Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1382

МӘДЕНИ- ТАРИХИ ДӘСТҮРЛЕР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ БОЙЫНДА АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

      Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру әрқашанда қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені балалық шақ пен жасөспірім шақ - Отанға деген сүйіспеншілік атты  қасиетті сезімді сіңіруге ең қолайлы уақыт. Патриоттық тәрбие оқушылардың туған жерге, елге, оның табиғатына, ұлттық және төл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін біртіндеп қалыптастыру деп түсініледі. Ол ұлттық мәдениеттің бастауымен таныстыруға, өз халқы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, олардың жетістіктерін құрметтеуге бағытталған.

  Патриотизм-бұл Отанға деген сүйіспеншілік, өз Отанына адалдық, оның мүдделеріне  қызмет етуге ұмтылу, оны қорғауға дайындығы.

Патриотизм - мемлекеттің өміршеңдігінің моральдық негізі және қоғамды дамытудың маңызды ішкі жұмылдырушы ресурсы, белсенді азаматтық ұстанымы мен Отанға қызмет етуге дайындығы.

   Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді.                                                                                                                                                                                           Патриотизм мен азаматтылық өзара байланысты моральдық сезімдер мен мінез -құлық белгілерінің жиынтығын қамтиды: Отанға деген сүйіспеншілік; өз халқының дәстүрлерін ұстану және қадірлеу; туған елдің тарихи ескерткіштері мен әдет -ғұрыптарын құрметтеу; туған жерге деген сүйіспеншілік ; Отанның абыройы мен қадір -қасиетін, оны қорғауға дайындығы мен қабілетін нығайтуға ұмтылу; әскери батылдық, батылдық пен берілгендік; нәсілдік және ұлттық дұшпандыққа төзбеушілік; басқа елдер мен халықтардың мәдениетінің әдет -ғұрпын құрметтеу, олармен ынтымақтастыққа ұмтылу.

    Қазіргі уақытта мектептің алдында тұрған ең маңызды мәселе - бұл баланың санасында Отан, Туған өлке, Азамат, Патриот, Батыр сияқты ұғымдардың нақты бекітілуімен Қазақстанның  рухани дәстүрлерін жаңғырту. Білімді адам мен Қазақстан  азаматы үшін оның тарихын, оның рухани бастаулары мен дәстүрлерін білу, бүгінде болып жатқан барлық оқиғаларды түсіну үшін өте маңызды. Баланың тәрбиесі мен білімі біздің елде өскен бала, өз елінің тағдырына мүлде бей -жай қарамайтын азамат болып қалыптасуы керек.

    Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын. Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Парасатты қоғам құру, қазақстандық балалардың тәрбиесін қалыптастыру - әрбіріміздің қасиетті парызымыз болуы тиіс. Патриотизм -Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “қазақстандық патриотизмнің” еркшелігі қандай?. Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда,ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.

      Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. 

Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, кұбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады.

Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезеңде болмасын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шыққанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихың сақтар мен ғұндардан Қазақ хаңдығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланын рухы мықты болады.. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ержеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш, қуаныш сезімі орнайды. Себебі, балаға арғы атаң батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.

Қазақстан тарихы мен мәдениетінің терең және ежелгі тамыры бар. Біздің тарихымыз жеке емес. Біз әрқашан мақтан тұтатын аңызға айналған тұлғалар болған және бар, тұлғаларды  үлгі ете отырып  біз өз шәкірттерімізді тәрбиелеуіміз керек.

     Қазақ хандығының құрылуы еліміздің іргетасының құрылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1941-1945 жылдардағы  соғыста, фашизмге қарсы соғыста жеңіске жеткен ата-әжелердің, аға буынының орнын басатын жастардың санасы сіңіру және түсіну өте маңызды. 

Батырларымыздың есімдерін сақтау, рухани тазалықты сақтау - мемлекетіміздің дамуы мен оны қорғаудың маңызды шарттарының бірі.

Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. Тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көздейтін патриотизм белгілі бір уақытпен шектелетін науқандық шара емес. Сондықтан стратегия – патриоттық тәрбие жүйесін нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойындағы жоғары патриоттық сананы қалыптастыруды, өз елі үшін мақтаныш сезімін оятып, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтың борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға деген дайындығын тәрбиелеу мақсатын алға қояды. 

Патриоттық, тарихи сабақтармен байланыстыра отырып, оқушыларды әскери даңқ орындарына, қаланың көрнекті жерлеріне, өлкетану мұражайларына экскурсиялар  өткізу арқылы, тарихты баяндай отырып таныстырылса оқушының еліне жеріне деген қызығушылығы артады. Ұлы Отан соғысы тақырыбында ардагерлердің батырлығын үлгі ете отырып, шәкірттердің бойына елін-жерін қорғаған ата-бабалардың батырлығын, ерлігін дәріптеу.

   Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметгік және саяси жаңару жолыңда» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар аударып отыр. Осы жолда тарих пәні мұғалімдеріне жүктелетін міндеттер де баршылық.

 Кең байтақ қазақ даласын пана еткен тілі басқа болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі бір барша халықтың бойына қазақстандық патриотизмді дарыту өте-мөте маңызды дүние. Бүгінде бұл мәселе барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда.

    Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін» — дейді. Осы ұлағатты пікірді өзіме ту ете ұстап, ел тарихын, халық тағдырын ойлайтын егемен еліміздің патриот азаматтарын  тәрбиелеуде өз үлесімізді қоса берейік дегім келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. «Этнопедагогика» – Астана, 2005ж.
  2. Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында» Алматы 1999
  3. Е.Қайкенов. Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие
  4. Ақпарат құралдары

 

 

 

 

 


652 0
Абилбекова Эльвера Мейрамбаевна, Тарих пәнінің оқытушысы, Еуразия аграрлық колледжі № 001833
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: