Мектеп-алтын ұя. Әр адамның өмірінде бұл қымбатты сөз. Сан жылдар өтсе де, мектебің туралы естелік мәңгілікке өміріңнің жарқын парақтарындай есіңде сақталары сөзсіз. Білім әлеміне алқашқы қадамдарын басқан балғын бөбектерге ғылымның сырын ұқтырып, болашаққа жол бастайтын да - мектеп. 1988 жылы қыркүйек айының алғашқы күні Октябрь орта мектебі ашылды. 11.03.1992жылы Ақсаң орта мектебі болып өзгертілді. 2012 жылы Ақсаң жалпы орта білім беру мектебі болып өзгертілді.
2016 жылғы 24 қарашадағы №735 бұйрығына сәйкес «Баянауыл ауданы білім бөлімінің Ақсаң жалпы орта білім беру мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.
Ұстаз деген қызығы да қиындығы мол мамандықты таңдап, аянбай білім нәрін оқушыларға ұялата біліп, үлкен өмірге жол сілтеуші, осы уақытқа дейін құрмет пен зор алғысқа бөленген ардагер, ұлағатты ұстаздардың еңбегі зор. Ардагер ұстаздардың есімдері мектеп тарихының әр жылында сақталған.
Мектебіміздің гүлденуіне өз үлестерін қосқан, мектеп тарихында әр мектеп басшыларының есімі алтын әріппен сақталған ұстаздарымыз:
1.Мадкенова Марияш Жиенбаевна «Октябрь» бастауыш мектебінің директоры
2. Ыскаков Бөкенбай Төкенұлы 1964-1971 жылдар аралығындағы оқу ісінің меңгерушісі
3. Анафин Қаткен Жанахметович 1964-1970 жылдар аралығында мектеп директоры
4. Сыздықбеков Ақмұқан 1970-1976 жылдар аралығындағы «Октябрь» орта мектебінің директоры
5. Альжанов Қабыкен Альжанович 1976-1982 жылдар аралығындағы «Октябрь» орта мектебінің директоры
6. Кабытаева Қарлығаш Кабытаевна 1982-1987жылдар аралығындағы «Октябрь» орта мектебінің директоры
7 Ахмет Халел Айткенұлы 1985-1996 жылдар аралығындағы «Ақсаң» орта мектебінің директоры
8 Қоқышев Қуаныш Елемесұлы 1996-2007 жылдар аралығындағы мектеп директоры
9. Абдыкаримов Мереке Талқайратович 2007-2008 жылдар аралығындағы мектеп директоры
10. Қайырбеков Абзал Тлеуғабылұлы 2008-2011 жылдар аралығындағы мектеп директоры
11. Айтимова Рахат Максуткановна ахРр2011-2015 жылдар аралығындағы мектеп директоры
12. Жапаров Қуандық Бөкенович 2015 жылдан бастап мектеп басшысы.
Қазіргі таңда Павлодар облысының білім беру басқармасы
«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 108 оқушы білім алып, 32 ұстаз қызмет атқаруда. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары Республикалық, облыстық, аудандық түрлі сайыстар мен оқуларға қатысып жүлделі орындар алып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатып жүр. Мектебіміздің түлектері қазіргі таңда сан түрлі салада қызмет атқаруда.
Бүгінде мектеп – ол жаңа бейне, жаңа келбет, жаңа дәстүр, өзгеріс пен тұрақтылық. Өмір ағысы өзгеріссіз тұра алмайды, әр күннің өз жаңалығы бар.
Міне, бұл біздің мектебіміздің қысқаша тарихы. Бірақ мектеп тарихы әрбір оқушы және ұстаздармен өз жалғасын табады. Мектептегі әр күннің өзі ол - тарих. Оқушы мен ұстаз мектептің жаны, тіршілігінің тынысы. Мектеп жай ғана ғимарат емес, мектеп бұл-ұжым. Ал ұжымымыз достықты бағалайтын, бірлігі жарасқан, еңбекқор жандардан құралған. Осы бірлігіміздің арқасында көптеген жұмыстар атқарылып, мектебіміз көркею жолында.
Еліміздегі ертеңгі тізгін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз, басшы Жапаров Куандық Бокенович өз ісіне берілген жан. Ол үнемі ізденіске толы өмір жолында қарапайым мұғалімдіктен жаңа тұрпатты мектеп басшысына дейінгі өнегелі баспалдақтардан өтті. Жастайынан білімге құштар жан талай биіктерді бағындырды.
Жапаров Куандық Бокенович 14.02.1985 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылында дүниеге келді.1991 жылы Ақсан орта білім беру мектебіне 1 сыныпқа қабылданды. 2001 жыл Ақсан жалпы орта білім беру мектебін аяқтады. 2002 жылы Павлодар облысының Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжіне қазақ тілі және әдебиет мамандығына түсіп, 2005 жылы аяқтады.
2005 жылдан бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 2007 жылдан бастап тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 2008 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтты қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын бітірді.
2015 жылдан бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан жалпы орта білім беру мектебінің басшысының қызметіне тағайындалды.
Отбасында 4 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. Білікті басшы, ұлағатты ұстаз қос бестіктің жалына қол артып, ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз күндер мен түндерді артқа тастап, абырой биігінде келеді. Оның жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі әлі қоғамға берері мол.
Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөзі еске түседі. Осы бір аталы ұғым біз үшін әрқашанда басты ұстаным болуы шарт. Осы орайда мектеп басшысынан кейінгі, басты міндетті атқарушы мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары- Ойранбекова Замзагүл Ғапуқызы. Ойранбекова Замзагүл Ғапуқызы 1974 жылы 24 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ақсан ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Ақсан жалпы орта мектебін бітіріп, Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне түскен. 1996 жылы университетті бітірген соң, Ақсан жалпы орта білім беру мектебіне қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 4 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. 2013 жылдан бастап аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Ойранбекова Замзагүл Ғапуқызы – өз ісінің шебері, жан-жақты ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. Кәсіби әрекетті жаңашылдықпен жүзеге асыруға негіз болатын дамыта оқыту технологиясын толық меңгеріп, озық тәжірибелерді өз жұмысында түрлендіре пайдаланады.
Мұғалімдердің жетістігі
№ | Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты | Конкурс атауы, (диплом) грамоттасында жазылғаны | Алған орны | Аудан, облыс, республика |
1 | Кокишев Қуаныш Елемесұлы | «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі | «Құрметті спорт ардагері» медалімен | Республика |
2 | Жумангожина Гүлнар Карипбековна | Көп жылғы адал еңбегіңіз,өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесіңіз,қоғамдық қызметтегі белсенді өмірлік ұстанымыңыз үшін және ҚР Конституциясы күніне орай | Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы |
|
3 | Дюсенбаева Гульзираш Умирзаковна | ҚР Тәуелсіздік күніне арналған бейнелеу өнерінен білім беру қызметкерлері арасында өткізілген «менің Қазақстаным» атты XV облыстық шығармашылық сайыстың жүлдегері | 1 дәрежелі диплом | Облыстық |
4 | Бекмаганбетова Мирагуль жумабаевна | Облыстық қашықтық «Жыл тәлімгері» байқауында «Үздік жас тәлімгер» номинациясында | ІІ дәрежелі диплом | Облыстық |
5 | Касенов Аслан Кабдрахимович | «Орта білім беру мазмұның жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу –әдістемелік басылым» облыстық сайысының өңірлік кезеңіңде ІІІ орын алғаны үшін | Диплом | Облыстық |
6 | Әйткен Жоламан Төлеутайұлы | «Шымшыма Шығарма» Павлодар облысының тумасы, жалынды журналист,сатирик Жанат Тұрғамбекұлы атындағы облыстық шығармашылық байқауы | Грамота | Облыстық |
7 | Ойранбекова Замзагуль Гапуовна | Павлодар облысының білім беру басқармасының алғыс хаты | Алғыс хат | Облыстық |
Оқушылардың жетістігі
Оқушының тегі, аты, әкесінің аты | Сынып | Конкурс атауы, (диплом, грамотасында жазылғаны) | Алған орны | Жетекшісі |
Бақыт Мақпал | 1-7 сынып оқушыларының зерттеужобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде»ХVI республикалық конкурсының облыстық кезеңі | 3-орын | Турсаринова Б.Е. | |
Сағидолла Мансұр | 5 | «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасының 2 кезеңіне өткен | сертификат | Дарындылар балалар жетекшісі Касенов А.К |
Тәуекел Ернар | 5 | «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасының 2 кезеңіне өткен | сертификат | Дарындылар балалар жетекшісі Касенов А.К |
Нұрланқызы Жазира | 8 | Аудандық пәндер олимпиадасындаорыстілі мен әдебиеті пәні бойынша | 1-орын | Альжанова.Ж.У |
Мұхамеджан Назира | 8 | Аудандық пәндер олимпиадасында химия пәні бойынша | 1-орын | Жанбакирова.А.А |
Мұхамеджан Назира | 8 | «ЕРТІС ДАРЫНЫ» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ – өз қолында» облыстық экология саласындағы жобалар секциясында | 2 орын | Жанбакирова.А.А |
Даиржанова Балнұр | 8 | Аудандық пәндер олимпиадасында алгебра пәні бойынша | 1-орын | Каиржан .Ә.К |
Боранбай Ақбота | 10 | Аудандық пәндер олимпиадасында ағылшын тілі пәні бойынша | 2-орын | Турсаринова Б.Е. |
Сағидолла Айзада | 11 | Павлодар облысы мәдениет, тілдердідамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырумен «Отаным – бақыт ордасы » аттыжазба ақындар арасында өткен онлайн байқауында | 1-орын | Ойранбекова .З.Г |
Сағидолла Айзада | 11 | Білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында өткен ХХІ республикалық Абай оқулары | «Жас зерттеуші» номинациясы | Ойранбекова .З.Г |
Сағидолла Айзада | 11 | Балалар мен жасөспірімдердердің республикалық «Ақ желкен» журналы | «Жас тілшісі» | Ойранбекова .З.Г |
Сағидолла Айзада | 11 | Балалар мен жасөспірімдердердің республикалық «Ұлан» газеті | «Жас тілшісі» | Ойранбекова .З.Г |
Сағымбек Алмас | 11 | «ЕРТІС ДАРЫНЫ» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ – өз қолында» облыстық жылу электр және баламалы энергетика саласындағы жобалар секциясында | 2 орын | Касенов Аслан Кабдрахимович |
Жигерова Дильназ | 11 | «М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы» ұйымдастырумен Олжас Сүлейменовтың 85-жылдық мерейтойына арналған қашықтықтан өткізілген «Айналайын» онлайн бейне поэзия сайысында | 2 дәрежелі диплом | Альжанова.Ж.У Әйткен.Ж.Т. |
«Ерке» би тобы | «Қош келдің көктем» атты Республикалық өнер-білім байқауына қатысып Хореография номинация бойынша лауреат атанған | 2 орын | Бекмаганбетова .М.Ж | |
«Қызғалдақ» би ансамблі | VIII Халықаралық балалар,жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Самға әуен» өнер байқауында 11-14 жас аралығында Хореография.Эстрадалық би номинациясы бойынша өнер көрсеткен | 2 дәрежелі лауреат жүлдесі | Бекмаганбетова .М.Ж |
Бүгінгі мектеп оқушылары, ел тізгінін ұстар - ертеңіміз. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші де осылар. Білімнің дамуы - бұл қоғамның алға жылжуы, адамзат өркениетінің өнегелі өлшемі. Сондықтан 21 ғасырда кез келген елдің көзіне қарақ, көкірегіне шырақ болатын да, қоржынын қампайтып, қалтасын томпайтатын да - білім. Ал білімнің қайнар көзі - мектеп.