Аннотация
Баяндамада бүгінгі таңда білім сапасын көтеру үшін, оқытудың негізгі тәсілі-зерттеушілік оқытудың қажеттілігі туралы ашық көрсетілген.Болашақта бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде зерттеушілік оқыту тәсілінің маңыздылығы айқын көрсетіліп баяндалған. Оқушылардың деңгейін анықтауға бағытталған тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізіліп,экспериментке дейінгі мен эксперименттен кейінгі білім сапалары салыстырмалы түрде көрсетілген.
Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек
М.Жұмабаев
Білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі-білім алушы шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.Білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету ,қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. «Білім негізі-бастауыштан» деген қанатты сөздің мәніне үңілетін болсақ,онда нағыз шындық жатыр.Бастауышта сауат ашу,тіл дамыту,өзін қоршаған ортаны ғылыми негізде тану,дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудың алғашқы білім негіздері қаланады.Демек,бастауыш сыныптардағы білім беру мен тәлім-тәрбиеге ерекше мән берілу керек.Әсіресе,өз беттерінше зерттеуге ,ізденуге,шығармашылық жұмыстар жасауға,өздігінен ой қорытынды жасауға үйрету.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауларында «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан»[1], «Қазақстанның экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында[2], мектепке дейінгі,мектептегі білім беруге баса назар аударғаны баршамызға аян.Зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән аясы тар мамандарылған қызмет ретінде емес,кез келген саладағы қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге белсене араласатын тұлғаға тән құбылыс.Қазіргі кезде мектептерде зерттеушілік жұмысына көп мән беруде.Сондықтан білім мазмұнының негізгі мақсаты оқушыны білім,білік және дағдымен қаруландыру емес,оқу әрекеті арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру,зерттеуге,ізденуге бағыттау және әрбір оқушының мүмкіндігін ескеру.
Қазіргі кезде білім алушылардың жазба жұмыстарын тексеру барысында бірқатар олқылықтар бар екені байқалады.Мысалы:
- Білім алушылардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмайтындығы;
- Бағдарлама,оқулық,оқу құралдарындағы оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да,тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;
- Білім алушылардың мәтін құру кезіндегі тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы;
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;
- Сөз таңдау қабілетінің төмендігі,бір сөзді ретсіз қайталай беруі;
- Білім алушының құрған мәтініндегі сөйлемдердің бір-бірімен байланыспауы;
Мен,зерттеу жұмысымды 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығының Ғылыми кеңесі ұсынған(2006),авторлары ЖексенбаеваҮ.Б.,п.ғ.д.Игенбаева Б.Қ.,Ниязова Г.Б. «Оқушыларды зерттеушілікке оқытудың негіздері» атты әдістемелік құралды негізге ала отырып жүргіздім.
Зерттеу мақсаты
Қазақ тіліндегі сөздерді байланыстырып сөйлеудің маңыздылығын теориялық тұрғыдан негіздеп,әдістемесін дайындап,тәжірибеден өткізіп,әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері
-философиялық ,психологиялық әдебиеттерді оқып,тақырып тұрғысынан талдау жасай отырып,жүйелеу арқылы оқушыларды қазақ тіліндегі сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін айқындау;
-білім алушылардың байланыстырып сөйлеу деңгейінің қазіргі жайын саралау;
-білім алушылардың байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалардың қолайлы мазмұнын,көлемін,әдістері мен құралдарын ұсыну;
-ұсынылған әдістемелік жүйенің,жаттығулар мен тапсырмалардың ұтымдылығын ғылыми жоба арқылы дәлелдеу;
Зерттеу болжамы
Қазақ тіліндегі сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады:
-білім алушылардың жазбаша байланыстырап сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай(Аудио,визуальдік,компьютерлік және электорндық оқу құралы арқылыт.б.) жүргізілсе;
-егер білім алушыға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік, дағдылар нақтыланып,мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде меңгерілсе;
-пікірін ашық айтуға дағдыланса;
Мәселенің деректі көзі
-тақырыпқа байланысты әдебиеттер;
-ғылыми-әдістемелік материалдар;
Зерттеу әдістері
-әдебиеттерге теориялық талдау;
-тестер,тапсырмалар:
-жоба барысына және нәтижесіне баға беру,нәтижелерін өңдеу әдісі;
Ғылыми жобаның жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы
-қазақ тіліндегі сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретудің тәсілдер тізбегі дайындалды;
-қазақ тіліндегі сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретудің тәсілдері тәжірибеде жүзеге асырылды;
Практикалық базасы
-№1 Қандыағаш қалалық ЖББОмектебі
Мұғалім үшін негізіг нәтиже-баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес, оны өз бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмыс,жаңа білімі мен білігі,жай орындаушы ғана емес,анық шығармашыл психикалық жаңа көзқарасы.
Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:
· оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;
· нақты нұсқауларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;
· талқылау кезінде баға беруге асықпау;
· білім алу барысында оқушыларға көмектесу;
· өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну;
· оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға,шыдамдылық танытуға үйрету;
Зерттеу процесі мынадай бірізділікте көруге болады:
· зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау;
· зерттеу тақырыбын таңдау(зерттеу міндеттерін анықтау)
· зерттеу әдістерін таңдау;
· зерттеуді жүргізу(ақпаратты жинау өндеу ,бақылау,эксперимен)
· алынған материалды талдау және тарату(алынған белгілі ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру)
· қорытынды ,есеп беруге дайындалу(негізігі түсініктерге анықтама беру,зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау)
· презентация жариялау(қорғау және сұрақтарға жауап беру)
· аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау,рефлексия;
Оқушылардың білім деңгейін анықтауға бағытталған тәжірибелік-педагогикалық эксперимент Ақтөбе қаласы,Сазды орта мектебінің 2 «а» 22 оқушы,,2 «ә» сыныптары,барлығы 20 оқушы,барлығы 42 оқушы.Тәжірибелік –педагогикалық эксперимент 3 кезеңнен тұрады:
· анықтаушы эксперимент
· қалыптастырушы эксперимент
· бақылау эксперимент
Зерттеу кезеңдерінің негізгі мақсаты-зерттеу жұмысын жүйелі бірізділікпен алға қою.Мақсатқа бағдарлай жетелейтін жұмыстарды нақтылы белгілеп жүргізу деп түсінген жөн.
Тәжірибелік-педагогикалық материалдары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-ші сыныпқа арналған математика материалдар Жексенбаева У.Б. «Организация научно-исследовательской деятельности школьников»,Савенков А.И. «Психологические основы исследовательского подхода обучению»және п.ғ.к,профессор С.Е.Қаңтарбайдың «Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қалыптастыру» еңбектері негізінде дайындалды.
Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады деген тұжырымға сүйене отырып,есептің құрамы,есепте неше сұрақ бар екендігін оқушылардың қаншалықты білетіндерін,білмейтіндерін анықтау мақсатында мынандай топтама тапсырма ұсынылды:
Анықтаушы эксперимент нәтижесі(эксперимент және бақылау топтары)
№ | топтар | тапсырмалар | |||
Әңгімелеу мәтінінің құрылымын сызбаға салу.
| Мәтінде қайталанып келген сөздерді табу | Шығармашылық ізденіс.Мәтінді құрастыруға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін іздестіру. | |||
1 | эксперимент тобы | 42% | 45% | 61% | |
2 | бақылау тобы | 28% | 39% | 11% | |
айырмашылығы | +14% | +6% | +50% | ||
Эксперимент топ білім алушыларына мәтін арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар дайындалып,беріліп тәжірибеден өткізіп,қорытынды шығарылды.
Қалыптастыру эксперимент нәтижесі(эксперимент және бақылау топтары)
№ | топтар | тапсырмалар |
| |||||
Мәтін түрін анықтап,сызбасын көрсету | Мәтінді түзету,қалпына келтіру.
| Шығармашылық ізденіс.Мәтінді құрастыруға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін іздестіру. | ||||||
1 | эксперимент тобы | 78% | 90% | 87% | ||||
2 | бақылау тобы | 55% | 72% | 50% | ||||
айырмашылығы | +23% | +18% | +37% |
| ||||
Бақылау эксперимен нәтижесі(эксперимент және бақылау топтары)
Эксперимент нәтижесін анықтау мақсатында алғашқы және соңғы нәтижелері салыстырылады.Тапсырма көрсеткіштері кестеде берілген.
тапсырмалар № | эксперимент тобы | айырмашылығы | бақылау тобы | айырмашылығы | ||
экспериментке дейін
| эксперименттен кейін |
| экспериментке дейін | эксперименттен кейін |
| |
1 | 42% | 78% | +24% | 28% | 55% | +27% |
2 | 45% | 90% | +45% | 39% | 72% | +33% |
3 | 61% | 87% | +26% | 50% | 50% | +0% |
Кесте бойынша берілген тапсырмаларға алынған жауаптарды салыстырғанда эксперименттік тобында барлық көрсеткіштер бойынша айырмашылық бар.Осыдан шығатын қорытынды,эксперименттік топта білім сапасы жоғары.Демек,мақсатты жүргізілген жұмыс өз нәтижесін беретіндігін дәлелдеді.
Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент нәтижелері төмендегідей:
- оқушыларға берілген көмекші нұсқаулар,үлгілер,жаттығулар,тапсырмалар оқушылардың белсенді іс-әрекетін, өз бетінше жұмыс істеуін ,шығармашылық ойлауын жетілдіреді;
- эксперименттік оқыту барысында эксперимент сынып оқушыларының білім сапасы бақылау сынып оқушыларының білім сапасына қарағанда нәтижелі болады.Оқушылардың есеп, теңдеу белгілерін,құрымдылық ерекшеліктерін саналы ұғынған сайын,оны өз тәжірибесінде қолдануы,яғни есеп,теңдеу құруға,өз ойын жүйелі түрде жеткізу біліктілігі жақсарады;
- зерттеушілік оқыту тәсілі жұмысы біртұтас әдістемелік жүйе ретінде қарастырылады.Бұл жүйе оқушыға жаттығулар туралы түсінікті қалыптастыра қана қоймай,олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді;
- эксперимент нәтижелері ұсынған әдістеменің тиімділігі дәлелдеді;
-қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалынды.Анықтаушы эксперимент материалдары үш топтамадан құрылды.Тапсырмалардың орындау нәтижелері сандық және сапалық кестелерге түсіріліп отырды.Оқушылар өткен материалдарға байланысты сұрақтардың жаңғыртылып отыру қажеттілігін сезіне бастады;
Зертеушілік оқыту тәсілдерінің маңыздылығы:
- сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі;
- бос отырған оқушы болмайды;
- әркім өзінің білім деңгейін біліп,оны жетілдіруге ұмтылады;
- қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады,пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады;
-зерттеу дағдысы қалыптасады;
Тапсырмаларды орындау үшін төменднгідей ұсыныстар беріледі:
- басшылыққа алатын құжаттарды терең меңгеру;
- әрекет, оқу әрекеті және тұлға туралы терең білу;
- жетекші 4 ұғымдарды(ізгелендіру,демократияландыру,саралап,даралап) басшылыққа алу;
- оқулықтардағы тапсырмаларды зерттеу;
- жеке оқушының мүмкіндігін ескеру,оқу тапсырмаларын соған қарай бағыттау;
- оқушыларды жаттығуларды талдауға үйрету;
- жаттығу құрамымен танысу,оның мәніне түсіну;
- жаттығудың тақырыпқа байланысты сұрақтарды еске түсіріп орындату,игерту;
- екінші кезекте өтілген сұрақтарды еске түсіріп,оны орындату;
- жаңа және өткен материалдарға байланысты тапсырмаларды бөлек беру;
- білімдерін үнемі жаңғыртып отыру қажет;
- тапсырмаларды күрделендіру қажет;
-болашақта пәнаралық,пәнішілік,сыныпаралық байланыстарға,зерттеушілікке көңіл аударған жөн;
Қазіргі таңда өз ана тілінде таза сөйлеу-әрбір адамның ұлттық мақтанышы,жан азығы.Өз тілін,өз ата-бабасын,өз топырағын менсінбеген ұрпақтан жақсы азамат шығады деп айтуға болмайды.Сондықтан мемлекетіміздің даму барысында ана тілінде таза,мәдениетті,дұрыс сөйлейтін ұландарды тәрбиелеудің рөлі орасан зор.Бірқатар ғалымдардың сөйлеу мәдениетін дамыту жөніндегі пікірлеріне сүйенетін болсақ,тіл білімнің атасы А.Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын ,қандай сымбатты кескінді суреттер болсын,қандай әдемі ән болсын-сөзбен сөйлеп,суреттеп көрсетуге болады»,-деген. «Сөйлеу-интелектің даму каналы»,-деп тұжырымдайды К.Д.Ушинский ізбасары,белгілі әдіскер Н.Ф.Бунаков.Әдіскер-ғалым С.Рахметова білім алушылардың сөздік мәдениетін дамытудың негізгі 3 бағытын көрсеткен.Олар:
1.Оқушылардың сөздік қорын дамыту(жаңа сөздер үйрету,мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақ).
2.Сөз тіркесі,сөйлемдермен жұмыс.
3.Байланыстырып сөйлеуге үйрету,ауызша,жазбаша әңгіме,мәнерлеп оқу,мазмұндама,шығарма жазу.
Қазақ тілінде жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде білім алушы сөйлемнің мәніне,мағынасына көңіл аудара отырып,ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де,өз ойын байланыстырып,жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.Қазіргі кезде білім алушының тілдік-қатысымдық дағдысын жетілдіруде оқытудың экрандық,аудио,визуальдық құралдары маңызды орын алады.Білім алушы танымы жаңа деректер мен хабарлар арқылы қалыптасады.Түрлі аудиомәтіндер тыңдату,сол мәтіндер бойынша шығармашылық тапсырмалар беру,интерактивтік тақта арқылы бейнефильмдер көрсету білім алушының өз ойын байланыстырып,жүйелі жазуға үйренуіне ықпал етеді.
Пайдаланған деректер көзі
1.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Егемен Қазақстан.-2003.-№ 332-333.-3-7 б.
2.Байтұрсынова.Тіл тағылымы.-Алматы:Ана тілі,1992.-448 б.
3.Әдікәрім Т.М. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері:пед.ғыл. докторы...дисс.:13.00.02.-Алматы:Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2007.-298 б.
4.Гиндин С.И.Внутренная организация текста:Элементы теории и семантический анализ.Автореф.дисс.канд.филол.наук:10.02.19.-М.,1972.-23с.
5.Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы».(1998 жыл 5-қазан)
6.Тілдерді қолдану мендамудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
7.Ожегов Л.И.Лексикология.Культура речи/Л.И.Ожегов.-М.:Высшая школа,1974.-352 с.
8.Құрманова Н.Қазақ мектебінде сөз тіркесі синтаксистік дамыта оқыту технологиясы.-Ақтөбе,2004
9.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,1992
10.Даулетбекова Ж.Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-//Атамұра//,1990
11.Қазыбеков С.Қазақ тілін методикасы.-Алматы,1990
12.Исабаев .Қазақ тілін оқыудың дидактикалық негіздері.А.-1993
13.Қазақстан мектебі 2008 № 8, 18-22 б.