Аудан оқушыларының   «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол!» атты аудандық өнер фестивалінде ұлт мұрасы мен ел бірлігін, отан сүйгіштікті насихаттаудағы зор үлесі үшін «Боралдай» жом Құдайберген Ақерке жетекшісі: Белхожаева Назира марапатталады

Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға  белсене араласқаны үшін  Белхожаева Назира Тұрлыбекқызына алғыс білдіремін.

«Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың республикалық конкурсының облыстық  кезеңінің жүлдегері Құралбек Нұрай  Бәйдібек ауданы, Боралдай жалпы орта мектебінің  4- сынып оқушысы  III дәрежелі Дипломмен марапатталады. Жетекшісі: Белхожаева Назира Тұрлыбекқызы

«Мұғалімдер айнасы» Республикалық ғылымы- танымдық, тәрбиелік педагогикалық  материалдар жинағының № 41 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін Белхожаева Назира Тұрлыбекқызы Дипломмен марапатталады.

 Жылқыбаева Айжан Телтаевна «Боралдай» жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі. Ізденіспен  жұмыс жасайтын еңбекқор ұстаз.

Зерттеу тақырыбы:  География сабағында географиялық есептерді шығара отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру

Сертификаттары: Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын креативті ойлауын дамыту,TIMSS және PIZA   бағдарламасы. Жаңартылған білім   беру мазмұны бойынша сертификат.

Жетістіктері: Аудандық оқушылар олимпиадасы 3-орын 2021ж

Алтын ұрпақ зияткерлік олимпиадасы 1,2,3. Орын  2021ж

Аудандық адами әлеуетті дамыту   меккемесінің алғыс хаты

Республикалық ұстаздар арасындағы   интеллектуалды олимпиадасы: 3-дәрежелі диплом

Сейітқұлова Динара Боранқызы «Боралдай» жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі.

Баяндама тақырыбы: Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың   қызығушылығын арттыру.

Зерттеу тақырыбы:  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сертификаттары: «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу», «ХХI ғасыр педагогі» біліктілікті арттыру А1,А2,B1.B2.C1 деңгейлері; «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» , «Физика біліктілікті арттыру», «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын креативті ойлауын дамыту»;

Аудандық Алғыс хаты: мұғалімдер олимпиадасында 3 орын иеленгені үшін;пән олимпиадасынан оқушысы 2 орын иеленгені үшін; «Ең үздік жаңартылған сабақ» 2 орын 

Облыстық Диплом «Білім саласына қосқан үлесі үшін»

«Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін » төсбелгісімен марапатталған.(Қазақстан педагогтар қауымдастығы)

 

 

 

 

 

 

    

245 0
Абденкулов Жанибек Курманбекович, «Боралдай» жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Белхожаева Назира Тұрлыбекқызы, «Боралдай» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жылқыбаева Айжан Телтаевна, «Боралдай» жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Сейітқұлова Динара Боранқызы, «Боралдай» жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы мок № 001631
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: