Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1398

Оқушының өз бетімен білім алуын ұйымдастырудың тиімді жолдары

Білім беру нәтижелері оқушыларды мектепте оқыту процесінің соңғы өнімі болып табылады және білім алушы тұлғасындағы сапалы өзгерістерді дәлелдейді, оның мінез-құлқында, әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекет етуінде көрініс табады. 

 «Әрбір бала – бір  жұлдыз, өзіндік жеке

                                                      тұлға. Сол тұлғаны қалай қалыптастырсаң,

                                                      қалай  жарқыратсаң,  не өшірсең, ол сенің

                                                      қолыңда. Сондықтан мүмкіндігінше, мұғалім

                                                      әрбір оқушының жүрек кілтін тауып, аша 

                                                      білуі керек». 

                                                                                            Ы.Алтынсарин

 

Білім беру нәтижесін көрсету деңгейінің бірі – функционалдық сауаттылық, ол тұлғаның білім, білік және дағдылар негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты қызмет ету, нақты мәдени ортаға барынша жылдам бейімделу қабілеті ретінде анықталады. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Осыған орай, мемлекет басшысы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін атап өтті [3].

Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған, толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ өз тілегін, өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамытады.

Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады», — деп тұжырымдайды. Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бастысы  . Бұл  оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.

Әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуы сабақта оқу-тәрбие мәселелерін барынша дұрыс шешуге себі тиетіндерін, оқушылардың белсенділігі мен өздігінен іс-әрекет жасауын талап ететіндерін іріктеп алуға байланысты.

Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.

Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттырады.

Ұстаз баланың білім алуына емес, жанама ықпал ету арқылы ғана оқытуды ұйымдастырған жағдайда ғана сабақ нәтижесі жоғары болып, жаңа жүйе өз маңызын жоғалтпайды. Сонымен бірге мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Яғни, сабақта қарастырғалы отырған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, «Топтау» әдісін қолдануға болады. Тақырып бойынша жұмыс жүргізуіне «Жан-жақты сұрақ қою», «Джигсо»,  «Әлемді шарлау», «Автордың орындығы», «Әр қалыпты жазу (РАФТ)», «Торлы талқылау»,  «Зерттеу» т.б. Осы әдістермен өтілген сабақтарда қазіргі қоғамның басты талабы болып есептелетін шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды сапалы жүргізуге мүмкіндік бар. Алғашқыда дайын білім алуға тырысатын балалар енді жаңалық ашуға, өз қолымен ізденіп өнім жасауға ұмтылыс байқатады. 

Оқушының өзін-өзі тануға ұмтылғаны, ізденуі өз бетінше терең білім алуда, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда шығармашылыққа жетелейді. Оқушылардың өздігінен аткаратын жұмыстары білімді терең меңгеруде дербестік қасиетін мейлінше арттырады. Олардың алған білімінің кеңейгені саналылығы мен беріктігін камтамасыз етеді. Оқушыларда оқуға кажетті біліктер мен дағдыларын қалыптастыру үшін оқуға ынтасын арттырып, сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға алып келеді. Өз бетінше ойлауды дамытуға бағытталған жұмыстар белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды. Оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым – қатынастың жетіспеушілігін азайтады. Өз бетінше ойлауды дамыту іс-әрекеттері оқытудың тиімділігін арттырады, тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық қарым-қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен өз бетінше даралауды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 

        Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өз бетінше ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушының білім сапасын көтеру – негізгі мақсат. Өз бетінше жұмыс істейтін оқушылар қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білуі, ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыруы, алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылуы, өзін – өзі талдауды, өзін – өзі бағалай білуді меңгеруі, басқа оқушылармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білуі (интернет, электронды пошта), қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білуі қажет. Сондықтан,  мұғалім оқу сапасын соңғы нәтижеге, яғни білім нәтижесіне бағыттау керек. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңаша өтуі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады. Мектеп мұғалімдері өз бетінше жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет. Баланың өз бетінше қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының өз бетінше әрекетін дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. 

        Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың өз бетінше жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының   шығармашылық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Өз бетінше әрекет ететін оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін өз бетінше ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның өз бетінше қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоционалдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады. Мұғалімдердің тәжірибесі оқытуды мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы ретінде қабылдау, оқушының алдына мақсат қойып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту, өз бетінше талдау жасап, ерікті таңдауда оқушылардың өзін – өзі басқару, ата – аналармен ынтымақтастық құру ережелеріне негізделеді. Жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда өз бетінше көзқарасқа негізделген әдістер жүйесін құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінде, оқушының өз бетінше әрекет ететін моделін, қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын, өз бетінше әрекет ететін оқушыларға тапсырмалар дайындай білу қажет. 

Өз бетінше әрекет ету – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты шығармашылық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Өз бетінше әрекет ету – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Өз бетінше әрекет ету адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім жұмыс істеуінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Өз бетінше әрекет ету – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай- ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын шығармашылық үрдіс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Өз бетінше әрекет ету ерекшеліктерін таным мен ой жұмыс істеуінің сатысы ретінде зерттеу біліммен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Өз бетінше әрекет ету амалдарын қалыптастыру және жетілдіру үшін талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, топтау, заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу, құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасай алу қажет. Оқушы өз бетінше әрекет етуде икемді, сыни тұрғыдан ойланып, анық, дәлелмен ақпараттар дайындауды дамытуға икемделеді. Өз бетінше әрекет етуге тән осы сипаттар оқушылардың өз бетінше әрекет етуінің мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі. Өз бетінше әрекет етудің жүйелі түрде қалыптасуы тек оқуда ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Өз бетінше әрекет ету мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным жұмыс істеу барысында қалыптасады. Өз бетінше әрекет ету қасиетінің дамуы арқылы адамның танып- білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады. Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді. Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі іс-әрекеттерімен, шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды. Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде өз бетінше әрекет ету мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз. Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде өз бетінше әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог шығармашылық көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді, егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс өз бетінше әрекет ету мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ. Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арқылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады. Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады. Өз бетінше әрекет ету дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренудің, оқудың өсуі, мүмкін болғанша мол білімді және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады. Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше өз бетінше әрекет етуді дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу жұмыс істеу әрдайым қатар жүріп отырады.

Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұны құрылды. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Бұрынғы қолданған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс жасай алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе, Aлматы. 2005
  3. Қоянбаев Р.М., Ыбрайымжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан 2005
  4. Чепель Т.Л. Психологическое просвещение как путь к развитию креативности педагогов и их готовности к инновационной деятельности. Издательский центр «Академия», 201

 

5 747 0
Раушан Кәрім, Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000445
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: