Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1403

Мектеп – ауыл айнасы

Қазіргі мектеп – ұдайы даму үстінде, себебі әрбір елдің болашағы мектебінде шыңдалады. «Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің жастарына     қара» - деп ғұламалар айтқандай, еліміздің негізгі  тірегі - білімді, білікті жастар. Жас ұрпақтың бойындағы табиғат берген қабілеттілікті тани білу,             жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.  Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ынтымағы жарасқан, нәтижеге бағытталған білім беру ісінде табысты жұмыс жасап келе жатырған «№16 жалпы   орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сыпатай ауылында орналасқан. Ауыл көп ұлтты. Онда 7-ден астам ұлт өкілдері қоныстанған. 

1933 жылы жеті жылдық мектеп болып ашылды.  2007 – 2008 жылы негізгі мектеп орта мектеп атына ауыстырылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың   2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты  жолдауында “... Қазақстанның өңірлерінде 100 жаңа мектеп” бағдарламасы аясында салынған. Бұл Тәуелсіздіктің – біздің ауылға берген сыйы деп білемін.  Мектеп 2008 жылдың қыркүйегінен пайдалануға берілді.   

 

         Бүгінде мектепте 273 білім алушы. ІІ топ шағын орталық, 50 бала тәрбиеленуде. Мектебімізде 49 педагог жұмыс істейді, олардың 46  жоғары білімі бар.  2020-2021 оқу жылы өткізілген аттестаттау қорытындысы бойынша педагог-модератор – 21 мұғалім, педагог-сарапшы – 18 мұғалім,  педагог-зерттеуші – 8 мұғалім, педагог-шебер 2 мұғалім. Облыстық, аудандық  олимпиадалар мен байқаулар:  облыстық  39,8% құрады. Халықаралық және Республикалық қашықтық олимпиадалар: Республикалық 42%,  халықаралық 21%,  қашықтық 68% құрады. Зияткерлік конкурстар, түрлі деңгейдегі олимпиадалар жүйесі арқылы дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Атап айтсақ,  Республикалық (Зерде, Дарын РҒПО, Ақберен, Ақбота, Шамшырақ, IQanat, «Мың бала» жоба),  байқауларына 54 білім алушы қатысып,  46 жүлделі орын иеленді. Халықаралық (ПОНИ,  British bulldog, Алые Паруса, Кенгуру) интеллектуалдық марафондарға  36 білім алушыдан 21  жүлделі орындармен марапатталды. Қашықтықтан өткізілген (AqyldyStudEnt, www.iqcenter, «Qazaq Qogam», KIO) байқауларына 68 білім алушы қатысып, 32-сі жүлделі орындармен сертификат  иеленді.   

Жаңа қазақстандық  патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты   бойынша:  Елбасының Жолдауы, 1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым» атты бейнебаян, бастауыш сыныптарда «Елбасы ел тірегі, ел сенімі», «Елбасы – ел мақтанышы»,   «Елін сүйген –Елбасы», «Әлем таныған кемел тұлға», «Ғасырдың ғажап азаматы»  тақырыптарында қашықтан бірыңғай сынып сағаттары, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне  «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы», «Тәуелсіз елім - тірегім», «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыптарында қашықтан сынып сағаттары ұйымдастырылып, «Тәуелсіздік - тұғырым» тақырыбында қашықтан шығармалар байқауы өтті.  «Жол қозғалысы ережелерін білу қауіпсіздік негізі»   қашықтан  сынып сағаты, «Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету түрлері», «Тарих тағылымы» қашықтан танымдық сабақ, «Жол-көлік жарақатының алдын алу», «Абайлаңыз, көктайғақ!», «Пиротехникалық заттардың қауіптілігі» қашықтан дәріс, «Алау» әскери-спорттық ойын, «Жеңіске тағзым» концерттік бағдарлама өткізілді.  Діни экстремизмнің алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатындағы тақырыптарға баса назар аударылды. 

Рухани- танымдық  тәрбие  бағыты   бойынша: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Тіл мерекесі «Тіл-татулық тірегі» А.Байтұрсыновтың мұрағаттық бейнебаян қашықтан көрсетілді. «Кітапхана-білім ордасы» виртуалды көрме, «Кітап оқуыма үш себеп» атты қашықтан сыр-сұхбат, Отанымыз Қазақстанның Символдары бойынша қашықтан виртуалды турлар, «Оқуға кеңес береміз» қашықтан кітапханалық сабақ, «100 кітап» жобасы, «Кітап оқу сәні» бейнеролик, «Менің шағын кітапханам» қашықтан бейнебаян, «Ең үздік кітап оқитын отбасы» қашықтан отбасы оқулары, «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Махаббат-адам өмірінің негізі» поэзиялық кештері қашықтан өткізілді. «Мұғалімдер күні» мерекесінің идеологиясын күшейту және мерекелеу, мәртебесін арттыру мақсатында «Ұстаз-Ұлы есім» мерекелік бағдарлама  ұйымдастырылды. «Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама»  тақырыбында ауқымды іс-шаралар өтті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай «Абай – өз халқының және барша адамзаттың баласы», «Абай – дана, Абай – дара қазақта», Мұқағали Мақатаевтың 90 жылды мерей тойына «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында поэзиялық кеш өтті. «Мектепке кітап сыйла» акциясы  «Бірге кітап оқиық!» ұранымен ұйымдастырылды. 

Ұлттық  тәрбие  бағыты   бойынша: «Бақытты балалық-қауіпсіз ортадан басталады» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарына қашықтан қауіпсіздік жадынамасы таныстырылды.  5-10 сыныптар арасында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы заттар көрмесі өткізілді. Мектепте ҚР стандартына сай  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1-қабаттың  фойесінде орналасқан. Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және өрісін кеңейту бойынша «Мемлекеттік рәміздер-кемел келешектің кепілі» тақырыбында қашықтан онкүндік өткізілді. «Ата өнері - балаға мұра» сырттай отбасылық шеберлік сабақтар, «Адамгершілік-басты құндылық» қашықтан дөңгелек үстел, «Ұлттық киімдер мен бұйымдар трендте» онлайн-дәріс, «Алтын асық» асық ату ойынын ұйымдастыру, «Ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз», «Әке, Ана -үш-ақ әріпті тіршілік. Үш әріптен үлбірейді гүл шығып» ұлттық тәрбие аясында отбасы бейнеролик байқауы, «Ананың ойы балада, баланың ойы ....» онлайн-дәрістер ұйымдастырылды. 

Отбасы  тәрбиесі   бағыты  бойынша: «Өнеге жобасы» аясында «Ақсақалдар  кеңесі», «Әкелер  мектебі», «Аналар  мектебі»   отбасылық  қоғамдық  ұйымдары   құрылып, іс-шаралар  жүзеге  асырылды. «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту жағдайы» қашықтан       ата-аналар жиналысы өтті.  «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы»  тақырыбында онкүндік        іс-шара өтті. «Отан отбасынан басталады», «Отбасы-адамгершіліктің алтын қазынасы», «Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлінің маңыздылығын арттыру мақсатында «Әкелер бізде қонақта» тақырыбында үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды.  Жыл бойы қажеттілігіне орай «Жас Ұлан» балалар ұйымының оқушылары жалғызбасты, қамқорлықты қажет ететін отбасыларға көмек берілді. 

Еңбек, экономикалық  және   экологиялық  тәрбие  бағыты   бойынша:  «Жасыл  ел»   бағдарламасын  жүзеге  асыруда   «Сыпатай елді мекенінде қыс мезгілінде жылыжайда қияр өсіру технологиясының ерекшеліктері мен мол өнім алудың бизнес-жоспары» мамандыққа бағыттау саяхат, «Мамандықтар әлемін ашамыз» витруалды саяхат, «Мамандықты таңдау-ертеңді ойлау» онлайн сұхбат, «Біргеміз: таза әлем» күзгі-көктем  мезгілдерінде   мектепте   абаттандыру, жасылдандыру және  тазалық  жұмыстары   уақытылы   өткізіліп, жеміс  ағаштары, көшеттер, гүлзарлар   егілді. «Қар барысын бірге сақтайық» сурет байқауы, «Darуn Eкo Art»  сурет және қолөнер байқауы өтті.  «Табиғат бесігі», «Өз жеріңді таны» қашықтан сынып сағаттары ұйымдастырылды. «Ағаш отырғызу ортақ іс»  атты   акция  барысында  мектеп   түлектері, ата-аналар   тарапынан  шырша, қайың, қарағаш, жеміс  ағаштары егілді. Мектептерге  жыл сайын 1 сыныпқа баратын оқушыларға арналған «Бір бала-бір ағаш»,  «Талмен бірге өсейік» ағаш отырғызу акциясы өткізілді, мектеп жанында қарастырылған жер телімдеріне, бірінші сыныпқа келген оқушылар ата-аналарымен тал отырғызды. «Жастар  қоқысқа  қарсы»   атты  сенбілік  акциясы   өткізілді.  Мектеп ауласын,  саябақтарды,  жол бойын тазалау жұмыстары жүргізілді. 

Көпмәдениетті  және   көркем-эстетикалық  тәрбие  бағыты   бойынша: «Гүлдер әлемінде», «Күзгі бақ» қашықтан суреттер мен күз мезгілінің фотосуреттер байқауы, «Күз кереметтері» сурет және қолөнер бұйымдарының  көрмесі,  «Күз көркі»,  «Күз бейнесімен селфи» табиғи заттар мен қалдықтардан жасалған композициялардан   көрме қашықтан ұйымдастырылды.   «Ұлы Дала мұрагерлері» ертегілерді, аңыздарды, оқиғаларды,  өсиеттерді,  эпостарды жатқа айту челленджі ұйымдастырылды. «Жас театр көрермесі» жобасы аясында «Жыл басы-Наурыз», «Ертегілер елінде»,  бейнебаяндар, «Домбыра-қазақ халқының жаны», «Ұлы Дала фольклоры» іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. 

«Көшбасшылар» мектебінің  жетекшісі бір педагог және құрамы тағайындалған. Ережеге сәйкес қосымша білім беру педагогтар  мектептермен тығыз байланыса отырып, әрбір ұйымдастырылған іс-шараларға   қатысуына ықпал жасайды. Әр түрлі формаларда іс-шаралар  қарастырылды. Мектептің  «Жас қыран»   және  «Жас  ұлан»   ұйымының   белсенді  мүшелерімен семинар, конференция, мастер-класс, коучинг, байқау, дөңгелек үстел,   кездесу және пікірсайыс түрінде өткізілді. Бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа шақыру мақсатында «Бірлік пен келісім» бірыңғай  қашықтан тәрбие сағаттар топтамасы жүргізілді.

Зияткерлік, ақпараттық   мәдениет    тәрбие  бағыты  бойынша: «Цифрлы мектеп» жобасы аясында «Интернет адамзат дамуына қауіп төндіреді, төндірмейді?» дебат,  «Озық ойлы ойшылдар» интеллектуалды  ойын, робототехникадан  «Пайдалы ойындар» тренинг өткізілді. «VISION» өзін-өзі басқару онлайн аумағы аясында сайыс, акциялар өтті.  «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік» онлайн кездесу ұйымдастырылды. Республикалық қашықтан өткізілген «Менің Отаным-Қазақстан», «Абай-дана, Абай-дара қазақта», «Байтақ елім Қазақстаным» блиц-турнирға білім алушылар қатысты. 

Дене   тәрбиесі, салауатты  өмір  салты   бағыты  бойынша:  «Салауат жобасы»   аясында салауатты  өмір   салтын  ұстану  дағдыларын   қалыптастырудың  кешенді, үздіксіз  және  тұрақты   жүйесін  құру  негізінде   іс-шаралар  жоспары  құрылып,   уақытылы  атқарылды. Сынып  бөлмелерінде, мед  кабинетте   арнайы «Денсаулық  бұрышы»  жасалынды. «Дені сау бала- ұлт болашағы» әлеуметтік желілер арқылы берілетін бейнеролик, «Біз спортпен біргеміз» спорттық би байқауы, «Тазалық таза ұсталған жерде», «Қауіпсіз орта күнделікті санитарлық талаптарды орындау»,  «СОVІD-19 коронавирус індетінен қалай құтыламыз?» түсіндірме жұмыс, Шахмат ойын арадагерлері Ш.Сарыүйсінбай «Шахмат стратегиясы»  онлайн кездесу, «Сау болу сәнді» ұранымен кіші футбол ойыны, баскетбол жарысы, «Жүріс санына арналған есептер» практикалық сабақ, «Біз АҚТҚ/ЖҚТБ -ке қарсымыз» (челлендж ұйымдастыру),  танымал спортшылар «Флешмоб» веб – квесті, Қашықтан би марафоны, «Менің денсаулығым-өз қолымда!» әлеуметтік челлендж, «Дені сау ұрпақ - ұлт байлығы» ақпарттық сессия, «Нашақорлық және оның зардабы», «Адамның иммундық жүйесі», әлеуметтік желілер арқылы бейнебаян, есірткі, қыз  баланың  гигиенасы, зиянды  заттар туралы   лекциялар,әңгімелер  өткізілуде. Оқушыларға  жол  жүру   ережесін  жақсы  білу   мақсатында  тақырыптық   сынып   сағаттар, сурет  байқаулары,  жарыстар, т.б.   іс-шаралар  ұйымдасырылып, өткізіледі.  Мектепте білім алушылыр үшін түрлі спорттық үйірмелер мен секциялар құрылған. Сонымен қатар, оқушылар арасында киберқауіпсіздікті сақтау үшін «Кибербуллинг» терминімен ақпараттық жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, оқушылардың ақпараттық кеңістікте өздерінің сауаттылығы орташа дәрежеде екендігі анықталды. Жыл басында және тоқсан қорытындысында ата-аналармен жалпы балалардың интернет желісіндегі қажетсіз, зиян келтіретін ақпараттармен алмасуы немесе жалған ақпараттарды тарататын желілерде отырмауы бақылауға алынуы туралы ақпараттық жиналыстар өткізілді. Білім алушылармен ақпараттық мәдениетті дамыту бойынша үнемі іс-шаралар ұйымдастырылды. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, туған  жерге отбасылық тәрбие  құндылықтары, сондай-ақ оқу  және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде барлығы (форум, кездесу, дөңгелек үстел, семинар, тәрбие сағаты, сурет, кітап көрмелері, пікірталас, спартакиада, флешмоб т.б.) 89 іс-шара өткізілді.

 

Мектеп директоры жайлы мәлімет 


Муратова Гульжамал Алметовна 1973 жылы 29 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауданы,  Ақтоған ауылында  дүниеге келген. Ақтоған ауылындағы № 4 мектебінде білім алған. Алматы қаласы Қыздар педагогикалық  институтының «Қазақ тілі және әдебиеті» факультетін күндізгі бөлімде 1995 жылы бітірген. Институтты бітірген соң, 1995 жылдың тамыз айында еңбек жолын қасиетті Сыпатай ауылында  №16 негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003 жылы директордың құқықты тәрбие ісі жөніндегі орынбасар,  2006 жылы директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 2014 жылдың  шілде айында осы мектептің директоры болып тағайындалды.



ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының иегері Martebe.kz білім порталында жас мамандардаң біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін  шыңдау   мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық «Жас маман» байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін    алғыс хатпен марапатталды;

Ауданымыздың білім беру  саласының дамуына қосқан қомақты үлесі мен  жас ұрпақты оқыту мен  сапалы  тәрбие беруде   жеткен жетістіктері үшін ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды;

«Өрлеу Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында өткен «Үздік жас маман - 2020» форумына мамандар дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды;

Аудандық «»ҮЗДІК ДИРЕКТОР» байқауында   оқыту мен  тәрбиелеуде  мектептің білім беру  жүйесін дамытудағы үлесі үшін І дәрежелі  дипломмен марапатталды; 

 

 

 

365 0
Муратова Гулжамал Алметовна, «№16 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Жамбыл облысы, Меркі ауданы мок № 001744
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: