Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1369

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ТИІМДІ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

 

Аңдатпа

Бұл мақалада ағылшын тілі пәнін оқытудың маңызы,тиімді әдіс-тәсілдері туралы айтылады. Ағылшын тілін оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін қолдану сөйлеу тәжірибесінің сапасын арттыруға және сөйлеу мотивациясының пайда болуына ықпал етеді. Презентациялар, пікірталастар, жобалық іс-шаралар, рөлдік ойындар - бұл әдістердің барлығы сабақ барысында бейресми атмосфераны танып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын ашады.

Түйін сөздер: білім, ағылшын тілі, интерактивтілік, бәсекеге қабілеттілік, диалог, пікірталас, ойын.

Аннотация 

В этой статье обсуждается важность и эффективные методы обучения английскому языку.Увеличить качество разговорной практики и способствовать появлению мотивации к разговорной речи способствует использование интерактивных форм и методов преподавания английского языка. Презентации, дискуссии, проектная деятельность, ролевые игры - все эти методики не только сознают более неформальную обстановку во время урока, но и раскрывает творческие способности учащихся, их интересы.

Қазіргі таңда сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға ғана  емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын ынтасы мен қызығушылығын оята алатын, білімді тиянақты меңгерте алатын  маман болуы  тиіс. Мұғалім үнемі  жаңашылдыққа дайын болуы керек. Білім сапасына, оны оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологиясына жоғары талаптар қойылып, оқушыны нағыз бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеу мен білім беру – жаңашыл ұстазға қойылар басты талаптардың бірі болып саналады.

Барлық дамыған елдерде оқыту:

  1. өздігінен оқуға;
  2. өзін-өзі тәрбиелеуге;
  3. қажетті ақпаратты өз бетімен алуға;
  4. проблемаларды бөліп көрсетуге және оларды шешу жолдарын іздеуге,
  5. алған білімдерін сыни тұрғыдан талдай білуге 
  6. оны жаңа мәселелерді шешуде қолдана білуге бағытталған[1].

Ағылшын тілі пәнін оқытудағы  басты міндеттер - білімді, бәсекеге қабілетті, үш тілде өз ойын жеткізе алатын болашақ мамандарды дайындау үшін білім беруде тиімді әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп отыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Ағылшын тілі пәні оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына да елеулі рөл атқарады. 

Ағылшын тілін  оқытудың әдістемелік жүйесі тәуелсіз, ашық, дамып келе жатқан жүйе ретінде қарастырылады, ол оқытудың ақпараттық-білім беру ортасымен өзара әрекеттесу барысында оқушылардың ағылшын тілін оқытудың нормативті және дараланған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 

Ағылшын тілін оқытудағы басты назар аударатын әрекеттерге мыналар жатады:

  1. Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.
  2. Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.
  3. Тапсырманы оқушының қабілетіне қарай беру.
  4. Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу[2].

Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.

Қазіргі таңда  педагогикалық процесті дамытуда және оқушыға білім берудің негізгі субъектісі мәртебесін беруге байланысты жаңа тәсілдер мен оқыту әдістері енгізілді. Осыған орай, оқытудың интерактивті әдістеріне тереңірек тоқталайық.

Интерактивтілік термині бүгінде техникалық тұрғыдан да, педагогикалық тұрғыдан да қолданылады. Бірінші жағдайда интерактивтілік - бұл қолданушымен өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға арналған бағдарлама интерфейсінің қасиеті. Екінші мағынада интерактивтілік термині оқытудың бірқатар әдістерін сипаттағанда қолданылады, бұл жағдайда мұғалім мен оқушы әрекеттесуі. «Интерактивті» сөзі ағылшынның «interact» - өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету сөзінен шыққан.

Интерактивті оқыту, ең алдымен, топтағы диалогтық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған. Интерактивті әдістердің артықшылығы - олар ағылшын тілін қолдану кезінде психологиялық тосқауылды жеңуге мүмкіндік береді және оқушыларға оны қолдану тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы жаңа дағдыларды игере отырып, оқушылар мұғалім   ұйымдастырған сабақ формаларына үлкен ынтамен қатысады, онда оқу уақытының едәуір бөлігі сөйлеу практикасына арналған[3].

Оқытудың интерактивті әдістеріне дәстүрлі түрде презентация, сұхбаттасу, рөлдік ойындар, пікірталастар, ой қозғау, практикалық мәселелермен конкурстар және оларды кейін талқылау, жоспарлар мен жобалар жасау, шығармашылық іс-шаралар өткізу, мультимедиялық компьютерлік бағдарламаларды пайдалану және ағылшын тілінде сөйлейтін мамандарды тарту кіреді.

Оқытудың пікірталас формалары - мақсатты және жүйелі түрде пікір алмасу. Негізгі шарттар - пікірталастың бір сұрақ немесе тақырыппен шектелуі. Талқылау барысында айтылған кез-келген ой дәлелді болуы керек.

Рөлді ойын. Мектеп оқушылары үшін сыртқы әлемнен алған әсерлерді өңдеу тәсілі. Рөлдік ойындарда қарым-қатынасқа қажеттілікті дамыта отырып, ойлау мен қиялдың, эмоционалдылықтың, белсенділіктің ерекшеліктері айқын көрінеді. Рөлдік ойын тұлғаны дамыту үшін өте маңызды[4].

Оқушыларға арналған ең қызықты интерактивті ойындардың келесі мысалдарына тоқтала өтсем. Тақырып бойынша сөздік қорды және сөздерді орынды қолдануды көздейтін ойындар ұсынылады:

  1.  Grab a minute –  интерактивті картаға жазылған терминді сипаттау үшін оқушыға  1 минут уақыт беріледі. Қатысушы осы пән немесе термин туралы, оның мәні, қолдану мысалдары туралы көбірек ақпарат беруі керек. Карточкада көрсетілген тақырып немесе термин туралы неғұрлым толық және дәйекті ақпаратты ұсынған оқушы  жеңімпаз болып табылады.
  2. An item description - интерактивті карталарда көрсетілген сөзді немесе сөз тіркесін сөздің өзін   атамай немесе қимылдарды қолданбай сипаттау қажет. Бұл жағдайда оқушылардың қалған тобы белсенді рөл атқарады, олар сөзді болжауы керек.
  3. Chain story - логикалық ойын, қиял мен даралықтың көрінісі. ойынның мәні - алдыңғы оқушының ойын жалғастыру[5].

Ағылшын  тілі сабағының әр түрлі кезеңдерінде оқытудың интерактивті технологияларын қолдану - бұл оқушылардың тілді үйренуге деген ынтасын арттырудың әдісі ғана емес, сонымен қатар сыныптағы атмосфераны жақсарту, бұл оқушылар мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсінушілікке ықпал етеді.

Жалпы алғанда, ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі тек қана өзінің пәндік саласын меңгеріп қана қоймай, ағылшын тілі   пәнін оқытудың тиімді жолдары мен ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетік меңгеріп, оқушыларға сапалы білім беруге жағдай жасауы тиіс. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Кулагин П. Г. Межпредметные связи в обучении. – М.: Просвещение, 1983.
  2. Федорова В. Н., Кирюшкин Д. М. Межпредметные связи – М., Педагогика, 1989
  3. Колягин Ю.М., Алексеенко О.Л. Интеграция школьного обучения // Начальная школа. 1990. № 9. С. 28–32.
  4. Леонтьев А.А. Преподавание иностранного языка в школе: мнение о путях перестройки // Иностранные языки в школе.- 1988. -№ 4
  5. Махмутова Е.Н., Батина М.Г. Интегрированный урок по теме "США: Природа, города, население, сельское хозяйство"

 

 

2 205 6
Базарбаева Майра Макамбаевна., «Шарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі № 001830
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Алтынай
8 февраля 2022 16:55
Иә, ағылшын тілі сабағында қолдануға болатын әдістер өте көп. Солардың барлығы да тиімді брла бермейді. Әдіс таңдауда өзекті мәселелерді мақалаңыздар біле алдым. Рахмет.
Кулайша
8 февраля 2022 20:16
Ия оте жаксы тасил деп ойлаймын. Бала тек агылшын тилин менгерип кана. коймай жане озинин ойлау кабилетин де арттыра тусери анык. Баланын кызыгушылыгы да артады. Жарайсын
Макамбай
8 февраля 2022 20:26
Осылай тажирибе алмасып отру кажет. Мине кандай керемет тажирибелер уйренип алу кажет.. Осындай макалалардын коп болуы калар едим. Рахмет. Саттилик тилеймин
Акерке
8 февраля 2022 20:36
Макаланыздан коп нарсе уйрендим. Рахмет. Озиме керек нарсени алдым деп ойлаймын. Макаоанызда оте керекти адистер коп. Жане макаланызды кутемин
Гулбану
8 февраля 2022 20:49
Оте жаксы озекти маселе тасилдер бар екен макаланызда келешекте тасилдеринизди колданамын. Тажирибенниз оте жогары екен.макала ушин рахмет
Мурат
8 февраля 2022 20:59
Агылшын тилин уйрету курдели маселе.осылай тиимди адистерди билу керек.макаланызда ынгайлы озекти маселелерли копсетипсиз.рахмет