Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1368

Тәуелсіздік тұғырым

    Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман!Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.Қаншама ғасыр бойы ата-бабаларымыздың армандап келген тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Қаншама көз жас,қаншама боздақтарымыздың қаны төгілді.Егерде сол желтоқсан ызғары болмағанда,бұлай емін-еркін өмір сүрмес едік.Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты.Желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас.  Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. 

   «Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай кең десеңізші!Ол  өлең, ол  ән, ол   сұлулық, ол  асқақ арман, ол шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, сәттілік, достық, сыйластыққа жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті ұялатады.Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық далалары,қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты өлке, құт-мекеннің мәртебесі жоғары, тұғыры биік. Солай дей отырсақ та бүгінгі таңдағы әлем мойындаған Қазақстанмен еркіндікті аңсаумен бодандықта болған Қазақстанды салыстыру қиын. «Өз-өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады»,- деп Георгий Александров айтқандай, еліміздің қашан да тәуелсіздікті аңсап, тәуелсіздік жолында тынбай күресуі нәтижесінде ешкімнің ықпалына көнбейтін қуатты мемлекет болып әлем сахнасынан көріне бастадық. Дегенмен бізге бұл оңай жолмен келе қойған жоқ. Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жіберсек, еліміздің ел болып қалыптасуына мыңдаған жылдар кеткеніне көз жеткіземіз.Тәуелсіздік үшін тоқтаусыз күрестерді санап тауыса алмаспыз.Сонау батырлардан,хандардан бастау алады.Соңы жастардың қайсарылығымен аяқталады.Сол жүрегінде жалыны қайнап тұрған жастардың арқасында бүгінде бейбіт өмір кешіп жатырмыз.Еш уайым қайғыдан адамыз.Осындай бейбіт өмірде дүниеге келген сәбидің арманы болмас.Қазақ халқының іргесі сөгіліп, бірлігі мен ынтымағы кетпеуі жолында қаншама адам тер төкті.Қазақ елінің де басына бозторғай жұмыртқалайтын күннің туатыны анық еді.

     Мен осындай елде туып-өскенімді мақтан тұтамын. Басқалардың қолы жете бермейтін тәуелсіздіктің бізге келгені-үлкен мақтаныш, дәреже, бақыт. Бүгіндері Қазақстан Республикасы тәуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенемін.


199 0
Саркулова Айгерим, «Алтын-Ай» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі № 001829
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: