Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1346

Мектепке дейінгі балалардың психологиялық дамуының мәні

 

Мектепке дейінгі жас – ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдекбиеттерде оқиғалардың әр алуандығы ретінде көрсетіледі. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктеріосы ойын үстінде қалыптасады. Л. С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басыныңі дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Балоа ойын арқызлы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірбиені меңгерудегі алғы шартты, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайыпболып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген білгенімен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескекн кейбір жағдайларды өзіндік қабылдауымен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естілелді». С. Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял- бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу»- деп түсіндіреді. Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді. Атақты психолог Л. С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді. Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басындың дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады: бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді. Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сондада заттық байланыстың ролі бар. Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғары формасы – ой-пікірден оның іске асуына байланысты. Біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апартын көп жолдың бірі болды. Тілі және қиялы жақсы дамыған балақызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі. В. С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа балалармен және олардың бенелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуымен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құрауға жетелейді. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бпла сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтардыойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалалы. Сондай-ақ, мектепке дейініг шақта зейіннің, естің, қиялдыңдамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзіндік қабылдаумен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сиат ала алмайды. Бала бір нәрсеге назар аударатындай, көргені мен есігенін жадында сақтайтындай, бұрын қабылдағанның аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мүндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сиатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғаназейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. 

Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастардыбөлу мен пайдаланудыталап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда,, құрастыруда, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттердіжай ғана пайдаланып ғана қоймайды, жаңа нәтиженлер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңындакейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауы тиіс. 

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін тәрбиеші тиісті жұмыстар жүргіщзіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасыпп жатады.

2 606 0
Есмұратова Гүлшат Есбергенқызы, Созақ ауданы «Айшуақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі , Түркістан облысы № 001740
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: