Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI139

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕМІНДЕ

Түйінді сөздер: Абай шығармашылығы, қазақ халқының өмірі мен мәдениеті, өнері мен тарихы, философиялық тұнық ойлар, жаңаша білім беру, өскелең ұрпақ, ішкі рухани сезім, сабақта оқыпүйрету, сабақтастық, пәнаралық байланыс.

 АңдатпаАбай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болыпұрпақтар санасынан ерекше орын аладыАдамды сүйіп, адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі – адам, толық адам. Бұл баяндамада жаңаша білім берудің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері мен оның нәтижелері туралы, білім берудің соңғы жылдардағы үрдістеріне сай Абай шығармаларын кез келген сабақта пайдалану мүмкіндігі мол екені баяндалған. Ұстаздар өздерінің ұзақ жылғы жеке істәжірибелері мен содан түйген ой-пікірлерін ортаға салған. Мұғалімдердің жұмысы өмір бойы жаңа ізденістер мен талаптардан тұратынын дәлелдеуге тырысқан.

 Мұхтар Әуезов айтып кеткендей: «Өсер ұрпақкелер дәурентуар тарих қауымына» қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің мол мұрасын тастап кеткен болатынОның сырлы да көп адамға жұмбақ өлеңдерін кейінгі ұрпағы ешқашан ұмытпай, қадір тұтады. Себебі ол өз халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттай білді. Абай жолы халық жолымен, туған халқының тарихымен біте қайнап, бүгінгі күнге дейін бірге жасап келеді, әрі қарай жасай бермек.

 Ал осы Абайдың шығармаларын біз өз шәкірттерімізге қалай жеткізіп жүрмізБіздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес Абай шығармаларын кез келген сабақта пайдалану мүмкіндігі мол. Өйткені Абай шығармаларының тақырыбы әр алуан және құнды. Сабақты Абай өлеңдерімен ұштастыра жүргізу, оның шығармаларының құндылығын, өміршеңдігін айқындай түседі. Ақын «Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, Ұқсаңшы сыртын қойып сөздің ішін» дей отырып, сөздің ішкі мазмұнына көңіл қояды. Ол сондай-ақ жас ұрпақтар бойына ұлттық мәдениеттің дәнін егу үшін «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», «Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер» деп ұлағатты ой айтады. Абайдың осы сөздерін негізге ала отырып, бүгінгі өтіліп жүрген әдебиет сабақтарына ақынның адамға ауадай қажетті философиялық тұнық ойларын үнемі енгізіп отыруды дұрыс деп санаймыз. 

Біз өз сабақтарымызда ақын өлеңдеріндегі әсем көріністер тудырып тұрған қиыннан қиыстырылған айшықты сөздердітабиғаттыңжыл мезгілдерінің түрлі құбылыстарын оқушының жан дүниесіне жанды өміртіршілік-қозғалыс ретінде әсер ететіндей етіп қолданамызАқынның данышпандығы сонша – табиғатпен терең араласып, оны құшағына тұтас қамтып алған сияқты. Сөйтіп, бізді табиғатпен барынша байланыстырады. Ол өзін қоршаған күйін, жанды бояуын, іңкәр сәттерін күшті ақындық шеберлікпен көз алдыңа әкеледі. Мысалы, «Жаз» өлеңінде: 

Жазды күн шілде болғанда

Көкорайшалғынбәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда...

 Көшіп ауыл қонғанда...

 Қыз-келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап... – дей келетабиғаттың жанға жайлы көрінісінжайлауға көшіп жатқан ауылдың тұрмыс-салтынсұлу қыздардың үй тігіп жатқан суретін көз алдыңа еріксіз елестетеді

Ал «Күз» өлеңінде

Жасыл шөпбәйшешек жоқ бұрынғыдай

Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай... 

Жапырағынан айырылған ағашқурай... – деп күзді жазға қарама-қарсы қойып суреттейді

Сонымен қосаАбай табиғат пен туған халқының әлеуметтік жағдайын бірге бейнелейдіОның сыни көзқарасы «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңдерінде үстем тап өкілдерінің қаталдығын, дүниеқорлығын, сараңдығын осы мезгілдердің суықтығымен, бет қарытар аязымен қатар көркем аша білген. Міне, Абайдың осындай шығармаларындағы адамға, өмірге деген терең көзқарасы, болмыс, табиғат құбылыстарының сан түрлі сыры, өзгермелілігі, дамудың заңдылықтары зияткер ұрпақтың сыни тұрғыдан ойлай білуіне, түсінуіне жақсы ықпал етеді. Оқушылар «Дүние бір қалыпта тұрмайтынын, адамның қуаты, ғұмыры бір қалыпта тұрмайтынын», яғни бұл жалған дүниенің мәңгілік еместігін, уақытты дұрыс пайдалану керектігін ақынның барлық мұраларынан айқын аңғара алады. Олар Абайды оқу арқылы өздерін рухани күш, ақыл-парасатпен толықтырады.

 Біздің өмір бойғы ұстаздық мақсат-міндетіміз - Абай Құнанбайұлы өлеңдері мен әндерінің шығу тарихын «Абай жолындағы» ақын өмірімен байланыстыра отырып зерттеу және оның ішкі сезімінен туған әр туындысының үлкен тарих екенін шәкірттеріміздің санасына сіңдіру болдыОның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы Абай өлеңдері мен әндерінің шығу тарихынан мәлімет беру арқылы «Абай жолы» эпопеясының мазмұнын меңгерту, Абайдың ұлылығын, даналығын, сазгерлігін зерттеуге ынталандыру, оның шығармалары арқылы өскелең ұрпақ бойында адамгершілік, адалдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық сияқты ішкі рухани сезімдерін қалыптастыру болатын. 

Абай өзінің заманы мен замандасынан көрмеген сый-құрметті бізденөзі баулыған кейінгі ұрпағынан көрдіОның шығармашылығы, өн бойынан туған кез келген адамның ойында жатталып қалған, өшпейтін әндерінің шығу тарихы тереңде екенін ұқтым. Әрі 11-сыныпта Әдебиет пәнін оқыту барысында «Абай жолы» эпопеясындағы Абай өлеңдері мен әндерінің шығу тарихына оқушылар үлкен қызығушылық танытты. Осыдан келіп ақын шығармашылығын эпопеямен салыстыра отырып талдау жұмыстары басталып кетті. Олар әуелі Абайды ән шығаруға итермелеген мынадай себептерді анықтап алды: әнге деген құштарлық, адам өміріндегі әннің атқаратын қызметін жете түсінуі, ән - өнердің бір түрі екендігін сезінуі. 

Оқушылар содан кейін қазақ өлеңі мен әнінің көркемдік қасиетінадам сезіміне әсер етер күшін Абай өз өлеңдерінде асқан шеберлікпен суреттейтініне көз жеткізді: «Жүрек тербепоятар баста миды», «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», «Әннің де естісі баресері бар», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Әнді сүйсеңменше сүй». Бұл өлеңдерде ақын - құр ән тыңдаушы ғана емес, соншалық ынтыққан өнерімен өзіне зор ләззат, қуат алушы. Ән арқылы ол өткен өмірін еске түсіреді. Тағы да қайшылықты күндерін елестетеді. «Өткен күннің уларын ішіп», терең ойға шомады. Ол эпопеяда былай суреттеледі:

 - Мен сүйген мен күйгенді айтам. Сүйгенім оралмастай алыста. Ал айнымастан қасымда, жадымда қалар – жалғыз күйігім ғана... – деген апасы Мәкішке. [1, 296-бет] 

Оқушылар Абайдың лирикалық шығармалары ғашықтықтанмахаббаттан келіп шыққандығын терең талдау жасай отырыпсондай ішкі нәзік сезімінен шыққан «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлемқалам қас», «Желсіз түнде жарық ай», тблирикалық өлеңдерінесондай-ақаударма өлеңдерінің ішіндегі «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты» деген өлеңдеріне өзі ән шығарғандығын анықтадыҚазақтың халық әндерін сүйсіне бағалаған ақын өз әндерін де құр айғайға емес, ойшыл адамның мұңды сырын шертуіне лайықтап жазғандығын түсінді. 

Абай әндерінің шығу тарихы оның өмірімен тығыз байланысты екені баршамызға белгіліСондықтан «Абай жолын» оқыта отырыпАбайдың кең тараған әндерінің шығу тарихына оқушылармен бірлесе отырыпгеография пәнімен сабақтастыра отырыпзерттеу жүргіздік

 1. Аралтөбе – Бөрлі тауларымен қанаттас жатқан бөктер. Бұл жерде Абайдың қыстауы болған. Абайдың ақындық еңбегіндегі ең өнімді кезең – осы қыстауда тұрған жылдары. Аралтөбеде «Көзімнің қарасы», «Татьяна әні» дүниеге келсе, Бөрлі тауында «Сегіз аяқ» әні жазылған. Абайдың шығармашылығындағы аудармашылығы осы жерден басталған. Аралтөбе – Абай үшін ең жайлы да қолайлы мекен. Эпопеядан бөлек тағы бір дерек: 1921 жылы Әміре Қашаубаев Парижден келген соң, Абыралыда өткен бір басқосуда бірден Абайдың «Сегіз аяғына» басыпты. Себебі, Франциядан өкпесі қысылып келген әнші қазақ даласының кеңдігін сағынса керек. 

2. Қазақ даласында өнер шыңы бопөлеңән тауы боп орнағанАбай өлеңдерінің тағы бір атамекені – АқшоқыПушкиннің Татьянасы мен Абайдың Қаламқасы боп сыр шертісіп табысқан алтын ұя – Ақшоқы. Кейде «Қараңғы түнде тау қалғып», кейде «Желсіз түнде жарық ай» болып сәуле шашқан Ақшоқы. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні – 1892 жылы М. Ю. Лермонтовтың «Из Гёте» атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең - Абай аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі. Адамзат өмірі мен тылсым табиғат құбылысының арақатынасын, байланысын, тынымсыз харекет-өмірден кейін тыныштық аңсайтынын Абай да, Мұхтар да шебер суреттей білген.

 «Тып-тыныш жаздың таңы сар қабақтан баяу атыптүріліп келе жатқан шақта Абай мен Ербол Жәнібектен жөнеле берді... » [1, 279-бет] 

«Биікте» тарауында «Татьяна әнінің» қазақ даласына таралуы айтылады. Кең қазақ даласына Пушкин, Лермонтов, Крыловтар келіп, қазақ халқымен үндесе бастады. «Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор еткенде», Абаймен сырлас болған, малға ықтасын үшін жаралмай, адам үшін, Абайдай дана үшін жаралған Ақшоқы. Өткеннің қайғысы мен қасіретіне куә болған Ақшоқы. 1887 жылы Ақшоқыда жаңа ән таралып жатты». [1, 427-бет] 

«Ақшоқыда туған ән жатталыптарапсол күндердің бір кешінде ұйқысыз жатқан Құнанбайдың құлағына жеттіБір ызың ән, түн ішінен үзілмей соғады... «Тәңірі соққан», «Тәңірі соққан» деп басталатын сияқты. .. Нұрғанымды оятты...». 

3. Шілікті кезең – суы молтабиғаты аса көркемғажайып өңір«Абай жолындағы» осы жердің суреттелуі – ең таңдаулы үлгі десе де болғандай. [302-303-бет]. «... Қатты жел, тездеткен жауын Абайлар Шілікті кезеңге тақай бергенде, жауып та кетті. Жылы жауын. Жел басылған Орданың бөктері ал күрең бетеге жусанымен құлпырып тұр екен. Жас көктің жауын ішінде құлпыра түскен шат селін жүргіншілер тақыр жолмен жарып өтіп келе жатқанда, айналасынан жас жусан иісі үзілмей толқып желе отырды... 

Бұл өте ыстық қонысқадірлі қонысАбайдың сүйген жарыТоғжанның сыңарындай болған Әйгерімнің туып-өскен жеріОлардың кездесуі де – ғажайып құбылыс.» «...Шүкіман қысылып, қызғылт тартып жымиса да, жауабынан тартынған жоқ. Мөлдір, нәзік үнменен ақырын күлді де: - Ән бізде ғана ма екен?.. Қонақ кәдесі тағы бар ғой! – деп Абайдың өзіне қарап, тағы күлді... Абай іркілген жоқ...» [1, 310-бет] 

4. Қарауыл өзенінің тарихқа бай өлкесі - АқжарМұны «Тоғжанның Ақжары» деп те атайды. Тоғжанның ауылы осы Ақжарда жазға салым және күзде жайлайды екен. Бірде Ерболға Тоғжан: "Абай да кісіден қорқайын деген бе?" -деп мұңын шақса керек. Осы сәлемді ести сала, Абай Тоғжан аулына түнделетіп келеді. Бірақ аңдушылар көп болғасын, Тоғжанмен кездесе алмайды. Осыан байланысты "Желсіз түнде жарық ай" әні 1888 жылы дүниеге келген. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлемзия поэсындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онд пка, таз махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түны ... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзны дыбысы, осындайте сырлы, сұл түнд, әлдеқайдан естілген сазды әны , тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создатели айтақ астында сүйгенімен жолығуға айта астында сүйгенімен жолығуға асыан сұлу қыз жанды бейнедей уретелше лирикалық леппелит. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз - түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қызлы турай тек өлеңнің 3-шумағында аанада, онда 3-шумағында да анада, онда. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді. Бірақ келесі толқын әсем, тіпті жаныңды рахатқа бөлейтін суретке мүлде басқаша кейіп береді. онда да соңғы тармақтарда айтылады. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді. Бірақ келесі толқын әсем, тіпті жаныңды рахатқа бөлейтін суретке мүлде басқаша кейіп береді. онда да соңғы тармақтарда айтылады. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді. Бірақ келесі толқын әсем, тіпті жаныңды рахатқа бөлейтін суретке мүлде басқаша кейіп береді. 

5.  Шаған өзеніне жалғасқан ақ таулардың бірінде  " Қоңыр әулие "  деген үңгір бар Соның жанында Аққозы деген байдың ауылы мекендеген. Бір боранда, аң аулап жүрген Абай ауырып, адасып сол ауылға кездеседі. Тоғжан Аққозыға қалыңмалға сатылып келген болатын. Ауырып жатқан Абайды Тоғжан бір түн бойы күзетеді. Кейін Аққозының шешесі жолатпай қояды. Ақын он бес күндей осы үйде жатады. Тоғжанға арнап «Айттым сәлем, қаламқас» әнін шығарған дейді. «Әніңді айт, маған арнаған әніңді айт!» Дейді ... Абай асығады ... »[1, 485-бет].        

 « Айттым сәлем ,  қалам қас » -  Абайды дүниежүзі әдебиетінің өресіне көтерген туындыларының бірі         Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт - Абай тұсындағы оқыған өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат. Жігит үшін бүл дүниеде сүйгенінен артық ешкім жоқ. Бәрін соның жолына құрбан етуге әзір. Сол антының растығын сағынғанда көзіне келетін ыстық жасымен дәлелдейді. Өлең бірте-бірте ыстық ләззат сезімін тербеп, жан мен тән іңкәрлығына жетелейді. 

Оқушылар қазіргі уақытта ақынның  27  әнінің  36  нұсқасы нотаға түсірілгенін ,  Абай әнін зерттеп ,  нотаға түсірген А Жұбаны ,  А Затаевич ,  Б Ерзакович ,  Л Хамиди секілді сазгер ғалымдар жайлы мағлұмат алды               Сондай-ақ Абайдың «Тор жорға», «Май түні», «Абай желдірмесі» күйлерін жеткізген - Ғ.Сармурзина, Абай әнін қаза халқына таратушы Ә.Шәбденұлы, Ж.Шәбденұлы, М.йеееееееееы герев , Р.Стамғазиевтар туралы көптеген тарихи мәліметтермен танысты, Абай әндерін тұшына тыңдады. 

Абай өмірін  20  жылдан ас зерттеген ,  ол туралы  « Абай жол »  эпопеясын жазғана ,  өз өмірін Абайға арнаған Мұхтар Әуезовтің : « Мен Абай өмірінің тек шөміштей бөлігіна зерттедій »  дегені сияқты біз де Абайдың көңілг жыл ,  жүрегіңй махаббат сезімін ұялататын әндерінің шығу тарихының бір                               бөлшегіне ғана үңіле алдық    Абай жан дүниесін өз ұлтының тыныс-тіршілігімен байытса, келешек ұрпақ ұлы ақынның даналыққа толы шығармаларымен сусындайтынын аңғардық. Бұған А.Жұбановтың мына сөздері: «Өзінің табиғаты, рухы жағынан Абай әндері ұлттық сипатта, қазақ халық музыкасының дәстүрінде шығарылған. Абай қазақтың музыкалық қорын байытты ... Көргени, білгені көп, рухани жағынан Абай тек ән шығарып қойған жоқ. .. Ол өмір шымылдығының музыкамен ашылып, музыкамен жабылатынын, дүниеде музыкасыз ешбір кезең жоғын айтып кетті ... »және абайтанушы Ж. Ысмағұловтың мына пікірі дәлел бола алады: «Абайдың даналығы - сан ырлы, көп мағыналы, өмірдің өзіндей нақты және ақиқат ... ақын мұрасы ... -

 Абай  -  адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсінетін тұтасқан бір ғажайып әлемі Абай мұраларын жас ұрпаққа парасатты ой, зерделі санамен оқып-үйрету - әр ұстаздың қасиетті пары. Сөзімізді қорытындылай келе, Абай шығармаларын мектепте төмендегідей жолмен енгізуді ұсынуды жөн көрдік:         

-  Абай шығармаларын сабақ кезінде оқушылардың өзіне сыни тұрғыдан талдату         

-  Сабақ барысында сергіту үшін оның әндерін тыңдату       

- « Абай жолын »  оқыту кезінде оқушыларға Абайды өздері қалаған қырынан зерттетуге жұмылдыру          

-  Шәкірттеріміздің Абай туралы ізденуіне жағдай жасап ,  олардың азғантай да болса жазған еңбектерін жария ету             

Пайдаланылған әдебиеттер  

1.  М Әуезов Абай жолы Роман-эпопея. 4 томдығы. А., «Ана тілі», 1997 ж. 

 2.  М Әуезов . « Әр жылдар ойлары ». А., 1958.   

3. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. А., «Жазушы». 1986 г. 

4. «Қазақтың әншілік өнері.» А. «Өнер» 1999 ж. 170-б. 

5.  Ж Ысмағұлов Абай :  ақындық тағылымы А., 1994. 

 6. Абай тағылымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. А., «Жазушы», 1986. 

7. А.Жұбанов. Замана бұлбұлдары. А., «Жазушы», 1975 г.

397 0
РАЯ СМАГУЛОВА, Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000082
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: