Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI140

Баланың тәрбиесіндегі салт-дәстүрлері

  Ең алдымен балаға тәрбиеден бастау керек. Соның ішінде адамгершілік   тәрбие–адамның рухани арқауы.    Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді . Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Ал осы отбасындағы бала тірбиесі, оның денсаулығына байланысты тамақ ішулері, отбасындағы мәселелер барлығы осы аналарымыздың мойнында деп ойлаймын. 

      Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс. 

    Қазақ халқы қандай да болмасын қуанышын жеке отбасы болып қана емес, көрші қолаңның туған туысың, ел жұртын жинап атап өтетін халық. Той думанның қуанышты хабардыңшысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйінші жеткізуші адамның көңіл күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші-қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Маысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты »деп хабар әкелген адамға« Қалағаныңды ал »деп, аяғын қуанышты қонақасына айналдырып жәбереді». Сүйінші дәстүрін шілдехана жалғастырады, «Шілдехана-жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады ». «Бесікке салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу халқымыздың бесік- қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бала өсе келе «Тұсау кесу» рәсімі өтеді. Баланың аяыеа тоқ ішекпен немесе ала жіппен баланың алдынан пышақпен жолын болсын деп үлкен апалар кеседі. Тоқ ішек- баланың өмірі тоқ болсын, ал ала жіп- біреудің ала жібін аттамасын, ақылды болсын деген оймен байлаған екен. Жіпті кескеннен кейін апаларымыз әндетіп «Қаз қаз балам қаз балам» әнін айтқан.

           Бала бес немесе жеті жасқа толғанда сүндетке отырғызған. Ол кезде баланы атқа отырғызып құрметтеп қошеметтеп үлкен ұлан асыр той жасаған. 

      Бала- бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі. Тәлім тәрбиені бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына еліне деген мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы срде дамитын үрдіс. 

196 0
ДӘУЛЕТИИЯРОВА НАҒИМА, №30 «Назерке» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000083
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: