Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1420

Менің сүйікті мамандығым

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу –адамның асылдығы,-деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда,мен өзімді бақытты сезінемін.Ұзтаз болғаныма мактанамын.Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Себебі, мен өз әкімнің жолын қуып, ұстаздық мамандығын таңдағанымды мақтан тұтамын.Бұл-қиының  қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз- бала болмысына өзгеріс енгізуші,бағыт- бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың  ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін жамандық мамандық-ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден,адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық елуді мойнына алған маман.                                                                                                                     Осындай қызығы да, қиындығы мол  мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу-бала кезімнен арманым еді. «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік ккөбіне ұстазға келіп тіреледі.

Ескендір Зұлқарнайыын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол-ұстазым Аристотель»,,-десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.Ендеше,  менің де табынатын ұстазым-ақылшым ұлағатты ұстаз әкешім-Есімжанов Омарқажыны мақтанышпен айтамын. Өмірде осы кісінің берген ақыл білімінің, үйреткен тәлім тірбиесі менің алғаш ұстаздық жолын бастағанда көптеп септігін тигізді. Қазіргі заман талаптарына сай ұстаз шәкіртіне ғылым  негіздерінен мілімет беріп  қана қоймай, оны  дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. 

Ал жаңашыл ұстаз қандай болу керек ? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа   рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр әр түрлі кездейсоқжайыттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп,болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың  жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі-белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі-жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз- баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты ешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр ұстаздың борышы.Ол-өз кәсәбін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетән адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспаеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес,бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстаазым деп атайды. Осы тұста Абай атамыздың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-деген өлең  жолдары еріксіз еске оралады. Егер әр шәкіртің өмірде бір кірпіш болып қалануына үлесімді қосып жатсам, шәкірттерім өзімнен озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!

296 0
Есимжанова Айжан Омаркажиновна, «Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алматы облысы , Алакөл ауданы, Жыланды ауылы мок № 001630
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: