Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1386

Қашықтықтан оқыту – заман талабы

Аңдатпа. Қашықтықтан оқыту қазіргі білім берудің өзекті мәселе.   

Оқу процесіне қашықтықтан оқыту құралдары  кеңінен енгізілуде. Сондықтан инновацияларды іздеу қашықтықтан білім берү үшін әдістер мен технологияларды әзірлеу. Атап айтқанда, ғалымдардың жұмыс жасайтын бағыттары:

  1. сабақтардың қарқындылығын арттыру;
  2. мазмұнын кеңейту;
  3. әр студенттің мүмкіндіктері мен тұлғаның мотивациялық-құндылық сферасын ескере отырып, траектория құру;
  4. студенттер өзіндік жұмысты жандандыру;

Қашықтықтан оқыту жақында пайда болғанымен, білім берудің маңызды элементі және перспективті педагогикалық технология ретінде ұсынылды.

Қашықтықтан оқыту әдістерінің тиімділігін одан әрі арттыру үшін кез келген пәнмен, соның ішінде ағылшын тілімен жұмыс жасау құралдарын құрудың біртұтас тұжырымдамасын әзірлейтін уақыт жетті. 

        Қашықтықтан оқытуды оқудың дербес формасы ретінде қарастырылуы керек, себебі оның дәстүрлі оқытудан айтарлықтай айырмашылықтары бар.

Мақсаты. Қашықтықтан оқытуды оқытудың жаңа формасы ретінде дәлелдеу және қашықтықтан оқытудың дамуы,   білім беру формалары және негізгі бағыттар берілген . Мақалада қашықтықтан оқытудың тарихы, түрлері, дәстүрліден айырмашылығы көрсетілген. Қолдану арқылы қашықтықтан оқытудың тиімділігі анықталды.

Түйін сөздер: Қашықтықтан оқыту, ағылшын тілі, білім; ғаламтор.

 

The article is devoted to the relevant problem of modern education – distance learning.  Distance learning tools are increasingly being implemented in educational process. Therefore, the search for innovations in development of methods and technologies for such classes. In particular, scientists work in such directions: 

increasing the intensity of classes; 

expansion of content; 

construction individual trajectories for each student, taking into account his abilities and motivational and value sphere of personality;

 intensification of independent work students. 

Although distance learning has appeared relatively recently, it has already become

a serious educational element, has established itself as a promising pedagogical technology. For further efficiency gains distance learning methods, it's time to develop a holistic concept creating tools for working with any discipline, including the English language.

Objectives. The main aim of the article is to justify and explain distance learning as a new form of learning. The author examines the forms of learning, the major directions of development of distance learning, shows the differences between the form of distance learning and the traditional one. The author points out that the effectiveness of distance education is determined. The article describes the types of distance learning, in contrast to traditional.

Distance education is proved to be regarded as an independent form of training. 

 

Key words: Distance learning, English, education, Internet.

 

            Бүкіл әлемді шарпыған пандемия жағдайында қажеттілік IT -технологияларды онлайн сабақтарда қолдану. Дәстүрлі сыныпты ауыстыру студенттерге білім беруде қашықтан оқытудың әр түрлі формалары пайда болды, электрондық оқыту және онлайн оқыту [1]. 

            Жалпы қашықтан оқыту (ҚО)дегеніміз компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беруде  қызмет көрсетудің маркетингтік көзқарастарын кеңінен қолданатын ғылыми-технологиялық революцияның жоғары технологиялық өнімі. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған  студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады.  Оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі [2]. 

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы [3].  

            Қашықтықтан оқытудың  тарихы  XVIII ғасырдың соңынан бастау алды. Европа елдерінде жаңа түсінік пайда болды - «сырттай оқыту», оны алғаш рет Исаак Питман енгізді, ол Ұлыбританияда стенография студенттеріне сабақ беретін. Алғашқы қашықтықтан білім беру университет Ұлыбританияда 1969 жылы ашылды. Студенттер оқу материалдарын пошта арқылы алып, мұғалімдерімен мен хат жазысып, сенімді адамға емтихан тапсырды.

Қазақстанда Қашықтықтан білім берудің даму тарихы 1998 жылы басталады. Бұл жаңалықтың флагмандардың бірі-Қазақ-Орыс университеті (КРУ)-да бастау алда. Білім берудің жаңа түрін жасаушылардың қатарында Астана қаласындағы Synergy университеті филиалының директоры, физика -математика ғылымдарының кандидаты, профессор Әбдіғали Джандигулов болды. Кәзіргі таңда елімізде қашықтықтан оқыту жүйесін білім берү саласында кеңінен қолдану, тілді оқытуды жандандыруға мүмкіндік беріп отыр. ҚО да студенттердің белсенділігі және студенттер  тобына қажетті білімді жедел жеткізүге, олардың іскерлің, шығармашылық, өзін-өзі басқара алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған [4].  

          Қашықтан оқытудың ерекшеліктері дістүрлі білім берүмен   салыстыру бойынша жетістіктерге де ие: 

  1. Жеке тұлғаның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі; 
  2. Икемділік (оқытудың уақытын, орнын, көлемінін білім алушының   күнтізбесіне сай жоспарлау);
  3. Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту және тарату;

Жаңа технологияларды қолдану;

  1. Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен);
  2. Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан); 
  3. Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

 

Қашықтықтан оқытудың уақыт пен кеңістікке тәуелсіз үдеріс екеніне, сандық технологиялар арқылы өз бетінше үздіксіз білім алып, сан алуан ақпаратпен алмасу мүмкіндіктерінің болуына, әлеуметтік жағдайына қарамастан еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім, ғылым жаңалықтарымен танысып, өз бетінше игеру құқығының бар екеніне, сонымен қатар өзіндік мақсат-міндеттері және оқушыларға өз бетімен оқып-үйренуге  тиімділігі айқындалды.

 

553 0
Мұханбек Меруерт Қайратқызы № 001628
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: