Поиск статей:
--- Искать во всех категориях ---
  • --- Искать во всех категориях ---
  • Научные статьи
  • Доклады
  • Методические статьи
  • Педагогические работы
  • Отчеты менеджеров образования
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1419

Мектеп – білім-тәрбие бесігі

Мұғалім білім беру үйретуші болғанда, мектеп тәрбие алаңы. Саналы тұрғыдан алғанда,мұғалім,гуманитарлық мамандық өкілі ретінде қоғамдық құрметтің жоғары деңгейінде тұруы тиіс.Педагог мәртебесі туралы заңның     ұсынылып,талқыланып   мұғалім мәртебесі қоғамның,жұртшылықтың мұғалімге  ,пікірі өзгеріп,бала тәрбиесіне жұртшылықты жұмылдыру,бірігіп бол ашақ ұрпақты білімді,тәрбиелі,ізгі ниетті,ұлт тағдырын биік ұстайтын патриот етіп қалыптастыруға жұмыла кірісуді қажет етеді.

Қазақ халқының тарихында елеулі із қалдырған аса көрнекті мемлекет қайраткері Ә.Бөкейхан: «Адам баласының іздегені –құт-береке» дегенді. Сол құт-берекені қалыптастыратын мұғалім.Ол жас балапанға ұлттық сананың жоғары сипатын ұғындыра отырып елдік сананы,мәдениет,тіл,дәстүр,атакәсіп тәрізді ұлттық рухани құндылықтарды үйретіп бойына сіңіреді.Әңгімені шындықпен өріп,балалардың зердесіне жеткізе білу,сол арқылы білім алуға құштарлығын дамыту,ал оған жету жолы еңбек оқығанын,онан тоқығанын зерделеп өзіндік шешім қабылдауға үйрету, мұғалімнің ұзтаздық өнері.Ал оған жету жолы ізденіс,озық тәжірибелерді әр тарапты қолдану,сараптау,тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау.Мұғалімдермен,ата-анамен қоян-қолтық жұмыс істеу.Көнекөз қариялардың берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле деуі сондықтан.Егер мұғалім жан-жақты білімді,шәкірттерінің жан дүниесіне үңіліп оларды білмеуден-білуге, шала білуден-толық білуге баулып,өзіне сенімін қалыптастырса,қасындағыларға қалытқысыз көмекке үйретсе мұғалімнің мәртебесі мен беделі артады.Мұғалім өзінің жүріс-тұрысымен,киім киісімен, сөз саптауымен және көпшілік орында өзін-өзі ұстауымен,білімімен өзін-өзі көрсетпесе,соған қалайда жетем деп талпынбаса—беделді бола алмайды.Мұғалім балалардың  сыншы екенін ұғынуы,оларға жол табу қажеттілігін есте ұстауы керек. «Балаға дауыс көтерген мұғалім-әлсіз мұғалім». Ұлы Абай хәкім айтқан «Кейде үндемей қалу да үлкен ақылдылық»  -дегенін ата-анамен тәрбие жұмысында пайдаланып,балаға жөнсіз ұрыспау,олардың ойын тыңдау,терістігін өзіне іздетіп өзің-өзі тануға үйрету.Ұшқалақ мінезді баланы сабырлыққа,терең ойлауға баулудың бірнеше әдіс-тәсілі бар,осыны дәл тауып пайдалану мұғалімнің беделін нығайтады.

Бүгінде бала тәрбиесінде кем келе жатқан орынсыз өбектеу. Дене қозғалысының аздығы.Сонау VІІ ғасырда Хожа Әбізер Жәмхұр хәкім «дене қозғалысы-ойдың тереңдеуіне жетелейді,ал халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деген болатын. Бүгін балаға ата-бабалардың «Білім-бақтың жібермейтін қазығы,білімсіз бақ –әлдекімнің азығы» дегенді асыру жолы оқу және оқығанды тоқу.Көркем сөйлеу ,көркемді көз тартатын көріністі ұғыну бейнеленген сурет сырын ұғынуға,би өнерінің көркемдігі,музыканы тыңдаумен қатар түсіну  бұл рухани биіктікке үйрету.Бала тәрбиені Ата-анасынан,ортасынан,мектеп,бала бақшадан алады.Қайсысы қонымды сол жаққа бейімделеді.Бала еліктегіш,оғаш болса да ерекше көрінетін істерге әуес.Ал сол ортаны қалыптастырған ұзтаздар. Жаманнан жиреніп,жақсыны үйрену –жұмыла бірігіп жұмыс істеуді қажет етеді.Дінмұхамбет Қонаев ата айтқандай «Қиюы келмейтін дүние болмайды,жұмыла көтер» . Бала тәрбиесі баршаның ісі. Мектеп-білім-тәрбие бесігі.Білім ордасына тарыдай болып келген балаларға бәлім нәрін себуі тиіс. Мұғалім- мектептің жүрегі екенін ұмытпағаныз жөн.

698 0
Абденова Гүлнар, Химия пәнінің мұғалімі, Атырау қаласы,Алмалы орта мектебі мок № 001629
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: