Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI142

Домбыра – халық мұрасы

  Өткен ғасырдың соңында еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, тарихымыз түгенделуде. Ендеше қазақтың күй өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр-сипатын анықтап, дәстүрлік ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Мұның өзі, күй жанрының даму сапасының келешекте жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді. Дәл осы кезеңде біз табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген күйлерді студенттерге үйретуге міндеттіміз, әрі мұны болашақта жас күйшіні тәрбиелейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұлағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені күй – қазақ халқының рухани асыл қазынасы.

            Қазіргі домбыра үйрену әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керек. Халық күйшілері қалдырған күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтап, қазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тәсілдерін жасап, домбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп отыр.

          Қазақта  күйшілік өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ендеше, Ұлы Қорқыттан бастап ұлы халық күйшілері өзінен-өзі пайда болмағаны белгілі жай. Олардың тәлім-тәрбие алған ұстаздары болғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың әншілік, жыршылық, күйшілік, шешендік, ақындық сияқты өнер түрлері қалыптасқаны мәлім.

         Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады. Қазақта күй өнері тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін жүзднген көне күйлер, күй жанрының дәстүрлік сипаты, күй жанрының мектептері т.б. сапалық дамуы тарихи шындық. Халық өнерпаздарының өздері жасаған әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан-ақ білеміз.

       Ең бастысы бұрынғы халық күйшілерінің күй үйрену тәжірибесінен адасып қалмау. Қүйдің мазмұнын түсініп, мәнерлеп жақсы тарту үшін шеберлік қажет. Күй тартудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек, ғасырлар бойы қалыптасқан күй тарту өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек.

         Ендігі жерде, халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандыра алатындай дәрежеде домбыра өнерін дамыту үшін, домбыра тарту шеберлігін жан-жақты зерттеген еңбек қажет. Көнеден келе жатқан күй өнерінің тарихы жайлы, дәстүрлік түр-сипаты және мектептері туралы жүйеленген бағыттары айқындалуға тиіс. Батыс Қазақстан мектебінің орындаушылық дәстүрінде домбыраның барлық техникалық дыбыс мүмкіншілігін пайдалану салалары көп. 

           Домбыра – сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын түрлері бар. Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.

           Тұжырымдай келе, домбыра  – халықтың қадір-қасиеті, ділі, тілі, заманымыздың өміршең өнері бүгінгі күнге дейін сақталып, өміріміздің қазығы, ұлықты ұраны болып қала бермек.  Ұлттық өнердің, соның ішінде рухани мұрамыз саналатын-домбыраның кең көлемде насихатталуына, тарихымыздағы орнын жоғалтпауына бей-жай қарамау – біздің ұрпақ алдындағы борышымыз. Домбыра – халық мұрасы

         Өткен ғасырдың соңында еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, тарихымыз түгенделуде. Ендеше қазақтың күй өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр-сипатын анықтап, дәстүрлік ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Мұның өзі, күй жанрының даму сапасының келешекте жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді. Дәл осы кезеңде біз табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген күйлерді студенттерге үйретуге міндеттіміз, әрі мұны болашақта жас күйшіні тәрбиелейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұлағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені күй – қазақ халқының рухани асыл қазынасы.

 

            Қазіргі домбыра үйрену әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керек. Халық күйшілері қалдырған күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтап, қазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тәсілдерін жасап, домбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп отыр.

           Қазақта  күйшілік өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ендеше, Ұлы Қорқыттан бастап ұлы халық күйшілері өзінен-өзі пайда болмағаны белгілі жай. Олардың тәлім-тәрбие алған ұстаздары болғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың әншілік, жыршылық, күйшілік, шешендік, ақындық сияқты өнер түрлері қалыптасқаны мәлім.

          Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады. Қазақта күй өнері тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін жүзднген көне күйлер, күй жанрының дәстүрлік сипаты, күй жанрының мектептері т.б. сапалық дамуы тарихи шындық. Халық өнерпаздарының өздері жасаған әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан-ақ білеміз.

           Ең бастысы бұрынғы халық күйшілерінің күй үйрену тәжірибесінен адасып қалмау. Қүйдің мазмұнын түсініп, мәнерлеп жақсы тарту үшін шеберлік қажет. Күй тартудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек, ғасырлар бойы қалыптасқан күй тарту өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек.

          Ендігі жерде, халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандыра алатындай дәрежеде домбыра өнерін дамыту үшін, домбыра тарту шеберлігін жан-жақты зерттеген еңбек қажет. Көнеден келе жатқан күй өнерінің тарихы жайлы, дәстүрлік түр-сипаты және мектептері туралы жүйеленген бағыттары айқындалуға тиіс. Батыс Қазақстан мектебінің орындаушылық дәстүрінде домбыраның барлық техникилық дыбыс мүмкіншілігін пайдалану салалары көп. 

         Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұ перзын, он. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернени басып отыру), «іліп-қақпай» (апай) «аіліект» (іі) аталатын түрлері бар. Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, ос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.

          Тұжырымдай келе, домбыра - халықтың қадір-қасиеті, ділі, тілі, заманымыздың өміршең өнері бүгінгі күнге дейін сақталып, өміріміміздің азықермы, міріміміздала азықермы, азықермы, азықермы, азықты, азықты, Ұлттық өнердің, соның ішінде рухани мұрамыз саналатын-домбыраның кең көлемде насихатталуына, тарихымыздағы орнын жоғалтпауына бей-жай қарамау - біздышізің ұрдаы борды борды борды.

250 0
ХАЛЫКОВА ЖАНАР №30 «Назерке» бөбекжай бақшасының ән жетекшісі Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000085
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: